Абай облысында Абайдың 180 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен «Абайға құрмет» акциясы басталған болатын. Бүгін ақын мерейтойына арналған онкүндіктің тоғызыншы күнінде акция аясындағы алғашқы нысанның құрылысы басталды. Маңғыстау облысы Семей қаласына Достық үйін салып бермек. Нысанның іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбаев бастаған делегация қатысты. Жаңа нысан 75 мың тұрғынға арналған «Semey Smart City» шағын ауданында бой көтереді. Этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың басын қосатын, 3 қабатты көпфункционалды мәдени кешен бірнеше функционалдық блоктан тұрады. Кітапхана, қолданбалы өнер мұражайы, фотозертхана, көркемөнер және қалпына келтіру шеберханалары, кинозал, конференция залдары қарастырылатын болады. Аймақ басшысы…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазақстан құрамасы Сингапурда өткен жағажай самбосынан V әлем чемпионатында табысты өнер көрсетті. Атап айтқанда, біздің спортшылар 1 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдеге қол жеткізді. Жүлдегерлер: 1-орын. Маргарита Бажаева (-50 кг) 2-орын. Асқар Еспусинов (-58 кг) 3-орын. Жандос Бейсенбаев (-71 кг) 3-орын. Болат Сапар (-88 кг) 3-орын. Айнұр Төребай (-59 кг) 3-орын. Арайлым Әбенова (-72 кг) 3-орын. Қазақстан құрамасы (командалық сайыс) Биылғы бәсекеге 20 елдің спортшылары қатысты. Ұлттық құраманы осы жарқын көрсеткішімен құттықтаймыз. Бапкерлер мен спортшылар қазақ самбо мектебінің әлемдік аренада өз орны бар екенін тағы бір мәрте паш етті.
Семейде «Адамзаттың Абайы: руханият, парасат, таным» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар легі жалғасуда. Онкүндіктің тоғызыншы күнінде Семейдегі Шәкәрім университетінде «Адамзаттың Абайы: руханият, парасат, таным» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Оған Түркия, Нидерланды, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан секілді алыс-жақын шетелдерден және еліміздің әр өңірінен абайтанушылар мен әдебиеттанушылар, философтар мен тарихшылар қатысуда. Облыс әкімі Берік Уәли, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Мұхтар Әуезовтің немересі, түркітанушы ғалым Зифа-Алуа Мұратқызы, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов конференцияның ашылуында құттықтау сөз сөйледі. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Абай және ХХІ…
ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты Жанарбек Әшімжан Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Семейден 170 шақырым қашықтықтағы киелі Жидебайға барып, ұлы ойшыл Абайдың рухына тағзым етті,- деп хабарлайды Ertenmedia Депутаттың айтуынша, бұл сапардың мақсаты — елдің ертеңі мен Отан амандығы үшін тілек тілеу және қазақтың ұлы тұлғаларына құрмет көрсету. «Жаратқан Иеміз тілегімізді қабыл қылғай! Қазіргі күндері Алаштың аты шыққан азаматтарының бәрі Семейге, киелі Жидебайға ағылып келіп жатыр», — деді ол. 1 тамыздан бастап Абайдың 180 жылдығына арналған түрлі мәдени және рухани іс-шаралар Абай облысының орталығы Семейде және өзге өңірлерде өтіп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында Абайдың мерейтойын лайықты…
Алматы облысында «Ауыл құтқарушылары» республикалық бағдарламасы аясында алыс ауылдарға өрт қауіпсіздігі инфрақұрылымын жақындату ісі жүйелі қолға алынды. Бұл бастама қағаз жүзіндегі жоспар емес, нақты құрылыс пен техникаға, жергілікті жұртпен бірлесе істеліп жатқан күнделікті жұмысқа айналып отыр. Өңірдегі жұмыстарға Алматы облысы ТЖД бастығы, подполковник Д.Д. Оразбеков тікелей бақылау жасап, аудандық әкімдіктермен, белсенді азаматтармен және еріктілермен бір үстелдің басында отырып үйлестіру жүргізуде. Соңғы жылдары облыстың тау бөктері мен жайлауларында, далалық белдеуде, сонымен бірге ауыл ішіндегі жеке секторда өрт тәуекелі артқаны жасырын емес. Жаздың аптабында дала және қоқыс өрті, күз бен көктемде – қураған шөп пен бақшалық учаскелер, қыста пеш пен мұржаның ақауынан…
