Экономист Елдар Шамсүтдинов валюта нарығын зерттей келе, еліміз Ресей үшін доллар сатып алатын транзиттік хабқа айналған деген тосын тұжырымға келді, деп хабарлайды Ertenmedia. Сарапшының айтуынша, KASE валюталық секциясындағы рубль айналымы күрт артып, рубльді доллармен айырбастау операциялары жиілеген. Ресейден ағылған рубль Қазақстанның ішкі нарығындағы долларға сұранысты жасанды түрде арттырып, тұрақты валюталық ажиотаж қалыптастырып отыр. «Қазақстан қазір транзиттік пункт қызметін атқаруда. Ресейден рубльмен кірген капитал бірден долларға айналып, кері ағылады. Бұл Қазақстанның ішкі экономикасында доллар сұранысының объективті себепсіз-ақ жоғары болуын түсіндіретін негізгі фактор», – дейді Шамсутдинов. Экономист сөзіне сенсек, ішкі нарықтағы доллар операциясының ауқымы соңғы екі жылда азайғанына қарамастан, жалпы валюта айналымының…
Автор: Асылхан Бөрібай
Түркістан облысында әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Облыс орталығында бой көтеріп жатқан нысандардың құрылыс жұмыстарының барысы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауында. Осы орайда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Түркістан қаласындағы спорт және мәдениет нысандарын аралап, жауаптылармен кездесті. Кездесу барысында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын саралады. Ертай Кенжебекұлы спорт, мәдениет саласын дамытуға күш салынатынын және бұл бағытта өңірге дарынды спортшылар мен талантты жастарды тартудың маңыздылығын айтты. Биыл Түркістан облысында 54 спорт нысанының құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Оның ішінде 25 спорт кешені, 11 спорт зал, 15 спорт алаңы, 1 футбол манежі, 1 ату алаңы бар. Аталған спорт нысандарының қатарында халықаралық…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясы өтуде. Бұл бастаманың мақсаты – еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту ғана емес, сонымен қатар азаматтардың экологиялық жауапкершілікті ойлауын қалыптастыру, сана мен ой тазалығын сақтау, отансүйгіштік, табиғатты аялау мәдениетін дамыту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның қатысуын арттыру. Елімізде жүріп жатқан экологиялық акция барған сайын қоғам өмірінің саналы бөлігіне айналып келеді. Аулаларын, көшелерін, саябақтарын таза ұстап, ағаш отырғызуға, сенбіліктерге және қоршаған орта мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған басқа да іс-шараларға белсене қатысатын қазақстандықтар көбейіп келеді. Бастама іске қосылғалы бері 10,4 млн-нан астам адам экологиялық акцияға қатысты. Мемлекеттік шаралар және…
Еліміздің Ата заңына 30 жыл толуына орай облыс әкімдігі және Жетісу университетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Конституциясы – заңдылық пен қоғамдық тәртіптің негізі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған білім ордасының оқытушы-ғалымдары, қоғам қайраткерлері, ардагерлер, құқық саласының қызметкерлері және облыс әкімінің орынбасары Диас Есдаулетов қатысты. Жиынды Жетісу университетінің Басқарма төрағасы-ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Бөрібаев ашып, Конституция күнімен құттықтады. – Конституция – мемлекетiмiздiң келбеті мен келешегін, құрылымын айқындаған, барлық заңдарға бастау болған маңызды құжат. Ол ел Егемендігінің нығайып, Тәуелсiздiгiнiң баянды болуының негiзiн қалаған Қазақ мемлекеттiлігiнiң мызғымас заңы. Ата Заңымыздың негiзiнде халықтың еркiндiгi, теңдiгi, татулығы артып, бейбiтшiлiк қоғам құрған елiмiз дамып келеді. …
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Жоғары мәртебелі шейх Абдулла бен Мохаммед бин Бутти Әл Хамед пен Talgar Eco City жобасының бастамашысы және иесі Бақыт Атайбековпен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауқымды Talgar Eco City жобасының бас жоспары таныстырылды. Келіссөздер Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Рауан Жұмабек қолдауымен өтті және өңірдің инфрақұрылымын дамыту мен қаржыландыру мәселелеріне арналды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Talgar Eco City жобасы Талғар қаласы мен Ақдала ауылын қамти отырып, шамамен 600 гектар аумақты алады. Жоба аясында тұрғын үй кешендері, мектептер, медициналық мекемелер, сауда-ойын-сауық орталықтары салу және жасыл қоғамдық кеңістіктер құру жоспарланып отыр. Концепция экологиялық тазалық және…
