Щучинск қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында Республикалық слет өз жұмысын бастады. Еліміздің барлық өңірінен келген 100-ден астам белсенді жастар жұмысшы мамандықтарының болашағын талқылап, шеберліктерін шыңдап, жаңа серпін мен шабыт алуға жиналды. Іс-iараның ашылуына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары қатысты. Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев слет қатысушыларын құттықтап, жұмысшы мамандықтарының ел дамуындағы маңызды рөлін атап өтті: – Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Мұнда мәселе тек бір саланың мамандарын даярлау туралы ғана емес, жалпы еңбекке деген көзқарасты қайта қарау туралы болып отыр.…
Автор: Асылхан Бөрібай
Шомылу маусымы басталғалы Түркістан облысына қарасты жағажай аумақтарында қауіпсіздік және тазалық шаралары күше түсті. Шардарадағы жағажайда осыған дейін анықталған кемшіліктер бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп, демалушыларға қолайлы жағдай жасалды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров «Шардара» су қоймасының жағалауында орналасқан бірқатар демалыс орындарын кезекті рет аралап, тазалығы пен қауіпсіздігін, өткен сапарда берілген тапсырмаларының орындалу барысын бақылады. Облыс басшысы жағажайларға жауапты тұлғалармен, кәсіпкерлермен жүздесіп, мұнда санитарлық тазалық шараларын күнделікті ұқыпты орындауды тапсырды. – Тазалық пен қауіпсіздік – туризмді дамытудың бір тетігі. Демалушыларға, саяхатшыларға қолайлы жағдай жасалуы керек. Бұл бағыттағы жұмыстар…
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Айқын» газетіне берген сұхбатында сала басшыларының жауапкершілігі пен кадрлық саясаттағы олқылықтарға тоқталды деп жазады Ertenmedia. Министрдің айтуынша, қай мекемеге кім тағайындалса да, ол ең алдымен кәсіби жағынан дайын, басқару қабілеті жоғары әрі мәдениетке шын жанашыр тұлға болуы тиіс. Бірінші басшы тек мерекелік шара ұйымдастырып, есеп берумен шектелмейді ол мекеменің даму стратегиясын айқындайтын негізгі тұлға. Министр мекеме басшысының міндеті шығармашылық жобалармен ғана шектелмей, ғимараттың техникалық жағдайынан бастап, кадр саясаты, бюджет, материалдық-техникалық база сынды барлық салаға жауапты екенін атап өтті. Сұхбат барысында министр ведомстволық мекемелерде бірнеше келеңсіз жайт анықталғанын да жасырмады. «Жуырда министрлікке қарасты 71 ведомстволық…
Бүгін Абай облысы әкімі Берік Уәли мен «China Railway Asia-Europe Construction Investment Co.LTD» компаниясының бас директоры Чжоу Хайвэй Семей қаласын айналып өтетін автожол құрылысын жүзеге асыруға бағытталған келісімге қол қойды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жоба қазақ-қытай кәсіпорындарының бірлескен консорциумы негізінде биылғы тамыз айында басталып, 2028 жылға дейін жүзеге асырылады. Аталған бастама Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы шеңберінде халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп іске асырылатын ерекше маңызы бар жобалар тізбесіне енгізілген. Жаңа айналма жолдың салынуы облыстың логистикалық әлеуетін арттырып, тоғыз жолдың торабындағы Семей қаласының көлік жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Облыс орталығындағы…
Орталық Азия – бұл жай ғана кеңістік емес, ол мыңжылдық байланыстардың, мәдениет пен сауданың, саяси сабақтастықтың көрінісі. Соңғы онжылдықтарда аймақтағы бес ел (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан) түрлі бағытпен дамып, интеграцияға ұмтылып келеді. Алайда бір шетте, сол географиялық кеңістікте әлі де бейтарап күйде қалған Ауғанстан бар. Бүгінде аталған ел соғыс пен идеологиялық дауылдың ортасынан енді ғана бейбіт құрылымға қадам басып келеді. Жақында тілшіміз Астанаға сапарлап келген Ауғанстанның өндіріс және сауда министрі Нұриддин Азизи мырзамен жолығып, сұхбаттасқан еді. Ertenmedia.kz ақпараттық агенттігі өңірлік саясат, сауда және қауіпсіздік, болашақ перспективалар турасында өрбіген сұхбатты жазба нұсқасын жариялауды жөн санады. – Қош келдіңіз, Нұриддин…
