Бүгін, 30 шілдеде Астана қаласында ғылым және сарапшылар қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен кәмелетке толмаған азаматтарға ЛГБТ насихатының ықпалы туралы зерттеу қорытындыларын талқылау өткізілді,- деп хабарлайды Ertenmedia Аталған зерттеу 2024 жылғы 6 тамыздағы «Біз Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ның ашық және жасырын насихатына қарсымыз» петициясын қарау бойынша жұмыс тобының шешімінде көзделген ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаттарының бастамасы бойынша өткізілді. Зерттеу қорытындылары зерттеу тақырыбы бойынша әлеуметтанулық сауалнамалар мен ғылыми-құқықтық талдау жүргізген зерттеу ұйымдары және сарапшылар тобымен ұсынылды. Зерттеуді жүргізу және оның қорытындысы бойынша есепті дайындау жұмысы «Өркендеуге жәрдемдесудің Ұлттық қоры» ҚҚ үйлестіруімен қордың жеке және зерттеу ұйымдары мен сарапшылардан тартылған ресурстары есебінен жүргізілді. Өркендеуге жәрдемдесудің Ұлттық қоры – адам құқықтарын қорғауға, демократияны нығайтуға және…
Автор: Асылхан Бөрібай
Президент Тоқаев пен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған Анкарада жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізді. Мемлекет басшылары екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, энергетика мен білім беру саласындағы алдағы жоспарларын талқылап, бірқатар жаңа келісімге қол қойды, деп хабарлайды Ertenmedia Ақордаға сілтеме жасап. Кездесуде сөз алған Тоқаев Қазақстан мен Түркия арасындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге екі жақтың да ынтасы зор екенін атап өтті. Өткен жылы екі елдің сауда айналымы бес миллиард доллардан асқан. Қазақстан енді Түркия нарығына жалпы көлемі бір миллиард долларға жететін 34 түрлі өнім жеткізуге дайын отыр. Президенттің айтуынша, бұдан бөлек, Түркиядан импортталатын тауар түрін де көбейту…
Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ғасыр» мешітінде қызға қырындап, ерсі ұсыныс айтқан ер адам бес тәулікке қамалды. Бұл туралы жәбірленуші Еммануэлла Наурызбаева мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia. 23 жастағы Еммануэлланың айтуынша, істі қараған сот отырысы 29 шілдеде өткен. Тергеу барысында күдіктінің бұған дейін де жауапқа тартылғаны белгілі болды. Ол бұзақылық жасап, 2025 жылдың қаңтар айында осы мешітте басқа бір адамға тиіскен. «Қазір сот шешімімен арнайы сараптама тағайындалды. Егер күдіктінің психикалық ауруға шалдыққаны расталса, оны мәжбүрлеп емдеуге жіберуі мүмкін. Ал анықтамасы жалған болса, медициналық құжатты қолдан жасағаны үшін үстінен қылмыстық іс қозғалады», – дейді Наурызбаева. Сонымен бірге жәбірленуші әлеуметтік желіде өзіне тіл тигізіп, жала…
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың аграрлық секторды тұрақты түрде сумен қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмасын іске асыру аясында Үкімет резервінен Қызылорда облысының қажеттіліктері үшін 53 жылжымалы дизельді сорғы стансасын сатып алуға шамамен 1 млрд теңге бөлінді. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Мамандардың есебінше, жаңа жабдық магистральді арналарда су деңгейі төмен болған күннің өзінде 6 мыңнан астам гектар жерді суарып тұруға мүмкіндік береді. Сорғы стансалары магистральді және шаруашылықтар аралығындағы арналардан ішкі шаруашылық желілеріне су жіберу үшін қолданылады. Өңірде 126,4 мыңнан астам гектар жерге суармалы егін егілген, оның 82,4 мың гектары күріш. Ағымдағы суару маусымында жоспарланған су көлемі 2,5 млрд…
Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов 30 шілдеде Алматы облысындағы іздеу жұмысы жүріп жатқан аумаққа барып, із-түзсіз кеткен тікұшақ экипажының жақындарымен кездесті. Ол жоғалған сарбаздарды толық тапқанша іздеу жалғасатынын жеткізді деп жазады Ertenmedia. «Қанша уақыт қажет болса, сонша іздейміз. Трагедияның себебін толық анықтап, жігіттерді тапқанға дейін жұмысты тоқтатпаймыз. Қазір жақындарыңызға барлық қолдауды көрсетіп отырмыз. Сіздермен күн сайын байланыстамыз», – деді министр экипаж мүшелерінің туыстарымен әңгімесінде. Әуе қорғаныс күштерінің қолбасшысы Асқар Ізбасовтың айтуынша, іздеу жұмысына көлдің лайлы табаны, күрделі суасты бедері және нашар көріну жағдайы айтарлықтай кедергі келтіріп отыр. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қазір іздеу жұмысына 400 маман, кинологтар тобы, 70-тен астам арнайы техника,…
