Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен, Қаржылық мониторинг агенттігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменттері бірлесіп, Өзбекстан құқық қорғау органдарының қолдауымен жанармай өнімдерін жасырын тоннель арқылы шекарадан өткізумен айналысқан халықаралық қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі,- деп хабарлайды Ertenmedia Тергеу барысында анықталғандай Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараға жақын аумақта топ мүшелері 450 метрлік жерасты тоннелін қазған. Қылмыстық схема 2 ай бойы жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде шетелден қаржыландырылып отырған жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған логистикалық бағыттар мен жасырын шығару арнасы құрылған. Операция барысында Өзбекстан тарапы да өз аумағында дәл осындай шаралар жүргізген. Нәтижесінде қылмыстық әрекетке қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Қазақстан Республикасының 5 азаматы күдікті ретінде танылды. Қазіргі…
Автор: Асылхан Бөрібай
Атышулы Перизат Қайраттың ісіне нүкте қояр сот отырысында прокурор Мәдина Оразалина маңызды мәлімдеме жасады деп жазады Ertenmedia. Айыптаушы тараптың айтуынша, бұл сот қатардағы қарапайым алаяқтық емес, халықтың сенімін саудалаған адамның арсыздығын әшкерелейтін оқиға. Перизат аманат, адалдық, қайырымдылық дейтін қастерлі ұғымды табанға таптаған. Прокурор айыптау актісін «Ізгілік бетпердесі» деп атаған екен. «Бүгін біз Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты істі қорытындылаймыз. Сот алдындағы осы бір сөзімді дайындағанда, санама «Ізгіліктің бетпердесі» деген ой келді. Әуелі жомарт жүректі, ары таза халқымызға алғыс білдіргім келеді. Себебі, біздің ұлт қайырымдылықты қастерлеген, жақсылық жасаудан шаршамаған халық», – деді Мәдина Оразалина. Оның айтуынша, Перизат ел алдындағы…
Ішкі істер министрлігі азаматтарға ыңғайлы онлайн-сервисті іске қосты. Енді құқық қорғау органдарымен байланыс оңай, ашық әрі жедел! Құқықтық тәртіп – бір ғана басыспен! #ЦифрлықҚазақстан #ІІМҚР #ЗаңжәнеТәртіп #Әкімдік #Қауіпсіздік
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарына жұмыс сапарымен барып, инфрақұрылым, білім беру, сумен жабдықтау және жол құрылысы салаларындағы өзекті жобалардың іске асырылу барысымен танысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Талғар ауданы: ауызсу мен жол мәселесі – басты назарда Сапар Бесағаш ауылының оңтүстік бөлігін сумен жабдықтау жүйесінің құрылысымен танысудан басталды. Жобаның жалпы құны – 5,2 млрд теңге, ұзындығы – 31,3 км. Құрылыс жұмыстарын «Аскади» мердігер компаниясы «Бесағаш-юг» су құбыры бағдарламасы аясында жүзеге асыруда. Жоба 2024 жылы басталған, аяқталуы биыл жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта сыйымдылығы 1 мың текше метрлік резервуар салынып біткен.…
34-летний спортсмен из Казахстана Жасулан Жумагали вновь доказал своё мастерство, став призёром сразу на двух крупных соревнованиях по дзюдо, прошедших этим летом в Калифорнии. На ежегодном турнире Nanka West Coast Invitational 2025, который состоялся 1 июня в спортзале Westminster High School (Ориндж Каунти, Калифорния), Жасулан уверенно занял 1 место, продемонстрировав превосходную технику и тактическую зрелость. Соревнование проводилось под эгидой Nanka Judo Yudanshakai и USA Judo, что делает его частью официального календаря дзюдо в США. Турнир собрал сильнейших спортсменов с Западного побережья, включая Калифорнию, Аризону и Неваду. Следующим важным этапом лета стал турнир Jesse Jones Memorial Judo Championship, включённый в программу…
