2025 жылғы 13 тамызда Астанада Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен республикалық Тамыз конференциясы аясында «Келешек мектептері: стратегиялық мақсаттар мен нақты нәтижелері» тақырыбында №3 панельдік секция өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia Панельдік секцияның негізгі мақсаты – «Келешек мектебі» тұжырымдамасын талқылау және мектептердің даму перспективаларын айқындау болды. Іс-шараға Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғылым жөніндегі вице-президенті Анар Танирбергенова; «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» директоры Лаура Бутабаева; Орта білім мазмұны институтының директоры Сейфолла Смайлов; сондай-ақ Ұлттық білім академиясының кәсіптік бағдар беру және адами капиталды дамыту орталығы, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының өкілдері мен…
Автор: Асылхан Бөрібай
Түркістан облысы – Қазақстандағы көпұлтты, мәдениеті мен дәстүрі бай өңірлердің бірі. Мұнда жүзден астам этнос өкілдері татулық пен өзара құрметке негізделген бір шаңырақ астында өмір сүруде. Соңғы жылдары аймақтағы этносаралық келісім мен ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріліп, қоғамдық бірліктің жарқын үлгісі қалыптасып отыр,- деп хабарлайды Ertenmedia Облыста халықтар арасындағы достықты нығайтуға бағытталған мәдени, ағартушылық және әлеуметтік жобалар тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Түркістан қаласы мен аудан орталықтарында орналасқан Достық үйлері этномәдени бірлестіктердің жұмысын үйлестіріп, түрлі ұлт өкілдерінің дәстүрлі мерекелерін, шығармашылық кештерін және тіл үйрету курстарын өткізуге мүмкіндік беруде. Биылдың өзінде өңірде «Бірлігіміз жарасқан», «Достық керуені», «Ынтымақ мерекесі» сияқты бірнеше ауқымды іс-шаралар өтті.…
Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов жұмыс кабинетінде ұсталды деп хабарлайды Ertenmedia. Антикордың дерегіне сүйенсек, оған Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі («Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу») бойынша айып тағылған. Шенді қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ақпаратты арнамыздың дереккөздері растап отыр. Әбдешов бұл қызметке биылғы ақпанда, Руслан Берденов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалған тұста келген. Шендінің тұтқындалуы әкімдікке қарасты «Тұрғын үй Шымкент» компаниясының директоры Ернар Жиембайдың Берденовке қастандық ісі бойынша атышулы сот процесімен тұспа-тұс келіп отыр. Айтпақшы, компанияда дәл қазір аудит жүргізілуде. Күні кеше қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың көмекшісі сотта куәлік беріп, тосын мәлімдеме…
Алматы облысындағы атышулы Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған 4,5 мың гектар жер аукционда 217 млн теңгеге сатылды, деп хабарлайды Ertenmedia. Ескі Қазақстанның активтерін қайтарумен айналысатын компания (КУВА) Шамалған ауылы маңындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы ірі жер телімі жаңа иесін тапқанын мәлімдеді. Аукцион 13 тамыз күні өткен, мәміле 217 млн теңгеге жасалған. Аумағы 6300 футбол алаңына тең келетін учаскі бұған дейін Боранбаев құрылтайшысы болған «Алмалы» холдингінің меншігінде еді. Айта кету керек, аумақ бастапқы ұсынылған бағамен сатылған. Келісімшарт заң бойынша 10 жұмыс күні ішінде рәсімделіп, сома толық түскеннен кейін ғана жер телімі жаңа иесіне өтеді. Бұдан түскен қаражат арнайы мемлекеттік қорға аударылады. Қаскелеңге жақын…
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласы мен Бәйтерек ауданында білім беру саласындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында өңір басшысы мектеп инфрақұрылымын жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған «Келешек мектептер» жобасы аясында салынып жатқан нысандарды аралады. Алғашқы нысан – Орал қаласындағы №8 орта мектеп. Мұнда жаңа оқу корпусының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Әкім құрылыс жұмыстарының кестеге сай және сапалы орындалуының маңыздылығын атап өтіп, жаңа мектептер заманауи стандарттарға сай болуы тиіс екенін және оқушылар мен ұстаздарға барынша жайлы жағдай жасалуы керектігін айтты. Одан кейін Нариман Төреғалиев Бәйтерек ауданына қарасты Байқоныс және Достық ауылдарында болды. Мұнда 600 және 1200…
