Алматының индустриалды аймағында Almaty Autoparts Production жаңа зауытының ашылу салтанаты өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап. «Almaty Autoparts Production» ашылу салтанаты ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев, «Youngsan» компаниясының төрағасы Пак Чон Бом және «Астана Моторс» компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұловтың қатысуымен өтті. Қазақстандық «Астана Моторс» компаниясы мен «Youngsan» автокомпоненттер өндірушісі (Корея Республикасы) Алматының Индустриалды аймағында автокөлік орындықтарын шығаратын бірлескен кәсіпорнын іске қосты. Локализацияның бірінші кезеңінде ортақ инвестиция көлемі 4 млрд теңгені құрады. 2024 жылдың желтоқсан айында компания орындықтарға арналған көбікті қалып-пішіндердің сынама партиясын шығарып, сертификациядан өтіп, өнімдерді Hyundai жеңіл автокөліктер өндірісіне жеткізу мақсатында «Hyundai…
Автор: editor
Мемлекет басшысы Әзербайжанның Сыртқы істер министрін қабылдады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Әзербайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесу өткізді. Президент мейманға ілтипат білдіре отырып, сан қырлы мемлекетаралық байланысты одан әрі нығайту тұрғысынан бұл кездесудің маңызын атап өтті.»Сіздің сапарыңыздың бауырлас Әзербайжан елімен ынтымақтастығымызды одан әрі ілгерілету тұрғысынан мәні зор. Біз үшін Әзербайжанмен қарым-қатынас ерекше маңызға ие. Біз Сіздің еліңізді сенімді стратегиялық серіктес және одақтас ретінде қарастырамыз», – деді Президент. Өз кезегінде Әзербайжанның Сыртқы істер министрі дәстүрлі түрде қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Джейхун Байрамов орайлы сәтті пайдалана отырып, әзербайжандық…
Алматы облысындағы Боралдай ауылында жаңа қоныс иелеріне кілт тапсыру рәсімі өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz «2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында әлеуметтік осал санаттағы 22 отбасы баспанаға ие болды. Жыл соңына дейін ауданда тағы 200 жалдамалы пәтер беріледі деп жоспарлануда. Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетовтың айтуынша, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – басты әлеуметтік міндеттердің бірі. «Біз әр отбасы, әсіресе әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін жеке баспананың маңыздылығын жақсы түсінеміз. Алдағы жылдары бұл бағыттағы жұмысты жалғастырып, мүмкіндігінше кезектегі азаматтардың армандаған пәтеріне қол жеткізуіне жағдай жасаймыз», — деді аудан әкімі. Іле ауданында қандай үйлер салынып жатыр? Қазір Өтеген батыр…
Сауд Арабиясында АҚШ пен Украина делегациялары арасында келіссөздер басталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Сауд Арабиясындағы Джиддада украиналық және америкалық делегациялардың кездесуі басталады», — деп жазылған Украина СІМ хабарламасында. Украина СІМ Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига, Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак және Украинаның қорғаныс министрі Рустем Умеровты қосқанда, Украина делегациясы кездесуге жиналып жатқан видео жариялады. Әлеуметтік желілерде АҚШ пен Украина делегацияларының кездесуінен алғашқы суреттер жарияланды. АҚШ-тан келіссөздерге Мемлекеттік хатшы Марко Рубио, АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолц және Трамптың Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Стив Уиткофф қатысады. Айта кетейік, бұған дейін Fox News арнасына берген сұхбатында АҚШ президентінің Таяу Шығыс жөніндегі…
Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған даму жоспары таныстырылды. Облыс әкімі жергілікті бюджеттің шығыс және кіріс бөлігіне жан-жақты талдау жүргізілгенін жеткізді. Соның нәтижесінде қаржыландырудың басым бағыттары анықталды. Ал үнемделген қаражат өзекті мәселелерді шешуге жұмсалады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2028 жылға дейін жүзеге асырылатын 24 инвестициялық жобаның тізімі жасақталғаны баяндалды. Жалпы құны 2,2 триллион теңге болатын бұл бастамалар 8 мыңнан аса жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Оның ішінде алты жоба биыл іске қосылады. Берік Уәли облыстағы әлеуметтік нысандардың және коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйі жөнінде мәлімет берді. Тұрғындардың сұранысына сай…
