Автор: editor

«Назарбаев Мәскеуде не жоғалтты?» деген сұрақ соңғы бірнеше күн бойы Ertenmedia оқырмандарына маза бермей жүр. Экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлгі сауалға егжей-тегжейі жауап қатқан екен. Үкібайдың сөзінше, Назарбаев Мәскеуге өзі жетіп бармаған, оны Кремль көсемі арнайы шақырыпты. Әбішұлы қандай да бір ресми шараларға қатыспаған. Сапар Жеңіс күнімен байланысты болған, алайда Тоқаевпен қабаттасып қалмау үшін, экс-елбасы Кремльге парад өткесін барып бас сұққан. «Назарбаев пен Путиннің арасында көп жылдан бері жалғасып келе жатқан сыйластық қарым-қатынас бар. Бұған таңғалатын түгі жоқ. Назарбаев Түркия, Қытай, БАӘ, Өзбекстан, Беларусь басшыларымен де дәл осылай достық рәуіште жиі хабарласып, жеке жүздесіп тұрады. Мұндай бейресми кездесу мен…

Толық оқу

Астана қаласының тұрғындары жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылған республикалық «Алтайдан Оралға дейін» велошеруінің қатысушыларын сән-салтанатпен қарсы алды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Сарыарқа ауданындағы Көктал саябағында оларды Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ағзамов, Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржан Қайырбаева, Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұқаралық спортты дамыту бөлімінің басшысы Жандос Махмұтұлы, сол сияқты еңбек ұжымдары, колледж студенттері және спортсүйер қауым зор ықыласпен құттықтап, қошемет көрсетті. Бұл республикалық велошеру – жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы мәртебесін арттыруға арналған маңызды шара. Мұндай бастамалар еңбектің қадірін айқындап, техникалық және өндірістік салаларға жастардың қызығушылығын оятуды мақсат етеді.…

Толық оқу

Биыл елімізде мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының 125 жылдығы аталып өтілуде. Бүгін мерейлі датаға орай өңірде СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, зиялы қауым мен жұртшылықтың қатысуымен республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz СҚО әкімі көрнекті тұлға, еліміздің біртуар перзентінің мерейтойына орай өңір басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған құттықтау хатты оқып берді. Мерейлі іс-шараға Смағұл Сәдуақасұлының өмірін зерттеп, кітап жазған  академик Диқан Қамзабекұлы мен белгілі азаматтар алып тұлға туралы тың ойларымен бөлісті.  Смағұл Сәдуақасұлы күрделі кезенде маңызды мемлекеттік қызметтерді абыроймен атқарып, төл руханиятымызды өркендетуге  зор еңбек сіңірді. Елімізде тұңғыш қазақ драма театрының ашылуына, Қазақ педагогика институтының іргелі оқу…

Толық оқу

Оралда «Talpyn» мүмкіндіктер алаңы» атты шара өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, жәрмеңкенің маңызын атап өтті. «Халықтың әл-ауқатын көтеру, оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау — әрқашанда қоғамдағы өзекті мәселе. Әсіресе, азаматтарымыздың жұмысқа орналасуына мемлекет тарапынан қолдау білдіру — Мемлекет басшысының басты назарында. Біз осы ретте, өңір тұрғындарын жұмысқа орналастыру мен мемлекеттік бағдарламалардың игіліктерін түсіндіру мақсатында «Talpyn» мүмкіндіктер алаңы шарасын ұйымдастырып отырмыз»,- деді облыс әкімі. «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне» 79 жұмыс беруші қатысып, 1282 бос жұмыс орнын ұсынды. Олардың қатарында: КПО, «Кублей», «Uniserv», «Зенит» зауыты секілді ірі мекемелер мен жеке кәсіпкерлер және мемлекеттік мекемелер бар.…

Толық оқу

Ордабасы ауданы Бөржар ауылында жылына 14 мың тонна ұн өнімдерін өндіретін кәсіпорынның құрылысы жүріп жатыр, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz TOO «Keruen Products» өндірістік бірлестігі макаронның 10 түрін және тез дайындалатын кеспе түрлерін шығарып, 120 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ. Жалпы 5,5 гектар аумақта орналасқан бұл өндірістік жоба іске қосылған соң жергілікті бюджеттің кіріс көлемін арттырады деп күтілуде. Өңір экономикасына айтарлықтар әсерін тигізетін нысан құрылысымен танысу үшін аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы барып, жұмыстарға оң бағасын берді. Сондай-ақ, Азат Абдіғалиұлы Бадам ауылында бой көтеріп жатқан 250 орындық Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарын қадағалады. Сонымен қатар, жауапты мамандармен бірге Ұялыжар ауылындағы Абай көшесіндегі аяқжол…

