Жетісу облысында сот Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы Марат Күштібаев тарапынан зорлық-зомбылық құрбаны болған қызға қатысты істі қарап жатыр. Ол «Алаяқтық» бабы бойынша айыпталып отыр. Онымен бірге сүйіктісі және хатшы да айыпталып отыр, — деп хабарлайды ErtenMedia Massaget.kz-ке сілтеп. Іс материалдарында мынадай мәліметтер айтылған: Күштібаевтың жұбайы зорлық-зомбылық құрбанына сот хатшысы арқылы 40 миллион теңге берген. Бұл ақша үшін ол соттағы айғақтарын өзгертуі керек болған. Қыз ақшаны алған, бірақ айғақтарын өзгертпеген, ал Күштібаев «Қызметтік міндеттерін орындау кезінде зорлық-зомбылық қолдану арқылы зорлау» бабы бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Осыдан кейін Күштібаевтың әйелі алаяқтық дерегі бойынша полицияға арыз жазған. Сот хатшысы да құқық…
Автор: editor
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. – Кез келген реформаны жан-жақты сараптап, байыппен жүргізген жөн. Экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі нұсқаларды әзірлеу керек. Қосымша құн салығына қатысты бұған дейін көзқарасымды білдірмеген едім. Өйткені қызметтік дәрежеме сәйкес, менің әрбір сөзім, пікірім қатаң тапсырма сияқты қабылданады. Соған қарамастан бұл мәселе бойынша ойымды жеткізгім келеді. Қалай десек те, қосымша құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс. Үкімет түпкілікті шешімді білікті сарапшылардың, қайталап айтамын, білікті сарапшылар мен кәсіпкерлердің, әлбетте депутаттардың пікіріне құлақ аса отырып, нақты есептеулер негізінде қабылдағаны…
Астананың бас имамы туралы ақпарат таратқан азаматқа айыппұл салынды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Сот шешімі Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әлеуметтік желіде жала жапқаны үшін Б.-ға қатысты істі қарады (ӘҚБтК 73-3-бабының 2-бөлігі). Сот құқық бұзушының әлеуметтік желілерге зәулім үй көрсетілген бейнеролик жариялап, ол зәулім үйдің халықтың қайырымдылыққа берген қаражаттарына салынғанын, оның Астана қаласының бас имамына тиесілі екенін айтып, сол арқылы әлеуметтік желілерде ар-намыс пен қадір-қасиетке және басқа адамның беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтерді таратқанын анықтады. Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, үйдің кімге тиесілі екенін, оның қандай қаражатқа салынғаны белгісіз екенін түсіндірді,…
17 жастағы Сая Қыдырәлі халықаралық ағылшын тілі емтиханында ең жоғары нәтиже 9 балл жинады. Ресми статистикаға сәйкес, бұл көрсеткішке үміткерлердің небәрі 0,5 пайызы ғана қол жеткізе алады екен, — деп хабарлайды ErtenMedia. Жыл сайын 3,5 миллионнан аса адам IELTS емтиханын тапсырады, ал әлем бойынша орташа нәтиже — 6 балл. «Ағылшын тілін 6 жасымнан үйрене бастадым. Анам үйрете бастады. Дұрыс әдістеменің және тапжылмай еңбектенгенімнің арқасында 1 жыл ішінде меңгердім. Күніне он сағаттан оқыдым. 7 жасымда еркін сөйлей бастадым. 9 жасымда сабақ бере бастадым», — деді ол сұхбатында. Сая Қыдырәлі кейін өз жобасын жүзеге асырып, 10 жасында ересектерге сабақ бере бастаған. Оқушы…
Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовқа іздеу жарияланды, — деп хабарлайды ErtenMedia. «2025 жылғы 5 ақпанда іздестіру туралы іс Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді. Бастамашы — сот. Іздестіруді жүргізетін орган: Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті», — деп жазылған Сәдуақасовты іздестіру карточкасында. Іздестіру себебі анықтамада нақтыланбаған, бірақ Тимур Сәдуақасов Солтүстік Қазақстан облысындағы титан-цирконий кендерін өндіруші Обухов КБК-ға қатысты атышулы істе фигурант болды. 2025 жылғы қаңтарда апелляциялық саты бұл іс бойынша ақтау үкімінің күшін жойды, сотталушылар қамауға алынды, бірақ Тимур Сәдуақасов бұл кезде болмаған. Айта кетейік, Сәдуақасов 2019 жылғы ақпанда Ақтау әкімінің орынбасары болып тағайындалған.