Армения мен Әзербайжан басшылары Уашингтонда тарихи келісімге қол қойды деп хабарлайды Ertenmedia. АҚШ президенті Дональд Трамптың тікелей араағайындығымен жүзеге асқан декларация екі ел арасындағы көпжылдық қарулы қақтығысқа нүкте қойып, бейбіт қатынас пен дипломатиялық диалогқа жол ашты. Құжат Армения премьері Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Илхәм Әлиевтің тікелей келіссөздері нәтижесінде қабылданған. Тараптар қол жеткізілген бейбіт келісімді толық бекіту мен ратификациялауды мойнына алды. Сондай-ақ, өзара егемендік пен аумақтық тұтастықты құрметтеу, әскери текетірестен бас тарту міндетін де өз жауапкершілігіне алып отыр. Декларацияның басты тармағының бірі өңірдегі көлік қатынасын жақсарту және Әзербайжанның негізгі аумағы мен Нахишеван эксклавы арасын жалғайтын жаңа транспорттық дәліз ашу. Армения…
Бүгін Финляндия астанасы Хельсинкиде өтіп жатқан халықаралық кинологиялық федерация (FCI) эгидасы аясындағы World Dog Show 2025 дүниежүзілік иттер көрмесінде «Қазақ тазысы» ит тұқымы ресми түрде әлемге таныстырылды. Дүниежүзілік іс-шараға Қазақстан делегациясы қатаң талап бойынша іріктелген әрі халықаралық деңгейде өнер көрсетуге барынша үйретілген 8 тазыны апарған болатын. Әлемнің әр түкпірінен келген 25 000 үздік иттің ішінде қазақ тазылары FCI ұйымында тіркелген дербес ит тұқымы ретінде тұңғыш рет жұрт назарына ұсынылып отыр. Қазақтың төл ит тұқымдары алғашқы сайыста айтарлықтай маңызды нәтижеге қол жеткізді: 5 тазы өздерінің рингтерінде жүлделі орындарды жеңіп алды. «2025 жылғы Әлемнің жас чемпионы» аталымында Темірлан атты тазы жеңімпаз болды,…
ҰҚК-нің Шекара қызметінің бұрынғы басшысы, кезінде Назарбаевтар әулетімен байланысы бар компанияға артықшылық берген генерал Дархан Ділманов бостандыққа шықты. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді деп жазады Ertenmedia. «Аталған азамат сот үкімімен белгіленген мерзімді толық өтеген соң босатылды», – деп нақтылады комитет өкілі. Ділманов осыдан екі жарым жыл бұрын қызметін асыра пайдаланғаны үшін төрт жылға сотталған. Сот оны шенінен, марапаттарынан және бағалы мүлкінен айырған еді. Қамауда отырған мерзімі жаза мерзіміне есептелгендіктен, генерал мерзімінен бұрын еркіндікке шықты. Ілгеріде атышулы болған бұл істің түбі Назарбаевтар отбасына тірелген. Генералдың үстінен қозғалған қылмыстық іс пандемия кезеңіндегі шекарадағы заңсыздыққа қатысты еді. Сол уақытта Қазақстан мен Қытай…
Александрия қаласында (АҚШ, Вирджиния штаты) өткен 2025 жылғы мектеп командалары арасындағы шахматтан Әлем чемпионатында РФММ (Алматы) құрамасы күміс жүлдеге ие болды. Жеке есепте де оқушылар жарқын өнер көрсетті: Иманғали Ақылбай алтын медаль жеңіп алса, Эдгар Мамедов пен Зарина Нұрғалиева қола медаль иегерлері атанды. FIDE World Schools Team Championship 2025 аясында өткен бұл додаға 48 елден 55 команда қатысты. Ақтауда өткен екі жыл бұрынғы чемпионаттан айырмашылығы – Александрияда жас ерекшеліктері бойынша бөлініс болмады. Ал құрамда қыздар мен 12 жастағы спортшылардың болуы енді міндет емес, спорттық іріктеу нәтижесі ретінде бағаланды. Турнирдің соңғы күні әдеттегіден ерте – жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де (Қазақстан…
Қазақстан құрамасы мектеп оқушыларына арналған Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасында (IOAI 2025) ең үздік нәтижелердің бірін көрсетіп, 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Бұл дода оқушылардың жасанды интеллект мен техникалық білім саласындағы дайындық деңгейін көрсетті,- деп хабарлайды Ertenmedia Олимпиада 2–9 тамыз аралығында Бейжіңде өтіп, 61 елден келген 77 команданы жинады. Қазақстан атынан оған екі команда қатысып, құрама үздіктер қатарынан танылды. Осылайша, алтын медаль иегерлері – Қасымқан Жәнібек, Әбу Қанабек және Сұлтанби Исатай атанса, күміс медальді Аушахман Тәлім жеңіп алды, ал қола медаль Тимур Шакуов, Дәужан Бекетов пен Сұлтанбек Сарыға бұйырды. Сондай-ақ, IOAI ұйымдастыру комитетінің мақтау қағазымен Батыр…










