Автор: editor

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи премьер-министр Олжас Бектеновке отандық кәсіпкерлерді Еуразиялық экономикалық одақтың озбыр талаптарынан қорғауға шақырды. Үкімет басшысының тісі батпаса, депутаттар көмектесуге дайын екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz  Ulysmedia.kz-ке сілтеп. Ешқандай баж, салықпен шектелмеген шетелдік зауыттар отандық тауар өндірушілерді тұншықтырып жатыр. Олардың қызмет-қарымын шідерлеп тастаған ең бірінші кесапат – Еуразиялық экономикалық одақтың бізге өрескел қолайсыз шарттары. «Бірақ оны сыртқы саясаттың салқыны салдарынан үкімет дауыстап айта алмайды. Ендеше, біз, депутаттар айтайық! ЕАЭО келісіміне толықтай болмаса да, жекелеген позицияларына ревизия жасайтын уақыт келді. Бұдан ары кешіктіру – отандық тауар өндіру бизнеске өліммен тең!» – дейді ол.

Read More

Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда 18,96 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері тұрғын үй құрылысындағы рекордтық көрсеткіш. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 172 089 баспана пайдалануға берілді. Оның 39 064 жеке үй. Өңірлер арасында Шымкент қаласы, Павлодар, Түркістан және Қызылорда облыстары құрылыс қарқыны бойынша көш бастап тұр. 2024 жыл Қазақстанның тұрғын үй саясаты үшін бетбұрыс кезеңі болды. Қараша айында Президент «Тұрғын үй заңнамасын реформалау туралы» Заңға қол қойды. Ол азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға мемлекеттік қолдау көрсету тетіктерін жетілдіреді. «Отбасы банкі» «Бір терезе» қағидаты бойынша мұқтаж азаматтар арасында тұрғын үйді тіркеу және бөлумен айналысатын…

Read More

Қазақстанда жемқорлардың жария тізімі пайда болады. Бұл туралы 15 қаңтарда өткен Мәжіліс отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов мәлімдеді. Мәжіліс дәлізінде Антикор өкілі мұның мәнін де түсіндірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Сарқұловтың сөзіне сенсек, бұл өзгеріс бюджеттен ешқандай шығынды талап етпейді. «Біз бұл мәселеде басқа мемлекеттік органдармен жан-жақты жұмыс істедік. Бұл мемлекеттік тізілімді енгіземіз, ол ешқандай шығынға ұшыратпайды. Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдар бойынша соттың соңғы үкімдері болады. Біз «Ұят болады» дейміз. Ұят болмас үшін олар осы тізімде болады», — деді Ұлан Сарқұлов Мәжіліс дәлізінде. Антикор өкілі тізімге заң күшіне енгеннен кейін сотталған…

Read More

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдады. Сайыров өз сөзінде халықты қымбатшылық қысып тұрғанын жасырмады, —  деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Сайыров жаңа жылды Үкіметті сынаумен бастағандай. Себебі депутат «Үкіметтің жасап жатқан шараларына қарамастан,  халқымыздың әл-ауқаты артар емес», — деді Мәжіліс отырысында. «Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйенсек, жан басына шаққандағы кіріс 112мың теңге, оның 98 мың теңгесі тек қана азық-түлік, киім-кешек, коммуналдық қызметті төлеуге кетеді. Мысалы, Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, күріштің бағасы 31,3 пайызға, жұмыртқа 16,9 пайызға, сары май мен сүт өнімдерінің бағасы 12 пайызға өскен. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа келсек, коммуналдық қызметтер орташа алғанда 25 пайызға қымбаттаған», -…

Read More

Мәжіліс отырысында депутат Серік Ерубаев көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл салатын норманы қайта қарауды ұсынды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Депутаттың айтуынша, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы заң жобасын талқылау барысында бірқатар депутат сынға алып, заң жобасын қолдамаған. «Негізсіз айыппұлдарды қолданудан ең алдымен кәсіпкерлер мен көлік жүргізушілері зардап шегетіні баршаға мәлім. Бір мысал ретінде кең резонанс алған, тұрақта қозғалтқышы бес минуттан аса жұмыс істеп тұрғаны үшін айыппұл салуды келтіруге болады», — деді ол. Серік Ерубаевтың сөзінше, мұндай санкция кәсіпкерлер үшін үлкен мәселе тудырып отыр, өйткені тауарларды үй жанындағы дүкендерге тиеу және түсіру кезінде бес минуттан көп уақыт кетеді,…