Ақтаудағы 25744 әскери бөлімінде қызмет атқарған 42 жастағы сержант сарбаздарды темекі тұқылын жеуге мәжбүрледі деген айыппен сотталды. Бұл оқиғадан кейін сарбаздардың бірі улану белгілерімен медициналық пунктке жүгінген. Бұл туралы «Диапазон» басылымы жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Оқиғаның мән-жайы Тергеу мәліметтері бойынша, әскери бөлім аумағын тазалау кезінде сержант жерде жатқан темекі тұқылдарын тауып, қатардағы екі сарбазға оларды жеуді бұйырған. Басылым мәліметінше, сарбаздар бұйрыққа бағынуға мәжбүр болып, темекі тұқылын жеген. Артынша олардың бірі өзін жайсыз сезініп, медициналық пунктке барған. Келесі күні сержант жатын бөлмедегі тәртіпсіздікке көңілі толмай, сол екі сарбаздың бірін бірнеше рет тепкен. Соттағы айыптаулар мен куәгерлердің жауабы Сот процесі барысында…
Ақтөба облысында «Мағаджан» бөгеті жарылғаны үшін кінәлі тұлға сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Хромтау ауданының прокуратурасы «Мағаджан» плотинасының жарылуына қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады. Іс материалдарына сәйкес, басқарушы компания саналатын ЖШС директоры пайдакүнемдік мақсатта суды ағызу бойынша шара қабылдамаған. «2024 жылғы 4 сәуірде бөгеттің жарылуы нәтижесінде Табантал, Қызылту және Бесқоспа ауылдары су астында қалып, азаматтардың мүлкі мен инфрақұрылымға зиян келтірілді», — деп жазылған хабарламада. Хромтау аудандық сотының үкімімен сотталушы ҚК-тің 254-бабы (Мiндеттерiне адал қарамау) бойынша кінәлі деп танылып, су шаруашылығы саласында жұмыс істеуге 3 жылға тыйым салумен 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды. Үкім заңды күшіне…
Бокстан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы атанған Бақыт Сәрсекбаев елге оралды. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мәліметке сүйенсек, бұған дейін Бақыт Сәрсекбаев Вьетнамда жаттықтырушылық қызмет атқарған. Ал енді ұлттық құрамаға бәсекелес ретінде резерв құрам жасақтап, дайындамақ. «Президентіміздің тапсырмасымен, Спорт және Туризм министрінің шақыруымен елге қайттым. Маған министрдің берген тапсырмасы — Ұлттық құрама жанынан Резервтік құрама құру. Бұйырса 12-19 ақпан аралығында 18-22 жас аралығындағы боксшылар арасынан резервті құрамаға іріктеу чемпионаты өтеді. Сол құрамада жүлделі орынды меншілеген жас боксшылар менің қол астымда жаттығуды бастайды», — деді спортшы. Олимпиада чемпионы бұл жұмыстың мақсатын да айтты. «Мақсат — бірінің жалынан бірі…
«Цифрлық технологиялар арқылы біз азаматтардың күнделікті өмірін барынша жеңілдетуге және барлығына тең мүмкіндіктерге қол жеткізуге ниеттіміз. Ол үшін мемлекеттік басқаруды цифрландырудың сапалы жаңа форматына көшу керек. Оның мәні мемлекеттік саясаттың басты бағыты адамға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне бағытталғандығында», – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. 2024 жылы Қазақстан Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Цифрлық трансформацияның нормативтік және әдіснамалық негіздері әзірленді, сараптамалық база қалыптастырылды және түрлі салаларда ауқымды реформалар іске қосылды. Цифрлық трансформацияның негізгі құралдарының бірі бизнес-процестерді қайта құру болды. 1200-ден астам мемлекеттік үдерістерді қайта қарау нәтижесінде 23 мемлекеттік органда 468 бизнес-үдеріс оңтайландырылды, бұл олардың орындалу мерзімін орта есеппен 45%-ке…
Алматының әскери соты Қаңды Қаңтар кезінде археолог Ерлан Жағыпаровтың өліміне кінәлі деп танылған Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің подполковнигі Айтжан Әубәкіровке үкім шығарды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Сот ақпаратына сүйенсек, Әубәкіров 2022 жылғы 6 қаңтарда Алматы қаласында Ерлан Жағыпаров пен Әуез Қапсалановқа оқ атқан. Сот барысында медициналық сараптама нәтижелері айтылып, 30-дан аса куәгерлерден жауап алынған. Айта кетейік, алғашқы сот отырысы былтыр 19 желтоқсанда басталды. Алайда бірнеше сот процесінен кейін сот жабық режимге ауыстырылды. Алматы горнизоны әскери соты Айтжан Әубәкіровті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 451-бабы («Билікті асыра пайдалану») бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Ерлан Жағыпаров археолог, тарихи-мәдени мұраны зерттеуші болған. Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалып кетіп,…