Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен осы саладағы мемлекеттік бақылауды негізгі басым бағыттардың бірі ретінде жүргізіп келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы міндет аясында Түркістан қаласы тұрғынының арызы негізінде тиісті мемлекеттік органға жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Тексерудің мақсаты – шағымды жан-жақты, объективті әрі толық қарау болған. Арыз иесі тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне құқық алу мақсатында уәкілетті мекемеге өтініш берген. Аталған қызметті көрсету тәртібі Жер кодексінің 44-2-бабымен және Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген қағидамен реттеледі. Қолданыстағы талапқа сай, сәулет және қала құрылысы саласындағы жауапты орган екі жұмыс…
Автор: Асылхан Бөрібай
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бүкіл әлем заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам басқанын атап өтті. Бұл бағыттағы өзгерістерден Қазақстан да тыс қалмайтынын ескертті. – Қазақстан – әлем қауымдастығының ажырамас бөлігі. Мемлекетіміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да, біз бәріміз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық. Менің негізгі мақсатым – осындай түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өскелең ұрпақ бақытты, берекелі өмір сүруге тиіс. Сол үшін бәріміз бір ұлт болып, табанды еңбек етуіміз керек. Бұл – баршамызға…
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ректорының міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған білім мен ғылым саласына қатысты бастамаларға пікір білдірді,- деп жазады Ertenmedia — Биылғы Жолдауда Президентіміз білім беру саласына айрықша назар аударып, жаңа міндеттер жүктеді. Ол инвестицияның ең сенімді түрі — білім мен ғылымға құйылған қаражат екенін атап өтті. Президенттің бастамасымен Қытайдың жетекші университеттерінің бірімен жасалған халықаралық келісім еліміздегі білім саласының жаңа кезеңін ашқалы отыр. Бұл аясында іске асатын қос дипломды бағдарлама қазақстандық жоғары білімнің халықаралық беделін көтеріп, жастарға жаһандық бәсекеде жаңа мүмкіндіктер береді, — деді Әлібек Нұртаев. Сонымен қатар Мемлекет басшысы алдағы үш жылда…
Түркістан облыстық офтальмология ауруханасының басшысы Чингиз Сеилбеков Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған стратегиялық басымдықтарға қатысты пікір білдірді,- деп жазады Ertenmedia — «Президент Жолдауында еліміздің дамуы үшін маңызды стратегиялық бағыттар айқындалды. Соның ішінде ерекше мәнге ие бағыт – салаларды технологиялық жаңғырту. Әсіресе, медициналық тәжірибеге цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектке негізделген жүйелерді енгізу өзекті болып отыр. Бұл бастамалардың жүзеге асуы денсаулық сақтау жүйесін түбегейлі өзгертеді. Жасанды интеллектке негізделген диагностикалық жүйелер мен телемедицина платформалары медициналық көмектің қолжетімділігі мен дәлдігін арттырады. Клиникалық процестердің цифрландырылуы емдеу мекемелерінің жұмысын оңтайландырып, медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейінде өзара сабақтастықты жақсартады. Болжамды медицинаны дамыту да аса маңызды. Үлкен деректер мен…
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентте Қазақстан халқына жасаған Жолдауында Активтерді қайтару жөніндегі комитетті Инвесторларды қорғау комитеті деп өзгертуді ұсынды. Бір қарағанда атаудың ауысуы ғана секілді. Бірақ мәніне үңілсек, бұл – экономиканың бағытын түзей түсетін, инвестициялық климаттың философиясын қайта құратын саяси-экономикалық маңызды қадам, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазіргі таңда елімізге келген капитал тек кіріп-шығып кетпеуі керек, ол сенімділік тауып, ұзақ мерзімге орнығуы тиіс. Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында Үкіметке дәл осы сенім архитектурасын құруды тапсырды. Енді инвестиция тарту – орталық биліктің ғана емес, әр өңірдің, даму институттарының, тіпті әрбір аудан мен қала әкімдігінің ортақ міндетіне айналады. Соңғы жылдары Қазақстан инвестициялық кеңістікте…
