Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Түркістан облысының Шардара ауданында адам сенгісіз қатыгез оқиға болды. Денсаулығы нашар қарт әкесін аяусыз соққыға жығып, көшеде сүйреген ер адамның әрекеті жұртты шошытты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен. Бейнежазбада ірі денелі жігіттің егде жастағы кісіні қан-жоса күйінде көшеде сүйреп бара жатқаны анық көрінеді. Куәгерлердің сөзінше, ер адам өз әкесін аяусыз ұрып-соққан. «Ұлы ауыр науқас әкесін қан-жоса етіп сабап тастады. Дәретханаға өзі бара алмайтын қария қорғансыз күйде қалып, туған ұлынан қорлық көрді. Бұны отбасы деп айту қиын, бұл – азап, бұл – нағыз қылмыс», – дейді оқиға куәгерлері. Видео астына пікір қалдырған тұрғындар осы сәтте үй шаруасымен…

Толық оқу
Тоқаев Ақорда

Ертеңгі Президент Жолдауына байланысты ел ішінде түрлі әңгіме желдей есуде. Саясаттанушы Ербол Еділов осыған қатысты көзқарасын білдірген екен. Ertenmedia сарапшы пікірін қаз-қалпында ұсынады. Саясат сахнасындағы соңғы күндердің дүрбелеңі алдағы Президент жолдауымен тұспа-тұс келді. Әдетте жаңа саяси маусымның беташары саналатын бұл шара биыл депутаттар сессиясынсыз, бөлек өтіп отыр. Мемлекет басшысы дәл сол кезде стратегиялық маңызы зор сапармен Қытайда болды. Жолдаудың жыры бөлек, оны болжау мен долбарлау бөлек әңгіме. Алайда биылғы баяндама қарсаңында ақпарат алаңы аласапыранға айналып, жұрт назарын аудартқан тосын оқиғалар көбейді. Оның ішінде Сыртқы істер министрі әрі вице-премьер Мұрат Нұртілеудің «қамауға алынғаны» туралы таңғаларлық хабар мен бұрынғы Бас прокурор Қайрат…

Толық оқу
Altay танк Түркия

Түркия соңғы он жылда қорғаныс өнеркәсібін дамытуда айтарлықтай ілгеріледі. Соның ең басты дәлелі отандық негізгі жауынгерлік танк Altay-дың сериялық өндірісін жолға қоюын атап айтуға болады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл түрік әскери өндірісінің бүгінгі күндегі ең ірі әрі стратегиялық маңызы бар жобасы. Танктің жасалуы үшін арнайы жаңа зауыт салынып, онда корпустан бастап соңғы бұрандасына дейінгі барлық бөлшектер шығарылды. BMC Defense компаниясы салған зауытта танктің жүрегі саналатын BATU қозғалтқышы да өндіріледі. Кезінде Түркия жылдар бойы Еуропа мен Кореядан қозғалтқыш сатып алып келген-ді. Енді қуаты 400-ден 1500 ат күшіне дейінгі отандық қозғалтқыш жасау ісі жолға қойылды. Altay жобасының тарихы да оңай емес. Әуелгі…

Толық оқу

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Наурызбай ауданындағы салынып жатқан әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысып қайтты. Сапар барысында мектеп, балабақша мен емхананың құрылыс барысын көріп шықты. Құрамыс шағынауданында әкімнің орынбасары «Bazis Construction» ЖШС салған 1500 орындық жайлы мектепке барды. Бейбіт Шаханов Құрылыс басқармасына мектепті Білім басқармасының иелегіне өткізуді жеделдетіп, 15 қыркүйекке дейін инженерлік және коммуникациялық желілерді іске қосу жұмыстарын толық аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, осы шағынаудандағы ауысымына 500 адам қабылдайтын емхананың құрылысын көрді. Мұнда «MIR-A Construction» ЖШС монолитті жұмыстар жүргізіп жатыр. Сапар барысында әкімнің орынбасары жұмысшылар санын арттырып, құрылыс-монтаж жұмыстарының қарқынын күшейтуді міндеттеді. Бұған қоса, Құрамыс пен Шұғыла шағынаудандарында 320 орындық балабақшалардың,…

Толық оқу

Қазақстан садақ атудан әлем чемпионатында 32 жылдан кейін тарихи жүлдеге қол жеткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Instagram парақшасында мәлімдеді. Министр Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары мен жаттықтырушылар құрамын әлемдік додадағы табысты нәтижемен құттықтады. Жаһандық бәсекеде Аделя Жексенбинова, Виктория Лян және Роксана Юнусова ел намысын абыроймен қорғап, мергендік шеберлігі мен мінезін көрсетті. Осы жетістік арқылы Қазақстан садақ ату спортынан ұзақ үзілістен кейін қайтадан әлем чемпионатының жүлдесіне қол жеткізді. Ербол Мырзабосынов өз жазбасында Мемлекет басшысының тапсырмасымен елде спорт саласын жаңғырту жұмысы жүріп жатқанын да атап өтті. Оның айтуынша, қолға алынған өзгерістер саланың тиімділігін күшейтіп, жаңа…