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан-Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-ші отырысын өткізді. Жиын барысында Мемлекет басшысы Түркияның ежелден бауырлас, тамырлас және түбі бір туысқан ел екенін атап өтіп, ортақ тарихи және рухани құндылықтарға негізделген қазақ-түрік ынтымақтастығы кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухында тұрақты дамып келе жатқанына назар аударды. – Біз осы сара жолды жалғастырып, өзара байланысты бүгінгіден де биік белеске көтеруге мүдделіміз. Құрметті Президент мырза, Өзіңізбен жаңа ғана шағын құрамда өткізген келіссөздерді жоғары бағалаймын. Біз ықпалдастығымызды кеңейтуге ниетіміз бар екенін тағы да бекемдей түстік. Оған біздің мүмкіндігіміз де, ынта-жігеріміз де жеткілікті. Екі елдің арасында ауқымды шарттық-құқықтық негіз қалыптасты. Атап…
Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуы соңғы жылдары жаңа серпін алды. Бұрын билік пен халық арасында тек ресми арналар арқылы ғана байланыс орнатылатын болса, қазір әрбір азаматтың пікірін жеткізетін, қоғамдық мәселелерді ашық талқылайтын алаңдар көбейген. Ең бастысы – мемлекет азаматтардың үнін есту үшін нақты тетіктер қалыптастыруға ден қойды. Алматы – еліміздің ең ірі мегаполисі ғана емес, сонымен қатар азаматтық белсенділіктің қайнаған ортасы. Мұнда үкіметтік емес ұйымдар көптен бері жұмыс істеп келеді, ал соңғы жылдары олардың ықпалы бұрынғыдан да айқын сезіле бастады. Қоғамдық кеңестер, жергілікті мәслихаттар жанындағы талқылаулар, ашық кездесулер – мұның барлығы адамдардың үні естіліп, нақты шешімдерге әсер етуіне жол ашты. Қоғамдық…
Түркістан облысы аумағында 2025 жылдың 6 айында 203 өрт дерегі тіркелді. Тілсіз жаудың кесірінен жалпы құны 444 млн 403 мың теңге материалдық шығын келген. Бұл туралы облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Жасұлан Айнабеков мәлімдеді. – Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында тілсіз жаудың себебінен 3 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды. Департаментпен Мемлекеттік өрт бақылау саласында облыс аумағында сауда саласына тиесілі 31 144 нысан есепке алынған. 2025 жылғы жоспарға сәйкес 4 сауда нысаны тексеріліп 75 құқықбұзушылық анықталды. Базар иелеріне кемшіліктерді жою туралы нұсқама беріліп, орындалуы бақылауға алынды. Департаменттің мемлекеттік инспекторларымен және жеке кәсіпкерлік нысандарына белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізгеніне…
Шемонаиха ауданында су құбыры желілерін салу бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Жобалау-сметалық құжаттама 2023 жылы «ALPHA GRAPHICS» ЖШС тарапынан әзірленіп, жобаның жалпы құны 552,4 млн теңгені құрады. Жобада ұзындығы 17,1 шақырым болатын су құбыры желілерін тарту, жаңа (резервтік) су алатын ұңғыма бұрғылау, екі бірінші көтергіш және бір екінші көтергіш сорғы станциясы бар су тарту алаңын салу, сондай-ақ әрқайсысының сыйымдылығы 75 м³ болатын екі таза су резервуарын тұрғызу көзделген. 2024 жылдың басынан бастап жоба іске асыру кезеңіне өтті. Бас мердігер – «Sem ARTA Stroy» ЖШС. Өткен жылы облыстық бюджеттен 71 млн теңге бөлініп, толық игерілді. 2025 жылы жобаға толық қаржыландыру қарастырылды:…
Депутат Мұрат Әбенов үкіметті шикізат олигархтарына жақтасып, отандық бизнесті тұншықтырып отыр деп айыптады деп хабарлайды Ertenmedia. Оның айтуынша, биліктің пәрменімен ҚТЖ ірі тау-кен металлургия кәсіпорындарына жүк тасымалына келгенде айтарлықтай жеңілдік жасауда. Нәтижесінде, көмір, руда мен металл Ресей және Қытайға өте төмен тарифпен тасымалданады. Жеңілдіктің барша пайдасын шетелдік кәсіпорындар көруде. Ал Қазақстандағы шағын және орта бизнес керісінше, өз елімізде өндірілген шикізатты қымбатқа сатып алуға мәжбүр, кейде тіпті оған да жарымай қалады. «Қарағанды металлургия комбинаты (ҚарМет) тауарын Қазақстан нарығында сатпайды, толығымен экспортқа жөнелтеді. Соның кесірінен Қызылордадағы стадион құрылысына Қытайдан әкелінген металды пайдаланып жатыр. Ал өзіміздегі ірі кәсіпорын шикізатты түгелдей шекара асыруда», –…










