Маңғыстау техникалық колледжіндегі жымқыру дерегі әшкере болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметіне тексеріс жүргізді. «Тексеріс нәтижесіде бас бухгалтер 243 млн теңге көлемінде іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды», — деп жазылған ақпаратта. Осы факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс арнайы прокурордың өндірісінде. Бұл дерекке қатысты сот сараптамалары тағайындалды.
Автор: editor
Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ауылдық жерлерде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жөніндегі кең ауқымды шараларды іске асыруда. Көлік медицинасы — тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудың қарқынды дамып келе жатқан бағыты. Еліміздің шалғай аудандарының тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында жылжымалы медициналық кешендер (ЖМК) де белсенді жұмыс істеуде. 2024 жылы 3072 елді мекеннің 1,2 млн тұрғыны «дөңгелектегі емханалардың» көмегімен дәрігерлердің кконсультациялары мен диагностикалық ем-шараларға қол жеткізді. Жылжымалы кешендердің көмегімен бейінді мамандар 1,2 млн. консультация, 656 мың диагностикалық, 333 мың зертханалық зерттеу жүргізді. Зерттеп қарау нәтижесінде әртүрлі аурулары бар 95 мың пациент анықталды, оның 78,3%-ы…
Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтің қызы Гүлнара Каримова әйелдер колониясынан қоныс-колонияға ауысты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz «Азаттыққа» сілтеп. Бұл жөнінде бір-бірінен тәуелсіз бірнеше дереккөзге сүйенген Азаттықтың Өзбек қызметі жазған. «Гүлнара 5-6 шабаданымен бақытты күйде колониядан кетті. Кетерінде жылдар бойы өзіне жақын болып кеткен сотталушылармен құшақтасып қоштасты. Оны қылмыстық жазаны атқару басқармасынан келгендер мен колония бастығы Гүлрух Каримова шығарып салды» деді әйелдер колониясының аты-жөнін атамаған қызметкері Азаттыққа. Оның сөзінше, былтыр 19 желтоқсанда аудандық сот Каримованың жазасын жұмсарту туралы шешім шығарған. Өзбекстан ішкі істер министрлігі де, жазаны атқару департаменті де, омбудсмен де ресми түрде ақпаратты растаған жоқ, бірақ терістемеген де.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili» газетіне берген сұхбаты көпшіліктің назарындағы басты тақырып болып тұр. Себебі бұл жарияланымда өткен жылдың қорытындысынан бөлек, еліміздің алға қойған даму бағыттары көрсетілген. Сыртқы және ішкі саясат, экономика, кәсіпкерлік, әлеумет, ел өмірінің барлық тұстары қамтылған. Осыған орай қоғам белсенділері мен сала мамандарының көзқарас, пайымдауларын оқырман назарына ұсынамыз. БолатжанӘл Фараби , дінтанушы, қоғам белсендісі Сұхбаттың символдық сипаты бар Бұл сұхбатты Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне бергенінің өз символдық мәні бар. Біріншіден, қазақ тілді медиаға берген қолдауы, екіншіден, мемлекеттік тілді дамытуды көздегені деп түсіндім. Ұға білген адамға бұл жерде Мемлекет басшысы мемлекеттік тілді дамытуды мегзеп тұр.…
Жазушы Мұхтар Мағауин қайда жерленетіні белгілі болды. Бұл туралы ІТ саласындағы маман Тимур Бектұр жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Әгәрәки, АҚШ-та жүргендер болса, рәсімдері осындай: қаңтардың 9-ы, бейсенбі ақшамда дүние салған Мұхтар Мағауиннің жаназасы ертең, қаңтардың 11-і сенбі күні сағат 10:00-де түріктің Diyanet Center of America мешітінде (9610 Good Luck Rd, Lanham, MD 20706) оқылады, қонақасы да сол орында 13:00-де беріледі. жерлеу рәсімі 11:00-де Parklawn Memorial зиратында (12800 Veirs Mill Rd, Rockville, MD 20853) өтеді», — деді ол. Айта кетейік, бүгін жазушы Мұхтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Мұхтар Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы…
Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша тергеу 2024 жылдың аяғына дейін бітпеді, бұған дейін ІІМ басшысының орынбасары Санжар Әділов тергеу жыл аяғына дейін аяқталатынын мәлімдеген еді. Бұл туралы Telegram арналар жазып жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Мәліметке сүйенсек, қылмыстық іс көбейген: ұрлық, бұзақылық, қорқыту және қылмыс туралы хабарламау эпизодтары қосылды. 11 күдікті қамауда отыр. «Хуторский» ұйымдасқан қылмыстық тобының басшысы делінетін Хасан Қасымбаевты қамауға алу мерзімі де жақында аяқталуы керек еді. Іс сотқа жіберілді немесе қамауға алу мерзімі ұзартылды деген хабарлар әлі жарияланбады», — деп жазылған мәліметте. Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болат көз жұмды.…
Жапония Қазақстан компаниясына санкция енгізді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Жапония Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізуді мақұлдады. Бұл шектеулер Қазақстанның бір ұйымына да әсер етті. Nikkei басылымы мәліметінше, бұл туралы Жапония министрлер кабинетінің отырысында белгілі болды. Экспортқа тыйым салынған тауарлар тізіміне кран қозғалтқыштарының бөлшектері мен басқа да арнайы жабдықтарға арналған бөлшектерді, сондай-ақ шағын мотоциклдерді қосатын 335 позиция енгізілді. Бұл тыйым Ресейдің өнеркәсіптік әлеуетін күшейтуі мүмкін. Сонымен қатар химиялық қару жасау үшін пайдаланылуы мүмкін капсаицин сынды химиялық заттар да тыйым салынған заттар қатарына енгізілді. Бұл тауарлардың экспортына қойылған шектеу 23 қаңтарда күшіне енеді. Үкімет шешімінде санкцияларды айналып өтуде Ресейге көмектеседі деп…
Ақтауда арнайы қызмет өкілдері аймақтық әскери-тергеу басқармасының басшысы Мұхит Жавғашевті ұстады. Ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растады. Жавғашевпен бірге оған бағынышты – аға лейтенант Асхат Сәдуақасов та тергеуге алынды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Orda.kz-ке сілтеп. Іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 366-бабы «Пара алу» бойынша тергеліп жатыр. Ведомство тергеу құпиясына сілтеме жасап, өзге мәліметтерді жарияламады. Басылым мәліметінше, офицерлер Қорғаныс министрлігінің қызметкеріне миллион теңге үшін қылмыстық істің оң шешімін қамтамасыз етеміз деп уәде берген. Ұстау барысында Жавғашев пен Сәдуақасовтан параның бір бөлігі болуы мүмкін деп болжанған 700 мың теңге табылған. Ақпаратқа сүйенсек, 47 жастағы Мұхит Жавғашев бұрын атышулы жанжалға іліккен болатын.…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады. «Мұхтар Мұқанұлы ғибратты ғұмырын киелі сөз өнеріне арнаған, ұлттық әдебиетіміз бен тарихымыздың көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан заңғар тұлға еді. Төл руханиятымыздың төрге озуына, ұлт тарихнамасының тасқа басылуына өзінің алға қойған асыл мұратымен, қайтпас қажыр-қайратымен қалтқысыз еңбек сіңірді. Халық жазушысының қуатты қаламынан туған шығармалары, тарихи еңбектері, естелік-эсселері қалың оқырманның жүрегінен өз орнын тапты. Соңына бай әдеби мұра қалдырып, өнегелі өмір сүрген Мұхтар Мұқанұлының қайталанбас…
Мұхтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қаралы хабарды жазушының ұлы Едіге Мағауин жазды. «Арыстан әкем фәниден бақиға аттанып кетті, АҚШ-тың Мерилэнд штатындағы үйінде, бала-шағасының ортасында, 2025 жылғы қаңтардың 9-ы, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:55-те (Қазақстан уақыты бойынша қаңтардың 10-ы, сағат таңғы 5:55», — деп жазды ол. Мұхтар Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Баршатас ауылында дүниеге келген. Ол — тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996). «Аласапыран» тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. (1984).…