Президент Тоқаев елдегі игерусіз жатқан ауылшаруашылық жерлерін келер жылдың ортасына дейін толықтай айналымға енгізуді тапсырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы жердің иесіз жатуы елдің экономикалық дамуына тежеу екенін айтты. Сондықтан соңғы екі жылда игерілмеген немесе заңсыз иемденген 13,5 миллион гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Алайда, осы жердің жартысына жуығы ғана жаңа иесін тапқан. Әкімдіктер небәрі 6 миллион гектарды қайта үлестіріп, қалған бөлігі әлі күнге дейін бос жатыр. Тоқаевтың айтуынша, осы қайтарылған жерлер инвестиция тартудың, жаңа жұмыс орындарын ашудың әрі ауылдағы шағын өндірістің ошағына айналуы қажет. «Жер қадірін білетін, еңбектің бағасын түсінетін адамдардың қолына өтуі керек», – деп президент нақты талап…
Автор: Асылхан Бөрібай
Петербор форумында Тоқаевпен пікір таластырып, Қазақстанның Донецк пен Луганскіні мойындаудан бас тартуын ашық сынаған RT бас редакторы Маргарита Симоньян ауыр науқасқа шалдыққанын мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Ресейлік журналист Владимир Соловьевтің «Россия 1» арнасындағы авторлық бағдарламасына қатысып, ауыр дертке шалдыққанын, 8 қыркүйекте күрделі операция жасататынын айтты. «Осы аптада дәрігерлер маған ауыр, қорқынышты диагноз қойды. Ертең операцияға жатамын», – деді Симоньян. Ол денсаулығының нашарлағанына қарамастан, эфирге шығып, майданда жүрген әскерилер мен олардың отбасына қолдау көрсетуді жөн санағанын жеткізді. Сондай-ақ, журналист өзінің күйеуі, режиссер Тигран Кеосаянның тоғыз айдан бері комада жатқанын да еске салды. «Орыста «бәле келсе қақпаңды аш» деген сөз бар ғой. Біздің үйдің…
Қазақстанда балалар денсаулығын қорғау мен қауіпсіздігін сақтау мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елде балаларға арналған медициналық көмекті күшейту, соның ішінде онкогематологиялық аурулар кезінде көрсетілетін мамандандырылған көмекті дамыту бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында балалар онкогематологиясына жүйелі қолдау көрсетілуде. Негізгі назар материалдық-техникалық базаны нығайтуға, дәрі-дәрмекпен қамтуды жақсартуға және балаларға арналған ұлттық онкогематологиялық орталық құруға аударылған. Соның арқасында диагностика мен емдеудің жаңа тәсілдері практикаға енгізілді. Қазір иммуногистохимия, иммунофенотиптеу, онкомаркерлерді анықтау, сүйек пен жұмсақ тін саркомалары кезінде жоғары дозалы химиотерапия, 3D-модельдеу және «өсіп келе жатқан» эндопротездерді қолданатын ағза…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Жолдау жасанды интеллект және цифрлық даму, инвестиция тарту, туризмді дамыту, су және инфрақұрылым, спорт және тағы басқа салаларды қамтып отыр. Жолдауда көтерілген бұл мәселелердің барлығы қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға және олардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, Президент дүние жүзі түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңыздылығын айтты. Жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғырту, ол үшін, ең алдымен, Цифрлық кодексті…
2025 жылғы 8 қыркүйекте Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті. Шарада қоғамдағы келісім мен этносаралық ынтымақтастықты нығайтуға қатысты өзекті мәселелер қаралды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға мемлекеттік органдар өкілдері, этномәдени бірлестіктер жетекшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен жастар қатысты. Сессия барысында аудан әкімі, аудандық ҚХА төрағасы Талғат Ескендірұлы Байеділов Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмалардың аудан деңгейінде қалай орындалып жатқанын баяндады. Басқосуда Ассамблея мүшелері де өз бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды. Облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Гүлнар Сағатқызы Жошыбаева, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Талғат Смағұлұлы Мұқашев, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің өкілі Зоя Кайсаровна Магамадова,…
