Автор: editor

Бүгін Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөз сөйледі. Біз жыл сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Зұлмат заманда қаза болған жандардың рухына тағзым етеміз. Өткен ғасырда Кеңес Одағына қарасты көптеген халық талай қиындықты бастан өткерді. Соның ішінде қазақ елі де зобалаң жылдардың тауқыметін тартты. Күшпен ұжымдастыру науқаны кезінде мал-мүлкінен айырылды. Жұртымыз алапат аштықтан қынадай қырылды, көп адам жан сауғалап, шетел асып кетуге мәжбүр болды. Сталиндік репрессия кезінде ұлтымыздың зиялылары, білімді, көзі ашық азаматтар жаппай қудаланды. Мыңдаған адам халық жауы атанып, аяусыз азапталды, сотсыз атылды. Ұлтымыз аз ғана уақыт ішінде Әлихан…

Толық оқу

Үлкен Нарын ауылында өткен көшпелі әкімдік отырысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ауданның дамуының негізгі бағыттарын талқылады. Әсіресе, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жол инфрақұрылымы және туризм мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Туристік тартымдылықты арттыру бағытындағы бір қадам – Үлкен Нарын маңында жаңа жол бойы сервистік нысанның ашылуы болды. Кешенде экспресс-кафе, күнделікті қажетті тауарлары бар дүкен, санитарлық аймақтар, ана мен бала бөлмесі және намаз оқуға арналған бөлме бар. Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, мұндай нысандар республикалық жолдар бойында әрбір 50–60 шақырым сайын орнатылады. Биыл облыста тағы 870 км жол жөнделмек, ал былтыр 710 км жол жаңартылған. Сондай-ақ, соңғы алты жылда алғаш рет…

Толық оқу

Ғасыр жасаған Александр Журавлев сергек, әрі ширақ көрінеді. Алматы өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері ардагерге Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың құттықтау хатын табыс етті. Александр Журавлев соғыстың қызған шағында майданға шақырылды. Ол 1943 жылы 17 жасқа толды. Карелия майданында зеңбірекші-барлаушы болып соғысуға тура келді. Бір жылдан кейін Украинаны азат етуге қатысты. Эльба өзенінен өтті. Жеңісті Берлинде қарсы алды. Онда жау сарбаздары кескілескен шайқастан бөлек, қоян-қолтық ұрысқа түсті. Соғыстан кейін Александр Степанович тағы бес жыл Будапешт пен Дағыстанда әскери қызметін жалғастырды. Ал запасқа шығарылғаннан кейін құрылыс инженері ретінде бейбіт кәсіпті таңдады. Әскери ерліктері үшін Александр Журавлев І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік…

Толық оқу

«ЭКСПО-2017» көрмесінің құрылысына бөлінген ақшаны жымқыруға қатысты атышулы іс қайта көтерілді.  Мәжіліс Бас прокуратура мен Антикорға сауал жолдап, осы істе нақты кінәлі тұлғаларды анықтап, жаңа тексеріс өткізуді талап етті деп жазады Ertenmedia. Депутат Ермұрат Бәпи құқық қорғау органдарына ресми сауал жолдап, осы іс бойынша сотталған ұлттық компанияның бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтың айыбы жеткілікті дәлелденбей-ақ жазаға тартылғанын айтты. Бұған БАҚ-та жарияланған «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы төрағасының бұрынғы орынбасары Мұрат Омаровтың сұхбаты себеп болған. Омаров өз мәлімдемесінде қылмыстық істің қолдан құрастырылғанын, нақты кінәлілердің жауаптан тыс қалғанын атап өткен еді. Осыған орай, депутат Бәпи істің 500 томдық материалымен танысып шыққанын, бірнеше кездесулер өткізгенін…

Толық оқу

Алматы облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай қоғамдық келісімді нығайтуға, этносаралық диалогты дамытуға және бірлік құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған ауқымды іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Мерейтойлық жылдың басты оқиғасы – 2025 жылғы 30 мамырда Қонаев қаласында Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXX сессиясының өтуі болды. Сессияға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев төрағалық етті. Жыл басынан бері өңірде 300-ден астам тақырыптық іс-шара өткізілді, оған 40 мыңнан астам адам қатысты. Іс-шараларға 34 этномәдени бірлестіктің өкілдері (оның ішінде 18-і облыстық деңгейде), Аналар кеңесі мен Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, «Ассамблея жастары» жастар қанатының белсенділері, медиаторлар және азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Мерейтой жылы этносаралық келісім…