Түркістан облыстық партия филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған бастамаларға қатысты өз пікірін білдірді, деп жазады Ertenmedia.kz. — «Филиал партиясы Мемлекет басшысының стратегиялық курсын толық әрі бұлжымас қолдайды. Президент Жолдауында экономиканы әртараптандыру, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету сияқты маңызды басымдықтар айқындалды. Сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, инвестициялық ахуалды жақсарту және әкімшілік кедергілерді азайтуға ерекше назар аударылды. Әлеуметтік саясат та басты назарда. Бюджеттік шығындар қысқартылған жағдайда да әлеуметтік міндеттемелер бірінші орында қалуы тиіс екені атап өтілді. Бұл – халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы маңызды қадам. «Аманат» партиясы Президент белгілеген міндеттердің өңірлік деңгейде орындалуына…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер мен оларды шешу» атты Жолдауы ел дамуының жаңа кезеңін айқындап берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Әсем Рахметованың пікірінше, Мемлекет басшысының үш жыл ішінде Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдыру туралы тапсырмасы жаһандық үрдіске ілесу ғана емес, ұлттық бәсекеге қабілеттілікті күшейтудің нақты бағыты. Автордың айтуынша, Жолдауда көтерілген бастамалардың салмағы жоғары. Соның бірі – Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі жетекші басқаратын Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру туралы шешім. Оның ойынша, мұндай қадам цифрлық технологияларды экономика мен мемлекеттік басқарудың барлық саласына жүйелі енгізуге жол ашады. Әсем Рахметова цифрлық кодексті қабылдау бастамасына да ерекше…
Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-техникалық әріптестік жаңа деңгейге көтерілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қытай елі біздің мемлекетке 100 млн юань немесе 7,5 млрд теңге көлемінде қайтарымсыз грант бөлмек. Бұл қаражат Қазақстанда халықаралық ғарыштық хаб құруға, жаңа технологияларды дамытуға және ғылым мен экономиканың түйіскен тұстарын нығайтуға бағытталады. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жариялағандай, бөлінген қаржы бірнеше негізгі бағытқа жұмсалады. Ең алдымен, навигациялық жүйелерді дамыту көзделіп отыр. Бұл тек ғарыш саласының өзінде ғана емес, қарапайым халықтың күнделікті өмірінде де қажет болатын сала. Автокөлік трекерлерінен бастап жүк тасымалына орнатылатын навигациялық пломбаларға дейін бұл жүйелердің маңызы зор. Өйткені Қазақстан транзиттік мемлекет, біздің…
Қазақстандағы бірқатар ірі банктер прокуратураның соңғы мәлімдемесіне қатысты өз ұстанымын жариялады. Kaspi Bank, Forte Bank, Еуразиялық банк және Alatau City Bank тарапынан таратылған ресми жауапта, олар бұрынғы немесе қазіргі қызметкерлерінің қылмыстық іске қатысы бар деген ресми хабарлама алмағандарын нақтылады. Бұл қаржы институттары ресми құжаттар түспей жатып, олардың атына байланысты дақпырт тарауы қоғамда түсінбестік туғызуы мүмкін екенін де ескертті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Банктердің ресми түсініктемесінде прокуратура органдарына ресми сұраулар жолданып, істің мән-жайы анықталатыны айтылды. Әзірге қолда бар ақпарат тек жалпылама мәлімдемелерден тұрады, ал нақты фактілер ұсынылмаған. Сондықтан банктер өз беделіне нұқсан келтіретін қауесет пен алдын ала айыптаулардан абай болуға шақырып…
Соңғы күндері әлемжеліні дүрліктірген Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің «қамауға алынғаны туралы» қауесетке шенеуніктің өзі жауап берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Министр бүгін Парламент ғимаратында көпшілік алдына шығып, журналистермен ашық тілдесті деп хабарлайды Ertenmedia. Тілшілер Нұртілеуден не себепті қауесет тараған бойда видеоүндеу жазып, ақпаратты жоққа шығармағанын сұрады. Бұған министр қысқа әрі нақты жауап қатты: «Маған (кеңсеме) кім келді? Менен мән-жайды кім сұрады? Күндегіше жұмыс орнымда болдым. Әдеттегідей қызметімді атқардым. Жұмыс бабымен кездесу өткіздім, шетелдік әріптестермен сөйлестім, инвесторлармен кездестім. Бәрі бұрынғыдай. Біз құқықтық мемлекетпіз. Қазақстан зайырлы ел. Арнайы органдар бар, қажет болса солар айналыссын. Өз басым бұл мәселені көңіліме алған жоқпын. Тіпті, Жолдаудан…









