Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Astana Finance Days форумында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) жеке басқаруға беру жоспары туралы айтты деп жазады Ertenmedia. Сүлейменовтің пікірінше, қазіргі кезде Қазақстанның қаржы секторындағы жағдай тұрақты, алайда инфляция өсімін тежеп, теңге бағамын нығайту мәселесінде әлі де көп жұмыс істеу керек. Оның бірден-бір жолы мемлекеттік активтерді тиімді басқару, әсіресе халықтың зейнетақы жинағын тиімді инвестициялау. «Еліміздегі зейнетақы қорын біртіндеп жеке басқаруға беруіміз керек. Әрине, бұл іске өте сақ әрі үлкен жауапкершілікпен келеміз. Қатаң қадағалау жүргіземіз. Бірақ қорды жеке секторға тапсырудан басқа тиімді жол көріп тұрған жоқпыз», – деді Ұлттық банк басшысы. Сонымен қатар, ол қазақстандықтардың зейнетақы…
Автор: Асылхан Бөрібай
Түркістан облысы аумағында жыл басынан түрлі жағдайларда 55 адамның суға кету жағдайы тіркелді. Оның ішінде 25-і кәмелет жасына толмаған балалар. Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Оразгелді Нұрмаханұлы баяндады, деп жазады Ertenmedia.kz. – Түркістан облысы бойынша арнайы белгіленген орындарда 16 жағажай ресми түрде ашылды. Сондай-ақ, арнайы және ресми шомылуға арналған орындары жоқ елді мекендерде 233 модульді 2 каркасты бассейндер орнатылды. Сонымен қатар, азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстағы БАҚ өкілдерімен бірігіп 673 шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, телеарнада – 45, әлеуметтік желіде – 108, газет-журналда– 284 мақала жарияланды. Жыл басынан 2525 рет рейд жұмыстары жүргізіліп,…
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Білім министрлігі бірлесіп ғылыми деректер, халықаралық ұсынымдар негізінде мектепте тамақтанудың жаңа стандартын әзірледі. Аталған стандарт – балалардың дұрыс және ұтымды тамақтануын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы брифингте Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. – Еліміздегі мектептердің ас мәзірінен құрамында қанты бар сусындар мен шырындар, шұжық өнімдері, ысталған ет, спред-май және дәм мен иіс күшейткіштері бар өнімдер алынып тасталды. Есесіне балалардың физиологиялық қажеттіліктерін ескере отырып, жаңа піскен көкөністер мен жемістердің үлесі арттырылып, олардың рациондағы орны күшейтілді. Бұл стандарттар балалар арасында семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және басқа аурулардың даму қаупін төмендетуді…
Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов бастаған депутаттар Сайрам ауданындағы жол құрылысы жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жұмыс сапары кезінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейіржан Жалайыров пен Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Руслан Мұздыбеков құрылыс жұмыстарының барысын түсіндірді. Депутаттар жол сапасын қадағалау, ауыр жүк көліктерінің қозғалысын шектеу, әсіресе, түнгі уақытта жүрісін тоқтату мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, карьерлерден шығатын жүк көліктерінің тазалығын бақылауды күшейту туралы ұсыныстар айтылды. Алдағы уақытта депутаттар өңірдегі басқа да жол құрылыс нысандарын аралап көрмек. Түркістан облыстық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылғы кезекті сессияда басқарма басшысының атқарылған жұмыстар бойынша есебі тыңдалады. Айтқандай, Ауыл…
Түркістан облысында жедел медициналық жәрдем қызметінің сапасын арттыру мақсатында 60 жаңа санитарлық автокөлік алынып, медициналық мекемелерге табысталды. Жаңа көліктердің жалпы құны – 4,2 млрд теңгеден асады,деп жазады Ertenmedia.kz. Заманауи жабдықтармен толық жабдықталған жедел жәрдем көліктері облыстың барлық аудандары мен қалаларына таратылып, жедел жәрдем қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа техниканың медициналық құрал-жабдықтары ересектерге де, 1 жастан асқан балаларға да арналған. Автокөліктер портативті өкпені жасанды желдету аппаратымен, дефибриллятормен, жүрек-өкпе реанимациясына арналған жиынтықпен, электрокардиографпен жабдықталған. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жедел жәрдем көліктерін тапсыру рәсімінде бұл бастаманың мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығы – мемлекет үшін ең қымбат құндылық» деген…