Толық оқу

Қазақстан мен Италия арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони Астанада өткен кездесуде екі елдің әріптестігін кеңейту туралы уағдаласты. Кездесу қорытындысында тараптар бірнеше маңызды бағыттар бойынша серіктестік орнатуға келісті деп хабарлайды Ertenmedia. Атап айтқанда, екі ел азаматтарының көші-қон мәселелерін реттейтін арнайы келісім жасалды. Бұл құжат Қазақстан мен Италия арасындағы құқықтық қатынастарды нығайтып, екі ел азаматтарының құқықтарын қорғауға ықпал етеді. Сондай-ақ, өнеркәсіп, құрылыс, энергетика және экологиялық қауіпсіздік саласында әріптестікті тереңдетуге келісті. Екі мемлекет стратегиялық маңызды шикізат қорлары мен сирек қазба байлықтарын бірлесіп игеру жөнінде өзара түсіністікке қол жеткізді. Бұдан бөлек, Қазақстанның ірі ұлттық…

Толық оқу

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Үлкен Нарын ауылына жұмыс сапары барысында өңірде, соның ішінде аудан орталықтары мен ауылдарда туризмді дамытуда жол бойы сервисі маңызды рөл атқаратынын атап өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Маңызды қадамдардың бірі ретінде Үлкен Нарын ауданы әкімдігі мен «ҚазАвтоЖол» АҚ бірлескен жобасы аясында жол бойы сервистік нысанның ашылуын айтуға болады. Бұл жоба аудан инфрақұрылымын жақсартуға, туризмді дамытуға қосымша мүмкіндіктер жасауға бағытталған. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарын ашу және жергілікті кәсіпкерлерді қолдау көзделуде. «Туризмді дамыту үшін ең алдымен жол, инфрақұрылым және жол бойы сервистік қызметтер қажет. Өткен жылы облыс бойынша 710 шақырым жол жөнделді, биыл тағы 870…

Толық оқу

Су ресурстары және ирригация министрлігі Түркістан облысындағы Өгем өзенінде ГЭС каскадымен бірге топтық су құбырын салу жобасына жеке инвестиция тартты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жоба аясында ұзындығы 12 шақырымдық туннель қазу, ұзындығы 40 шақырым болатын су құбырын, су жинау қоймасын және Қазығұрт ауданының Жаңабазар ауылындағы су тазарту станциясын салу, сондай-ақ бес шағын гидроэлектр станциясынан тұратын каскад салу көзделген. Бұл жоба Түркістан облысының Сарыағаш, Келес, Қазығұрт, Жетісай және Мақтаарал аудандарын ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Жобаның қуаттылығы – жылына 110 млн текше метр ауыз су және сағатына 72 мегаватт электр энергиясы. Бұл өңірге қосымша энергетикалық қуат береді. «Министрлік Қазақстанның су шаруашылығына…

Толық оқу

ҚХР-ның Шанхай қаласындағы ғасырға жуық тарихы бар Broadway Mansions қонақ үйінде Visit Turkistan туристік ақпараттық кеңсесі ашылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Кеңсенің негізгі мақсаты – әлемнің түкпір-түкпірінен келетін саяхатшыларға Түркістан облысының туристік әлеуетін таныстыру және өңірге туристерді тарту. Қазақстан туризмін халықаралық деңгейде насихаттайтын бұл кеңсенің ашылуына Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов қатысып, ізгі ниетін жеткізді. – Екі ел арасындағы байланыс бірнеше ғасырға жалғасып келеді. Ұлы Жібек жолы бойындағы бұл тарихи сабақтастық әлем үшін де маңызды. Біз Қытаймен арадағы осы байланысты іскерлік бағытта жаңғыртып, Түркістан облысының туризмін жаңа деңгейге шығарғымыз келеді. Кеңсеміздің ашылуына үлес қосқан SkyWay туроператоры мен Шанхай…

Толық оқу

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Алматыбасжоспар»-да кеңес өткізді, онда оған кәсіпорынның ағымдағы қызметі және қаланың тұрақты даму стратегиясын қалыптастыру жөніндегі жұмысының негізгі бағыттары ұсынылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұрыннан белгілі, Алматының даму бағдарламасы мен қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспары дамудың моноорталықтық моделінен полиорталықтық моделіне көшуді көздейді. Қала басшысына бес негізгі полиорталықтар — іскерлік белсенділікті қайта бөлуге, қаланың орталық аудандарында жүктемені азайтуға және бүкіл мегаполис бойынша толыққанды өсу нүктелерін құруға арналған заманауи қоғамдық-іскерлік кластерлерді қалыптастыру жобасы ұсынылды. «Солтүстік» полиорталығы — «Алматы-1» теміржол станциясына іргелес аумақ. Бұл полиорталықта қызмет көрсету саласы қарқынды дамитын болады, салынып жатқан құрылыстарда бірінші қабаттар шағын бизнеске жалға беріледі,…

Толық оқу