Толық оқу

Orda.kz-тегі дау басылар емес. Порталдың бас инвесторы әрі 70% үлесіне иелік ететін Мақсат Ғаниев бас редактор Гүлнәр Бажкенованың әрекетіне қатқыл үн қатты, деп жазады Ertenmedia.kz. Бизнесменнің айтуынша, ол Orda.kz порталына қаржы құйғанымен, редакция ісіне араласпай келген. Алайда уақыт өте келе бұл жоба тек шығын мен шырғалаң әкелген. «Бажкеновамен басында ортақ мәмілеге келгенбіз. Мен порталдың бастапқы кезеңіне қаражат бөлемін, ал ол редакциялық саясатты өзі жүргізеді деп келістік. Бірақ жыл өткен сайын одан қайтарым болмады, тек шығын мен жанжал ғана алып келді. Әуелде түсініспеушіліктерді өркениетті түрде шешуге тырысып, келіссөзге заңгерлерімді де жібергенмін. Алайда нәтиже болмады. Ақыры ол өзінің жариялылығын пайдаланып, қарсы тарапты қаралауға…

Толық оқу

Белгілі журналист, «Аңыз адам» және «Жұлдыздар отбасы» журналдарының бас редакторы Жарылқап Қалыбай көмекке мұқтаж, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұзақ уақыттан бері бауыр обырымен күресіп жатқан журналистің еміне қаражат жинау жарияланды деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл туралы қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбай әлеуметтік желіде жазды. «Таралымы жүз мыңнан асатын журнал шығарып, оқырмандар арасында 20 ат пен түйені сыйлыққа үлестірген адамның қаржылай қиындыққа тап боларын кім білген? Қазір ол шағын зейнетақы мен II топтағы мүгедектік бойынша алатын жәрдемақыға ғана күн көруде. Жарылқап ұзақ уақыт бойы өз ауруының асқынғанын аңғармаған. Бір жылдан астам уақыт ем қабылдап, екі шағын операция жасатса да, ауру тоқтамаған. Қазақстан, Түркия, Үндістандағы ем…

Толық оқу
Түркістан

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ордабасы ауданына жұмыс сапарымен барып, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын нақты нәтижеге қарай бағалады, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесу формалды есептен гөрі, ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалын ашық талқылаған жұмыс жиынына ұласты. Аймақ басшысы барлық деңгейдегі әкімдер мен басқарма жетекшілеріне жауапкершілік пен нәтиже негізгі өлшем екенін ескертті. Ордабасы ауданының әлеуеті жоғары. Алайда сол мүмкіндікті нақты өсімге айналдыру үшін қағаз жүзіндегі есеп емес, көзге көрінетін қайтарым қажет. Осыған байланысты облыс әкімі ауылдық округ әкімдерінен бастап аудандық басшыларға дейін жұмысты нәтижеге бағыттауды тапсырды. Оның айтуынша, кей жағдайда жобалар орындалды деген есеп болғанымен, нақты әсері байқалмайды. Нұралхан Көшеров әр ауданның табысы мен…

Толық оқу

Түркістан облысында жас мемлекеттік қызметшілерге арналған ерекше дәріс өтті. Бұл жолғы кездесу ресми жиыннан гөрі өмір мектебіне ұқсас болды – себебі жастар алдында қызмет жолының ыстығы мен суығын бірдей көрген, тәжірибесі мол тұлға, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев сөз сөйледі. Дәріс ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметке алғаш қадам басқан мамандарға арналды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Ертай Кенжебекұлы өз сөзінде мемлекеттік қызметті жай ғана мансаптың баспалдағы ретінде емес, елге адал қызмет етудің миссиясы ретінде қабылдау керектігін айтты. Ол өмір жолындағы мысалдар арқылы жастарға ең басты…

Толық оқу

Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданындағы бірқатар өнеркәсіп нысанын аралады. Жұмыс сапары барысында Алматы көпір құрылымдары зауытына, «Almaty Mai» кәсіпорны және «405 Авиажөндеу зауытына» барды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Ең әуелі қала басшысы 1963 жылы іргетасы қаланған Алматы көпір құрылымдары зауытына барды. Қазіргі таңда кәсіпорын жол, көпір, тоннель, әуежай және түрлі өндірістік нысандардың құрылысына арналған 360-тан астам темірбетон өнімін шығарады. Зауытта 450 адам еңбек етеді. Зауыт еуропалық стандарттарға сәйкес көпір блоктарын және жаңа үлгідегі теміржол шпалдарын шығаратын инновациялық желілерді іске қосқан. Дархан Сатыбалды мұндай кәсіпорындар қаланың ғана емес, тұтас елдің көлік инфрақұрылымын…

Толық оқу