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Айқын» газетіне берген сұхбатында елдегі кітап ісі және қоғамды кітап оқуға баулу мәселелеріне тоқталды. – Бүгінде жаңа жанрларды дамыту аса маңызды. Қазіргі балалар мен жасөспірімдер комикс, фэнтези, детектив, фантастика жанрларына қызығушылық танытады. Бұл – олардың әдебиетке бастар алғашқы жолы. Сондықтан осы бағыттағы кітаптарды көбірек шығарып, қорларды жаңарту, заманауи авторларды қолдау – күн тәртібіндегі маңызды міндет, – деді Аида Балаева. Министр балаларға кітапты күштеп оқыту емес, қызықтыра отырып үйрету қажет екенін айтты. «Олар әдебиетке жаңа формалар арқылы ғашық болуы мүмкін. Демек, біз әдебиет пен мәдениетте мұраны сақтай отырып, болашақты қалыптастыру миссиясын қатар алып жүруіміз…
«Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында жергілікті атқарушы органдар еліміздің ауылдық жерлерінде ерікті өртке қарсы құрылымдар мен өрт сөндіру бекеттерін құру және дамыту жұмыстарын жалғасуда. Бағдарламаның мақсаты – шалғай және жетуі қиын елді мекендердің өртке қарсы қорғалуын арттыру, төтенше жағдайларға ден қою уақытын қысқарту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Жақында Қостанай облысында Алтынсарин ауданының Докучаев атындағы ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды. Ол 1300-ден астам тұрғын мен аумағы 4000 гектарды құрайтын Лермонтов орман шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бекетті жарақтандыру үшін ТЖД балансынан өрт сөндіру көлігі мен жедел көлік берілді. Осыған ұқсас бөлімшелер Б.Майлин ауданында да жұмысын бастады. Жаңа өрт сөндіру…
Алматы облысының әкімдігі Бағанашылдағы балалар үйіне қатысты жанжалдан кейін қызметтік тексеріс бастады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәселе жуырда Алматыдағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерін Қонаев қаласына көшіру туралы шешімнен кейін ушыққан еді. Шешім әсіресе орыстілді қауымның наразылығын тудырып, әлеуметтік желіде өткір сынға ұшыраған болатын. Облыс әкімдігінде жедел жиналыс өткізіліп, басқарушылық шешімдерде қателік жіберген лауазымды тұлғаларды анықтау тапсырылды. «Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс басталды. Басқарушылық қателікке жол берген жауапты қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады», – делінген әкімдік хабарламасында. Әкімдіктің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілері бұрынғы мекенжайларында қалады. Сонымен қатар, Қонаев қаласындағы жаңа балалар үйіне көшкісі келетіндерге мүмкіндік…
Бүгін, 22 шілдеде Дүниежүзілік ми күні атап өтіледі, ол мидың саулығына қамқорлық жасаудың маңыздылығын, халықтың неврологиялық аурулар туралы хабардарлығын арттыруды, сондай-ақ инсульт сияқты қауіпті жағдайлардың профилактикасы мен уақтылы емдеуді қолдауды еске салуға арналған,- деп хабарлайды Ertenmedia Инсульт бүкіл әлемде өлім мен мүгедектіктің жетекші себептерінің бірі болып қала береді. Қазақстанда жыл сайын 40 мыңға жуық инсульт немесе ми қан айналымының жіті бұзылулары (МҚЖБ) тіркеледі. 2024 жылғы мәліметтер бойынша, зардап шеккендердің саны шамамен 49 мың адамды құрады, оның 11,8%-ы стационарлық жағдайда, ал тағы 6,1%-ы шығарылғаннан кейінгі бірінші айда қайтыс болды. Инсульт жағдайларының алдын алу үшін 2025 жылдың үшінші тоқсанынан бастап 50 жастан…
Прокурор Мәдина Оразалина атышулы іс бойынша негізгі фигурант Перизат Қайратқа жаза мерзімін жария етті деп жазады Ertenmedia. Мемлекеттік айыптаушы соттан 10 жыл сұрап отыр. Перизаттың барлық дүние-мүлкін тәркілеу, қайырымдылық қызметімен айналысуға толық тыйым салу керек дейді. Перизаттың анасы Ғайни Алашбаеваға 8 жыл жаза кесуді сұрауда. Прокурор Арман Кезекеннің айтуынша, төтенше жағдай кезінде пир жасап, сауық құрған анасы мен қызының жазасын жеңілдететін ешбір негіз жоқ. Айыптаушылар Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваны 3 бірдей алаяқтық эпизодқа қатысы бар деп есептейді. Атап айтқанда: балаларға арналған оңалту орталығын салу, Пәлестина тұрғындарына және Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету деген желеумен халықтан жиналған…