Абай тойында Мәулен Әшімбаев бастаған шенділердің еріктілердің қоршауында жүргенін әлеуметтік желіге тарап, сынға қалған еді. Осы мәселеге байланысты ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі жетекшісі Данияр Рамазанов жеке парақшасында пікір білдірді. – Соңғы күндерде әлеуметтік желілерде Абай тойына барған Сенат Төрағасы, Абай облысының әкімі, министрлер және салтанатты іс-шараға келген басқа да делегаттардың «қауіпсіздік шеңберімен» қоршалып жүргені туралы ақпарат тарағаны белгілі. Осы мәселеге байланысты Абай облысының әкімдігі, әкім Берік Уәли, сондай-ақ, кеше министр Саясат Нұрбек түсініктеме берді. Расымен, мұндай әрекеттің мүлдем орынсыз екеніне ешқандай күмән жоқ. Біз аталған жайтты көрген бойда еріктілерден оны доғарып, басқа, маңызды істермен айналысуын сұрадық. Осылайша, бұл жағдай…
Украина дрондарының Ресейдің Брәнск облысындағы «Унеча» мұнай айдау станcысына шабуылдағаны туралы ақпарат тарады деп жазады Ertenmedia. Cтансы қазақ мұнайын Еуропаға жеткізетін «Дружба» құбырының бір бөлігі саналады. Алайда аталған оқиға Қазақстаннан Германияға бағытталған шикізат экспортына ешқандай зиянын тигізбегені белгілі болды. 13 тамызға қараған түні орын алған шабуыл жайлы шетелдік ақпарат құралдары жарыса жазды. «РБК-Украина» агенттігі NASA-ның жерсерік арқылы түсірген суреттеріне сүйеніп, станция аумағында ірі өрт шықты деп мәлімдеген. Еліміздің Энергетика министрлігі жағдайды анықтап, ресми жауабын берді. «Қолда бар ақпаратқа сай, қазіргі таңда қазақ мұнайы ПАО «Транснефть» жүйесі арқылы қалыпты жағдайда тасымалдануда. Мұнай жөнелтушілер үшін ешқандай шектеу қойылмаған», – деп нақтылады ведомствоның…
Қазақстандық блогерлер мен контент авторлары YouTube, TikTok, Facebook сияқты шетелдік ірі интернет-платформалардан алатын табысы туралы мәлімет енді еліміздің салық органдарына беріліп отырады. Бұл деректерді Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтардың табыс декларациясымен салыстырып, кірістерін тексеру үшін пайдаланады деп жазады Ertenmedia. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде интернет арқылы сауда-саттық жасайтын Alibaba, Pinduoduo сияқты шетелдік компаниялар Қазақстанда тіркеліп, салық төлеп отыр. Ал блогерлерге тікелей табыс түсіретін платформалар азаматтардың табысы туралы ақпаратты салық органдарына тапсыруға міндеттеледі. «Бұл компаниялар Қазақстан азаматтарының өз платформаларынан алатын табысы туралы деректерді бізге беріп отырады. Біз осы мәліметті табыс декларациясымен салыстыру үшін пайдаланамыз. Жалпы табыс алған…
Мемлекеттік награда алғысы келетіндердің өмірбаяны енді бүге-шүгесіне дейін тексеріледі, деп хабарлайды Ertenmedia Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеп. Президент жарлығымен мемлекеттік наградаларға ұсыну тәртібіне өзгерістер енгізілді. Жаңа ереже кандидаттарды іріктеу процесінің әділдігін арттыру мақсатында қабылданған. Енді марапатқа ұсынылған азаматтың еңбек жолы, ел алдындағы нақты еңбегі мен жетістіктері егжей-тегжейлі көрсетілуге тиіс. Сондай-ақ оның бұрын жасаған қылмысы туралы ақпарат та міндетті түрде жазылуы керек. Бұл ретте қылмыстың қанша уақыт бұрын жасалғаны маңызды емес. Қажет жағдайда полициядан арнайы мінездеме талап етілуі мүмкін. Көпбалалы аналарды марапаттау тәртібі де нақтыланды. Енді мемлекеттік наградаға ұсынылатын көпбалалы ананың Қазақстан азаматы екендігін растайтын төлқұжатының куәландырылған көшірмесі ұсынылады. Егер балалары…
Шымкент әкімінің көмекшісі Талап Рахымбердиев қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты сотта куәлік берді, деп хабарлайды Ertenmedia. Оның айтуынша, Руслан Берденов жиналыс сайын басқарма басшыларын үнемі тексеріспен қорқытқан. «Берденов басқарма басшыларын жинағанда әр жиналысты тексеріспен, «антикор мен экономикалық тергеу қызметін барлық жерге жіберемін» деген ескертумен бастайтын», – деді куәгер. «Тұрғын үй Шымкент» серіктестігінің экс-директоры Ернар Жиембай мен Берденовтің арасында келіспеушілік болды ма деген сұраққа куәгер қысқа ғана «жоқ» деп жауап қатты. «Жиембаймен тек бір рет қана, оның өзінде телефонмен сөйлестім. Оқиға болған күні басқарма басшысының орынбасары Ердәулет Әжібаев мені кабинетіне шақырып, Жиембай өз еркімен жұмыстан кететінін жеткізді. Маған…