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев университетіндегі провокацияларды Шигео Катсу ұйымдастырып отыр деп тұспалдады, — деп хабарлайды ErtenMedia Ulysmedia.kz-ке сілтеп. Үкіметте Саясат Нұрбектен журналистердің бірі Назарбаев университеті бұрынғы басшысы Шигео Катсуға қарсы арыз дайындап жатқанын айта келе, «Ғылым және жоғары білім министрлігі де оны сотқа бере ме?» деп сұрады. «Біріншіден, Шигео Катсудың сол кездегі мәлімдемесі шындыққа сай келмейді. Екіншіден, әлбетте, өкінішке қарай, репутацияға бұл — сын. Үшіншіден, сенімсіз басылым-агрегаттардан осындай ақпараттар тарап жатыр. Себебі салмақты басылымдардың бәрі де фактчекиңмен ақпарат береді. Сол себепті НУ-дың сотқа беруі — бұл сол НУ-дың шаруасы, өйткені олар автономды оқу орны. Олардың жұмысы жеке заңмен реттеледі.…
Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 1300 шақырымға жуық жол жөнделеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz «24.kz»-ке сілтеме жасап. Бұл мақсатқа республикалық және жергілікті бюджеттен 83 млрд теңге бөлінді. Жергілікті билік өкілдері оның ішінде қала және ауыл ішілік жолдарға басымдық бермек. Мысалы, Петропавлдағы 42 көшеге асфальт төселеді. Сонымен қатар облыс орталығын Жезқазғанмен байланыстыратын бағыт қалпына келтіріледі. Биылдан бастап мемлекеттік сатып алу шарттарына да оң өзгерістер енгізілген. Енді байқауларға техникалық мүмкіндігі сай келетін компаниялар ғана қатыса алады. «Биыл республикалық жолдар бойынша ауқымды жобалар жүзеге асыралады. Атап айтқанда Дәуіт ауылынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі, Петропавлдан Ақмола облысына дейінгі аралық және Жезқазған мен Қостанай бағыттарының жолдары жөнделеді»,…
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекеттік қызметшілерді құмар ойындары үшін жұмыстан шығарды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Былтыр шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңына толықтырулар енгізілді. Соған сәйкес мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындар ойнауға тыйым салынады, әйтпесе олар теріс себептермен жұмыстан шығарылады. «Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамағаны анықталды. Мәселен, Ақжар ауданы әкімдігінің құрылыс және сәулет бөлімінің бас маманы заң талаптарын бұза отырып, 1XBET букмекерлік кеңсесінде жүйелі негізде «ставкалар» қойған. Осындай заңбұзушылықтар Ұялы ауылдық округі әкімі аппаратының және Ақжар ауданының білім бөлімінің бас мамандарына қатысты да анықталды», — деп жазылған хабарламада. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша лауазымды…
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келіп, ауыл халқының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған «Ауыл Аманаты» бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сапар барысында Кеңесші несие алған кәсіпкерлермен кездесіп, туризм, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және басқа да басым бағыттарға бөлінген қаржының тиімді әрі мақсатты жұмсалуына көз жеткізді. «Биыл әжептәуір өзгерістер бар. Былтыр берілген барлық тапсырма орындалу үстінде. Әрбір аудан бойынша, әрбір ауыл бойынша экономикалық бағдарламалар жасалған. Бұл облыста 2,535 млрд теңгеге нақты жобалар жүзеге асырылып, тағы 1,5 млрд теңге бөлініп отыр. Бүгін орта-шағын бизнес бойынша…
Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Байғалық Ернат Елубайұлы тағайындалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Байғалық Ернат Елубайұлы 1983 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Экономика және менеджмент» (2004 жыл), «Құқық және экономика негіздері» (2006 жыл) мамандықтары бойынша білім алған. Сонымен қатар, Тұран университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы ретінде бастаған. Кейіннен Алмалы ауданының Салық басқармасында бөлім басшысы қызметін атқарды. Сондай-ақ, әр жылдары Алматы облысында қаржылық бақылау инспекциясының бас маманы, бас бақылаушы-тексерушісі, Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы, басшының орынбасары, тексеру комиссиясының мүшесі ретінде жұмыс…