Автор: Асылхан Бөрібай

Қазіргі қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болып саналады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында басқарушы органдар алдына әрбір азамат өзін қорғауда сезінетін және мемлекеттік институттарға сенетін тиімді қауіпсіздік жүйесін құру міндетін қойды. Бүгінде Қазақстанда Үкімет бұл жұмысты кешенді түрде жүргізуде: қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіліп, цифрлы технологиялар енгізілуде, заңнама жетілдіріліп, мемлекет пен қоғам арасындағы әріптестік нығайтылуда,- деп хабарлайды Ertenmedia. Мемлекет басшысының Жолдауы және өзге де тапсырмаларында қойылған міндеттердің орындалу барысы туралы толық ақпаратты Primeminister.kz сайтында жарияланған шолудан оқыңыздар. Құқықтық тәртіпті және патрульдік қызметті күшейту ҚР…

Толық оқу

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Оңтүстік Кореяның Пхёнтхэк қаласының әкімі Чан Чан Сон Қонаевта кездесіп, іскерлік әріптестікті талқылады. Кездесудің басында аймақ басшысы бұл сапардың екіжақты ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды екенін атап өтті. – Биыл Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде мемлекеттеріміз көптеген салада сенімге негізделген шынайы әріптестік орнатты. Өткен жылдың маусым айында Корея Республикасының Президентінің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары ынтымақтастыққа жаңа серпін берді. Сондай-ақ, елдеріміздің көшбасшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікке бейілділігін растады, – деді Марат Сұлтанғазиев. Әкім облыстың әлеуметтік-экономикалық және инвестициялық әлеуетін таныстырды. Оның айтуынша, Алматы облысы-Қазақстандағы ауыл шаруашылығы мен туризмнің…

Толық оқу

Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл мереке – елдің тәуелсіздігі мен құқықтық мемлекет құндылықтарын айшықтайтын маңызды дата. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, ардагерлер, қоғам қайраткерлері мен жастар қатысты. Салтанатты шарада Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өз сөзінде Ата Заңның мән-маңызына ерекше тоқталды. – Осыдан отыз жыл бұрын бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Конституция – Тәуелсіз Қазақстанның берік тұғыры. Ол елдің бірлігін нығайтып, қоғамдағы тұрақтылықты орнықтырды, әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын қорғаудың сенімді кепіліне айналды, – атап өтті өңір басшысы. Сонымен қатар, НариманТөреғалиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияның тарихи маңызына берген жоғары бағасын да…

Толық оқу

Патох Шодиевтің аты шыққан істерге үңілген сайын, посткеңестік кеңістіктегі олигархтар феноменінің қаншалықты күрделі әрі даулы екенін байқайсың. Патох ака сонау 1998 жылдың өзінде былыққа батып үлгерген бейбақ екенін біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін. Айтайық, сол кездері «Tractebel» компаниясына қатысты жанжалдан кейін Шодиев өзін құтқарып қалудың ерекше тәсілдерін іздей бастайды. Бельгияда тергеу жүріп жатқан шақта, Шодиев Кука аралдарында International Financial Bank Limited деген офшорлық банк құрады. Әдетте мұндай лицензия алу үшін адамның құқықтық тазалығын дәлелдейтін ресми құжат қажет. Ал Шодиев бельгиялық әділет органдарына жүгінбей, бұл құжатты Қазақстанның Бас прокуратурасынан алды. Бұл фактіні Trustnet компаниясының мәліметтер базасы да растауда. Осылайша ол «B»…

Толық оқу

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында BASF Mining Solutions техникалық қызмет зертханасының ашылу салтанаты өтті. Бұл Орталық Азияның тау-кен-металлургиялық саласын дамыту аясында жүзеге асырылып жатқан ауқымды ғылыми жоба, деп хабарлайды Ertenmedia. Айтулы шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер бойынша проректоры Алина Галеева, «BASF Орталық Азия» ЖШС бас директоры және «Тау-кен өнеркәсібіне арналған шешімдер» бағытының жетекшісі Ростислав Камкин, BASF компаниясының EMEA және Орталық Азия аймағы бойынша аймақтық бизнес-директоры Мильяна Спасич, сондай-ақ BASF Орталық Азияның тау-кен-металлургиялық саласындағы клиенттері мен серіктестері және бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты. Жаңа зертхана минералды шикізатты өңдеу және гидрометаллургия салаларында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ тау-кен өндірісінің тиімділігін арттыратын инновациялық…