Түркістан облысының Төлеби ауданындағы Кеңесарық ауылында жаңа спорт кешені ел игілігіне пайдалануға берілді. Қарапайым ауыл жастарының арманы болған бұл нысан бүгінде шынайы қуаныш пен сенімнің символына айналды. Ашылу салтанатына генерал-жазушы Ержан Исақұлов, қоғам және мемлекет қайраткері Болат Жылқышиев, сондай-ақ «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев пен аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Болат Жылқышиев салтанатты шарада: «Бұл кешен – болашақ чемпиондардың шыңдалатын ордасы. Бүгінгі бала – ертең ел намысын қорғайтын азамат. Мемлекетіміздің көк байрағын көкте желбіретіп, Әнұранымызды әлем ареналарында шырқататын батырлар дәл осы залдан шығады деп сенеміз»,…
Жетісу облысының Кербұлақ ауданында ұзындығы 105 шақырымды болатын ирригациялық арналарды қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде жаңадан 7 мың гектар суармалы жерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізуге және картоп өсіру ісін қайта жандандыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы аудан халқымен кездесу барысында белгілі болды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. – Ұзақ уақыттан бері қараусыз қалған суару жүйелерін жөндеудің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Аталған жобаны 2026-2028 жылдар аралығында үш кезеңмен іске асыру жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде 105 шақырым болатын суару арнасы қайта жаңғыртылып, Қоғалы, Алтынемел, Шұбар, Жайнақ батыр, Шанханай және Басши ауылдық округтерінде 7 мың гектар жаңа суармалы жер айналымға…
Орталық Азия 4 млн шаршы шақырымға жайылған, тарихы мен мәдениеті біте қайнасқан, бірақ саясаты мен экономикасы дербес бес мемлекет жиынтығы. Солтүстікте – Қазақстан, оңтүстікте – Өзбекстан, Каспийдің төменгі бөлігінде – Түркіменстан, шығыста – Қырғызстан мен Тәжікстан. Бесеуі де мұхиттан шалғай, яғни, транзитке тәуелді. Ұлы Жібек жолы әлдеқашан үзіліп, тәуелсіздік дәуірінде аймақ тиімді интеграция жолын іздеді. Бүгін негізгі күн тәртібі – экономиканы әртараптандыру, Ауғанстандағы тұрақсыздық, су бөлісі және климат тәуекелдері. Осы тақырыптарды Назарбаев университетінің профессоры, Орталық Азия геосаясатын зерттеуші Жәнібек Арынов «Жаһан жайы» бағдарламасының жүргізушісі Индира Тұрсынбайға түсіндіріп берген еді. Енді сол сұхбаттың жазба нұсқасын Ertenmedia.kz ақпараттық сайты назарларыңызға ұсынады. Сұхбатта…
Президент телерадиокешенінің басшысы Orda.kz порталының үстінен сотқа шағым түсірмек, деп хабарлайды Ertenmedia. Президенттің телерадиокешенін басқаратын Раушан Қажыбаева Orda.kz басылымын сотқа беруге дайындалып жатқанын мәлімдеді. Оған порталдың таратып жіберген жалған ақпараты себеп болған. «Orda.kz басылымының үстінен сотқа арыз дайындап жатырмыз. Олар жалған әрі негізсіз ақпарат таратты», – деді Раушан Кажыбаева КазТАГ агенттігіне берген сұхбатында. Еске салсақ, бұған дейін Orda.kz порталы ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің, кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің және ҰҚК-нің бірнеше жоғары лауазымды қызметкерінің ұсталғаны туралы ақпарат жариялаған болатын. Кейін бұл мәліметті Сыртқы істер министрлігі ресми түрде жоққа шығарды. Сондай-ақ, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да министр Мұрат Нұртілеудің…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы қарсаңында Премьер-Министрдің және Үкімет мүшелерінің қатысуымен «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Ertenmedia. Депутаттар Президенттің Жолдаулары мен «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» Сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты тыңдады. Іс-шараны ашқан Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов әр Жолдау – ел дамуының стратегиялық бағытын айқындайтынын және азаматтардың ең өзекті сұрақтарына жүйелі жауап беретінін атап өтті. «Мемлекет басшысының Жолдаулары, Президенттің Сайлауалды бағдарламасы – маңызды құжаттар. Ал олардың сапалы орындалуы – қоғамның билікке деген сенімінің кепілі. Адамдар нақты өзгерістерді дәл қазір көргісі келеді. Сол себепті біздің, яғни…