Туризм және спорт вице-министр Ержан Еркінбаевқа қатаң сөгіс жарияланды, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұған дейін Үкімет басшысының орынбасары Ермек Көшербаев бастаған Үкіметтік топ Алматы, Қарағанды, Жетісу және Абай облыстарындағы туристік аймақтарды аралап, бірқатар кемшілікті анықтаған еді. Көл жағасындағы жұрттың жанайқайы расталды: Қапшағай, Алакөл мен Балқашта сервис төмен, қауіпсіздік жоқ, санитарлық жағдай сын көтермейді. Әсіресе, әкімдіктерге қарасты коммуналдық жағажайлар қараусыз қалған: кәсіпкерлер чек бермей, салықтан жалтарып, тазалық талаптарын бұзған. Президент тапсырмасы бойынша кінәлілер бірден жазаланды. Туризм мен спортқа жауапты вице-министр қатаң сөгіс алды. Алматы, Қарағанды, Абай және Жетісу облыстары әкімдерінің туризмді бақылайтын орынбасарлары да жазадан құр қалмады. Қонаев пен Балқаш қалаларының, Алакөл…
2015 жыл. Елдегі теңгенің құлдырап, валюта бағамының құбылуы бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген кез. Теңге 187-ден 377-ге бір-ақ құлап, халықтың жинаған қаржысы көз алдарында күйіп кетті. Сол сәтте Ұлттық банктің ішінде жағдайдың қандай болғанын, кімдердің пайда тауып, кімдердің зардап шеккенін сол кездегі валюта интервенциясын басқарған экс-қызметкер ашып айтты деп жазады Ertenmedia. «Мен сол кезде Ұлттық банкте істедім, валюталық интервенцияны басқардым. Ешқандай цензурасыз ашық айтайын», – деп бастайды автор. Басты себеп сайлау алдындағы саяси имидж еді. Ақорданың маңындағы тұлғалар «ақша ештеңе емес, абырой бәрінен маңызды» деген ұстаныммен резервтегі миллиардтарды оңды-солды өртеді. «Күн сайын кешкілік кабинетімде есеп жасаймын: теңгені ұстап тұру үшін нарыққа…
Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Шуша медиафорумында Оңтүстік Кавказды тұрақтылық пен тыныштық мекеніне айналдыру керек деген мәлімдеме жасады. Әлиевтің айтуынша, өңір ғасырлар бойы соғыс пен қақтығыстардан көз ашпаған. «Ендігі жерде бейбіт өмір сүретін кез келді», – деді ол. Осы мәлімдемеге қатысты пікір білдірген «Атлас» саяси зерттеулер орталығының басшысы, саяси сарапшы Елхан Шахиноғлу Әзербайжан бейбіт өмірге ұмтылғанымен, Кремльдің ұстанымы бұған қайшы екенін айтты деп жазады Ertenmedia. Сарапшының пайымдауынша, Ресей әлі де болса Кавказда жағдайды ушықтыруды жалғастырып келеді. «Бүгінгі күні басты сұрақ мынау: Кремль Әзербайжанға қарсы тағы қандай арандатуға барады? Олар біздің Ресейдегі диаспора өкілдерімізге қысымды күшейтіп, түрлі провокацияға жол ашуы мүмкін. Әсіресе…
Қазақстандық Artline Kazakhstan автоспорт командасы Италиядағы әйгілі Misano автодромында өткен GT2 European Series кезеңінде сенсациялық жеңіске жетті. Pro-Am класында бірінші, ал жалпы есепте екінші орыннан жарысты бастаған команда финалға бірнеше минут қалғанда көш бастады,- деп хабарлайды Ertenmedia Artline Kazakhstan командасы Италияда GT2 European Series кезеңіне қатысып жатыр.Қазақстандық команда таңертеңгі іріктеу кезеңінде табысты өнер көрсетті. Шота Абхазава Pro-Am класында бірінші орынды иеленді, ал Егор Оруджев өз жарысын үшінші орында аяқтады. Бұл команданың Pro-Am класста бірінші, ал жалпы есепте екінші орыннан жарысқа шығуына мүмкіндік берді. Бүгін бірінші жарыс өтіп, командамыз лайықты жеңіске қол жеткізді. Жарыстың басында рөлге отырған Шота Абхазава Pro-Am класында…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылдың I жартыжылдығы бойынша қорытындыларды ұсынады. Атап айтқанда, БАҚ-ты тіркеу мен жаңарту, құқыққа қарсы контентпен күрес, халықаралық ынтымақтастық, бірлескен жобалар және тарату аясын кеңіту мәселелері қарастырылады,- деп хабарлайды Ertenmedia БАҚ-ты тіркеу Республикада барлығы 4 871 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Оның ішінде 3 002 мерзімді басылым (газет, журнал), 236 телеарна, 98 радио, 1 231 ақпарат агенттігі мен онлайн-басылым бар. 2025 жылдың I жартыжылдығында БАҚ реестрі жаңартылып, ел аумағында 140 БАҚ қызметін тоқтатып (59 газет, 62 журнал, 19 интернет-басылым), тіркеуден шығарылды. «Құқыққа қайшы контент» таратуға қарсы шаралар Жыл басынан бері интернет желісінен 74 130 заңға…