Толық оқу

Ішкі істер министрлігі ірі кикшеринг компанияларын қауіпсіздік шараларын күшейтуге міндеттеді. Бұдан былай Jet, Yandex, Woosh, Bolt және Бірыңғай микромобильді оператор полицейлермен бірге тәртіпті бақылауға шығады, деп хабарлайды Ertenmedia. Самокатты бейберекет қойып кететіндерге тосқауыл қойылады. Жүргізуші енді арнайы тұраққа қоймаса, сапарын аяқтай алмайды. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер жолында, саябақтарда және адам көп жиналатын жерлерде самокат автоматты түрде бұғатталады. ІІМ-нің мұндай қадамға баруына жол-көлік оқиғаларының күрт көбеюі, самокаттарды қалай болса солай қалдырып кету және веложолақтардың жетіспеуі себеп болған. Елімізде жыл басынан бері электросамокаттарға қатысты 213 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 224 адам жарақат алды. Оның ішінде 42 оқиға самокат тізгіндегендердің кінәсінен болған. Барлық заңбұзушылықтың…

Толық оқу

Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның Стамбулдағы бас консулдығының ұйымдастыруымен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және халықаралық әріптестікті одан әрі нығайту мақсатында маңғыстаулық дәрігерлер Түркияның жетекші медициналық мекемелерінде тағылымдамадан өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Аталған бағдарлама шеңберінде Маңғыстау облысының хирург-онколог, отоларинголог дәрігерлерінен құралған делегация Стамбул қаласындағы «Hisar Hospital» медицина орталығында және «Medicana Health Group» клиникасында кәсіби білімін жетілдіріп, тәжірибе алмасты. Дәрігерлер құрамында Маңғыстау облыстық онкология орталығының сәулелік-терапия бөлімінің дәрігері, онколог Гүлзира Құдабаева, хирург-онколог дәрігер Нұрпейіс Жақсыбай, Бейнеу көпбейінді орталық аудандық ауруханасының онколог дәрігері Нұрболат Ізбергенов, Түпқараған орталық аудандық ауруханасының онколог дәрігері Аягөз Молдабекова, Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының хирург-дәрігері Сағат Бітімов, отоларинголог-дәрігер Дулат…

Толық оқу

Алматыда салынып жатқан 40 қабатты ғимараттың құрылысы уақытша тоқтатылды. Құрылыс компаниялары қажетті құжатсыз, рұқсат алмай тұрып, ірі көлемде жер қазу жұмысын бастаған, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл туралы депутат Бақытжан Базарбек мәлімдеді. Оның айтуынша, құрылыс алаңында жүргізілген рейд барысында RAMS пен «BRC Construction» компанияларының құрылысты жүргізуге мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы және құрылыс-монтаж жұмысына рұқсат қағазы жоқ екені анықталған. «Олар тек бұрынғы ғимараттарды бұзуға ғана рұқсат алған. Бірақ бұл компаниялар демонтаж деген сылтаумен заңсыз түрде үлкен шұңқыр қазуды бастап кеткен», – деді Базарбек. Депутат мемлекеттік құрылыс инспекторлары (ГАСК) компанияларға бірнеше рет ескерту жасағанымен, құрылысшылар оны елемей келгенін айтады. Осы рейд кезінде RAMS…

Толық оқу

Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасында «Кәсіпорын мен колледж – сапалы маман кепілі» атты іс-шара өтті. Маңызды жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, депутаттар, жауапты сала басшылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен студенттері қатысты. Басқосуда студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізу және әрі қарай жұмысқа орналастыру бағытында нақты қадамдар жасалды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бұл ынтымақтастық кәсіби кадр даярлау ісін жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді. – Бұл кездесу – өңіріміздегі кәсіби білім беру жүйесін жаңа сапаға бағыттайтын маңызды қадам. Президентіміздің 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы»…

Толық оқу

Қонаев қаласында Конституцияның 30 жылдық мерейтойына орай көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен әлеуметтік осал топтардан шыққан 42 отбасыға жаңа баспананың кілті табысталды, деп хабарлайды Ertenmedia. Жаңа пәтер иелерін қала әкімі Асхат Бердіханов құттықтап, пәтер кілттерін салтанатты жағдайда тапсырды. «Алдағы жылдары Қонаев қаласында жалпы ауданы 161 мың шаршы метр болатын 72 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Құрылыс қарқыны артқан сайын тұрғын үй кезегі де жылдам жылжып келеді. Облыс орталығы мәртебесін алған уақыттан бері қалада 193 отбасы баспаналы болды, соның 108-і – биыл», – деді әкім. Бердіхановтың айтуынша, Конституция күніне орай «Қарлығаш» ықшам ауданында көпбалалы отбасылар, жетім балалар және әлеуметтік осал топтағы азаматтарға…

Толық оқу