Ақтауда жүрегіне ота жасатқан науқастың жақындары дәрігерді ауыр қылмыс жасады деп айыптап отыр. Олардың айтуынша, хирург операция үстінде науқастың бауырын әдейі жарақаттаған. Қазір пациенттің жағдайы ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia. Оқиға тамыз айының басында Маңғыстау облыстық ауруханасында болған. Науқас жүрек дертімен емханаға түскен. Ота жасау кезінде хирургтың қолы басқа ағзаға тиіп кетіп, науқас екі литр қан жоғалтқан. Алайда зардап шеккен азаматтың отбасы мұны дәрігердің кәсіби қателігі емес, қасақана әрекеті деп санайды. Олар бұл мәселені айтып, президентке арнайы бейнеүндеу жолдаған. Отбасының адвокаты Мейірман Шекеевтің айтуынша, хирург отаны эмоцияға беріліп жасап, науқасқа әдейі ауыр зақым келтірген. «Науқас ауруханаға тамыздың…
Премьер-министр Олжас Бектенов басшылық ететін Цифрлық штаб мемлекеттік қызметтерді онлайн алуды жеңілдету үшін жаңа шешім қабылдады, деп хабарлайды Ertenmedia. 20 қыркүйекке дейін жеке IT-компанияларға мемлекеттік сервистерге қосылуға мүмкіндік беретін Smart Bridge платформасының жұмысы жеңілдетіледі. Бұл қадам арқылы бизнес өкілдері халыққа қолайлы цифрлық өнімдер ұсына алады, ал тұрғындар онлайн-қызметтерге тез әрі оңай қол жеткізеді. Сондай-ақ, Qaztech платформасында IT-шешімдерді жасауға қатысты баға мен мерзім бойынша қойылған шектеулер алынып тасталады. Осылайша, отандық технологиялардың ауқымды, заманауи әрі сапалы жобаларына жол ашылады. 15 қыркүйектен бастап қазақстандықтар eGov, eGov Business, Aitu және eOtinish порталдарын мобильді телефонның теңгерімінде ақша болмаса да, тегін қолдана алады. Бұл өз кезегінде…
Бұл туралы брифингте облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Орынов мәлімдеді. – Биыл облыстағы 16 029 білім қызметкері біліктілігін жетілдіреді. Бүгінде орта білімнің 7 309 мұғалімі біліктілік арттыру курстарынан өтіп, жыл соңына дейін 8 720 мұғалім білімін жетілдіреді. Сондай-ақ, алғаш рет «Ұстаз» ұлттық платформасында 12 826 педагог аттестациядан өтуге өтініш білдірді. Жаңа оқу жылынан бастап барлық мектептерде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізіледі. Облыста 42 қосымша білім беру мекемелерінде 28 951 оқушы, мектептердегі үйірмелерде 417 925 оқушы қосымша біліммен қамтылған. Биыл 6 мыңдай баланы қамтитын 5 қосымша білім беру ұйымдарының құрылысы басталды. Сонымен қатар, өңірде алғаш рет 5 мемлекеттік…
Қай заманда да өркениеттің кілті – сапалы білім мен ғылымды дамытуда болған. Бұл үрдіс жыл өте заман ағымы мен тың технологиялардың әсерінен жаңа деңгейге көтеріліп отырды. Қазір де білім беру жүйесінде оң бетбұрыстар мен өзгерістер дәуірі жүріп жатыр. Білім берумен қатар,адамершілік пен жауапкершілігі жоғары, әділ және елжанды тұлғалар қалыптастыруға ден қойылуда. 2024-2025 оқу жылында қыруар шаруалар атқарылып, тың бастамалар іске асырылды. 2025-2026 оқу жылын ерекше дайындықпен бастағалы отырмыз. Республикалық және облыстық Тамыз кеңесінде білім саласындағы жетістіктер мен кемшіліктер таразыланды. Бұл басқосу — педагогтар қауымы үшін серпіліс болды. Дәстүрлі жиында негізгі бағыттар айқындалып, нақты міндеттер жүктелді. Солардың бірқатарына тоқталып, жаңалықтармен құлағдар…
Олжас Бектенов әкімдер мен KEGOC-ты өткір сынға алды. Үкімет басшысы биыл жылу маусымына дайындықтағы кемшіліктерді енді кешірмейтінін қатаң ескертті, деп хабарлайды Ertenmedia. Жылыту маусымына бір айдан аз уақыт қалды. Дегенмен бірқатар өңірдегі ахуал алаңдатарлық күйде. Премьер-министр Степногордағы жылу орталығында резервтегі қазандықтың жөндеу жұмысы аяқталмағанын, Маңғыстау облысында екі турбинаны жөндеу мерзімі негізсіз кейінге қалдырылғанын және Ақтау қаласындағы жылу желілерінің жаңғырту жұмысы баяу жүріп жатқанын сынға алды. «Әрбір аймақта осындай мәселе кездеседі. Бұл әкімдер әлі ұйқыда жүрдің жоспарлау деңгейі төмен екенін және жергілікті жердегі бақылаудың әлсіздігін көрсетеді», – деді Бектенов Үкімет отырысында. Ол өңірлердегі штабтардың қысқа дайындық бойынша жұмысы көңіл көншітпейтінін айтып,…