Маңғыстау облысындағы мұнай-газ кәсіпорындарында жүргізілген тексерулер ел назарын өзіне аудартқан қылмыстық істің ашылуына себеп болды. Қара алтынды тасымалдап, миллиардтаған қаржы айналатын салада ашықтық пен адалдықтың сақталмауы көп нәрсеге әсер етеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Oil Transport Corporation» ЖШС қызметінде жабдықты қабылдау кезінде ірі заң бұзушылықтар анықталып, іс сотқа дейін жетті. Прокуратураның тексерісі кезінде бұл оқиғаның артында жай ғана техникалық қателік емес, әдейі жасалған заңсыздықтың жатқаны анықталған. Тергеу барысында кәсіпорынның бас директорының орынбасары мен мердігер компанияның екі өкілі ұсталып, кінәлары дәлелденді. Олар мемлекет қаржысын жымқырып, саланың беделіне нұқсан келтіргені үшін жауапқа тартылды. Сот шешімі бойынша бас директордың орынбасары 3 жылға бас бостандығын…
Түркістан облысында энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасын жүзеге асыру үшін 2025-2029 жылдары аралығында жалпы құны 164 миллион теңгеге жуық инвестиция тарту жоспарланған. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ақтілеу Бекмұратов баяндады,деп жазады Ertenmedia.kz. – Жаңғырту жұмыстары төрт жыл бойы кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Инфрақұрылымдық жүйелерді жаңалау мақсатында инвесторлар есебінен жылумен жабдықтауға – 20,08 млн теңге, электр желілері үшін – 100,8 млн теңге, су жүйелеріне – 34,5 млн теңге, кәріз жүйелеріне – 8,4 млн теңге тарту жоспарланған. Қазіргі таңда өңірдегі электр желілерінің 57 пайызының тозығы жеткен. Ұлттық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 2029 жылға қарай…
Президент Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түбегейлі жаңарту туралы нақты тапсырма берді. Оның айтуынша, Қазақстанға капитал үшін әлемдік бәсеке күшейіп тұрғанда ірі инвестицияларды тартудың жаңа әрі тиімді жолдарын табу қажет деп хабарлайды Ertenmedia. «Елімізге ірі көлемдегі инвестициялар ауадай қажет. Жаңа инвестициялық циклді бастайтын уақыт келді. Қазіргі саясатты табысты деп айту қиын. Инвестициялардың басым бөлігі шикізат секторына бағытталған. Бұл жаман емес, бірақ ендігі міндетіміз өңдеуші өнеркәсіпке қаржы тарту», – деді Мемлекет басшысы. Президенттің пікірінше, Үкімет инвестициялық саясатты қайта қарауға тиіс. Қажет болса, жоғары технология саласында жұмыс істейтін инвесторларға ерекше жеңілдіктер берілуі керек. «Сонымен қатар мемлекеттік инвестициялар да, жеке сектор бастамалары да бірдей…
Президент Тоқаевтың бір палаталы парламент құру туралы ұсынысы түрлі пікір туғызып жатыр деп жазады Ertenmedia. Саясаттанушы Досым Сәтпаев бүгінгі ұсыныс биліктің алдағы транзит кезеңіне дайындық амалы болуы мүмкін деп топшылайды. Айтуынша Қазақстан секілді унитарлы мемлекет үшін қос палаталы парламент ережеден гөрі, ерекшелік. 90-жылдардың басында экс-президент Назарбаев пен Жоғарғы Кеңес арасындағы тартыстан кейін 1995 жылғы Конституция бойынша екі палаталы парламент пайда болды. Сол кездегі Сенат биліктің «сақтандыру клапаны» рөлін атқарған еді. «Тоқаевтың қазіргі ұсынысы парламенттік жүйені демократияландыруды көздемейді. Керісінше, жаңа билік транзитіне дайындық секілді. Себебі бір палаталы парламенттің спикері автоматты түрде президенттен кейінгі басты фигураның біріне айналады. Яғни, елде экс-президенттер үміт…
Президент Тоқаев Парламентті бір палаталы ету халықаралық тәжірибеге сай шешім екенін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның сөзінше, Мәжілістің қазіргі құрамы өз мерзімі аяқталғанша заң шығару жұмысын тұрақты атқара береді. Сенаттың қызметі референдум өтіп, жаңа парламент сайланғанша жалғасады. Президент саяси партияларға осы уақытты сайлауға тыңғылықты дайындалуға пайдалануды ұсынды. Сондай-ақ депутаттарды ел тағдырына қатысты ауқымды өзгерістерге жауапкершілікпен қарауға шақырып, мұндай реформа халықпен ашық талқылануы тиіс екенін атап өтті. «Тек ашық диалог арқылы әділетті әрі қуатты Қазақстанды бірге құрамыз», – деді президент. Толығырақ телеграм-арнамыздан оқыңыздар.