Толық оқу

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды. Іс-сапар аясында ол өңір халқының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік және мәдени нысандардың ашылуына қатысты. Сапар барысында Қызылорда қаласындағы жаңартылған Қалалық мәдениет және демалыс саябағының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ғылым және мәдениет қайраткерлері, қоғам белсенділері мен қала тұрғындары қатысты. Салтанатты рәсімде Ермек Көшербаев бұл оқиғаның маңыздылығын атап өтіп, саябақтың ашылуының дәл балалар күнімен тұспа-тұс келуі – Үкіметтің өскелең ұрпақтың құқықтарын қорғау және олар үшін жайлы орта қалыптастыруға бағытталған саясатының айқын көрінісі екенін…

Толық оқу

Eurasian Resources Group (ERG) негізін қалаушының бірі, әйгілі «Майшеке», Александр Мәшкевичтің өмірден өтуі компанияның ішіндегі талас-тартысты ушықтырып жіберді. Бірнеше апта бойы ERG-дің қазіргі басшысы Шухрат Ибрагимовке қарсы ақпараттық шабуыл үдеп, қарша бораған сыни контент медиакеңістікті жаулап алды. Бұл кездейсоқ емес, мұқият ойластырылған және бір орталықтан басқарылған PR-кампанияға көбірек ұқсайды деп жазады Ertenmedia. ERG еліміздегі ірі өндірістік компанияның бірі. Оның 40 пайызы Қазақстан билігінің меншігінде. Бұған дейін компанияны ілгеріде айтқан Мәшкевич, Патох Шодиев және Әлижан Ибрагимов дейтін атышулы трио басқарған болатын. Соңғысы 2021 жылы өмірден өткен соң, компанияның болашағы туралы әңгіме қызған. Машкевичтің қайтыс болуы таққа таласты одан әрі күшейтті. Қазір…

Толық оқу

Бүгін Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөз сөйледі. Өз сөзінде Президент саяси қуғын-сүргіннен ұлт зиялылары қатты жапа шеккенін айтты. — Біз жыл сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Зұлмат заманда қаза болған жандардың рухына тағзым етеміз. Өткен ғасырда Кеңес Одағына қарасты көптеген халық талай қиындықты бастан өткерді. Соның ішінде қазақ елі де зобалаң жылдардың тауқыметін тартты. Күшпен ұжымдастыру науқаны кезінде мал-мүлкінен айырылды. Жұртымыз алапат аштықтан қынадай қырылды, көп адам жан сауғалап, шетел асып кетуге мәжбүр болды. Сталиндік репрессия кезінде ұлтымыздың зиялылары, білімді, көзі ашық азаматтар жаппай қудаланды. Мыңдаған адам халық…

Толық оқу

Президент Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде АЛЖИР-де сөз сөйлеп, тарихи әділет туралы салмақты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ertenmedia. «Өткен дәуірдің антигуманистік әрі залым саясатын ақтаудың ешбір негізі жоқ. Кеше ғана қаһарман болғандардың бүгін жауызға айналуы, жендеттердің халық кумирі ретінде дәріптелуі қауіпті әрі кешірілмес іс», — деді Мемлекет басшысы. Президент мұрағаты жанынан арнайы орталық ашылып, ұзақ жылдар бойы «аса құпия» деп мөрленген 700 мың іс толықтай зерттеушілердің назарына ұсынылды. Қазақстанда бұған дейін дәл осындай ауқымды жұмыс жүргізілген емес. Тоқаев тіпті басқа елдерде де осындай деңгейде құжаттар құпиясыздандырылмағанын ерекше атап өтті. 2019 жылдан бері жұмыс істеген мемлекеттік комиссия аясында миллиондаған…

Толық оқу

Бүгін Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөз сөйледі. Өз сөзінде Президент аштық пен қуғын-сүргіннен мыңдаған адам шет елге бас сауғалағанын айтты. — Біз жыл сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Зұлмат заманда қаза болған жандардың рухына тағзым етеміз. Өткен ғасырда Кеңес Одағына қарасты көптеген халық талай қиындықты бастан өткерді. Соның ішінде қазақ елі де зобалаң жылдардың тауқыметін тартты. Күшпен ұжымдастыру науқаны кезінде мал-мүлкінен айырылды. Жұртымыз алапат аштықтан қынадай қырылды, көп адам жан сауғалап, шетел асып кетуге мәжбүр болды. Сталиндік репрессия кезінде ұлтымыздың зиялылары, білімді, көзі ашық азаматтар жаппай қудаланды. Мыңдаған…

Толық оқу