Read More

Қазақстанда жемқорлардың ашық тізімі пайда болады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қазақстанда жемқорлардың ашық тізімі енгізіледі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов хабарлады. Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қаралды. Бұл заң жобалары аясында елде жемқорлардың ашық реестрін енгізу жоспарланып отыр. «Бұл – алдын алу құралы. Реестрге ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдар туралы мәліметтер енгізіледі. Адамды тізімге…

Read More

Бүгін Мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы баяндалды.  Депутат Еділ Жаңбыршин Мәжіліс отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қызмет өкіліне ашық ескерту жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Еділ Жаңбыршин заңды құптайтынын, алайда құзырлы органдар мұны өзінен бастау керек екенін айтты. «Дұрыс заң. Ең бірінші жемқорлықты құқықты қорғау органдары өздерінен бастау керек. Бірінші өздеріңді тазалап алыңдар. Бірінші өздерің дұрыс жұмыс істеңдер. Өздерің параға итермелемеңдер. Сол кезде бәрі жақсы болады», — деді ол. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов депутаттың сауалына жауап беріп, бәрі тексерілетінін мәлімдеді. «Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне…

Read More

Мәжіліс депутаты, ХПК фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов депутат Гаухар Танашеваның отставкасына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Депутат Танашеваның отставкасы Кеше Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Гаухар Танашева Мәжіліс депутаты өкілеттігінен айырылғанын хабарлады. Ол 2023 жылға 28 наурызынан бастап депутат болды. Танашева билікке жақпай қалды ма? «Қоғам кедейлік пен әділетсіздіктен шаршады!» деген Гаухар Танашева билікке жақпай қалды ма? Себебі бұған дейін Қазақстан Халық партиясының депутаты Гаухар Танашева өңірлерге жасаған жұмыс сапарында мектептер мен ауруханаларға күрделі жөндеу қажет дегенді алға тартып, шаруаларға жайылымдық жер жетіспейтінін мәлімдеді. Бұған қоса көпбалалы және әлеуметтік қорғалмаған отбасылар атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізе алмай жүргенін айтты. Сонымен…

Read More

«Мобайл Телеком-Сервис» компаниясын (Tele2 және Altel) қатарлық компанияға сату келісімі аяқталды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Биржа мәліметі бойынша келісім 2025 жылы 14 қаңтарда аяқталған. «Қазақтелеком» «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС жарғылық капиталындағы 100 пайыз үлесін қатарлық PIH Communication LLC (Power International Holding) компаниясына сатты. «Қазақтелекомның» негізгі акционері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры. 2024 жылы «Қазақтелеком» өз мобильді активтерінің бірі – «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Tele2/Altel брендтері) компаниясын Таяу Шығыстың жетекші конгломераттарының бірі саналатын қатарлық Power International Holding компаниясына сатуды жоспарлап отырғаны белгілі болды. Мамырда «Қазақтелекомның» акционерлері компанияның 100 пайыз акциясын сату жөнінде дауыс берді. Цифрлық даму министрі…

Read More

Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқан стюардесса туралы фильм түсіріледі, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Әзербайжан Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан стюардесса Хокума Алиеваның өміріне қатысты деректі фильм түсірмек. Фильмнің көркемдік жетекшісі — Әзербайжан кинематографистер одағының төрағасы, халық әртісі Расим Балаев, сценарий авторы әрі режиссер — Зия Шихлинский, оператор — одақ басқармасының мүшесі, өнер қайраткері Адиль Аббасов. Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевтің 2024 жылғы 29 желтоқсандағы жарлығымен Баку-Грозный бағыты бойынша ұшқан Embraer 190 жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған кезде кәсіби шеберлігі, ерлігі және жолаушылардың өмірін сақтап қалуда көрсеткен батылдығы үшін Хокума Джалилқызы Алиеваға қайтыс болғаннан кейін «Әзербайжанның Ұлттық Батыры» атағы берілді. Айта кетейік, 25…

Read More