Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Yessenov Technopark қызметімен танысты, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қасым-Жомарт Тоқаев Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің аумағында орналасқан технология паркінің жұмысымен танысты. Президентке технопарктің заманауи инфрақұрылыммен жасақталғаны жөнінде айтылды. Мұның бәрі стартаптар мен жобалар әзірлеумен айналысатын кәсіпкерлерді, студенттерді, сондай-ақ оқушыларды қолдауға арналған. Мемлекет басшысына инновациялық зертханалар мен шеберханалар таныстырылды. Онда студенттер мен жас мамандар электроника, роботты техника, лазермен кесу, ағаш және металл өңдеу, полиграфия, 3D-дизайн, тігіншілік дағдыларын меңгереді. Президент халықаралық бағдарлама бойынша ІТ-мамандарды даярлайтын оқу аймағын және цифрлық әрі телекоммуникациялық құзыреттерді дамытуға бағытталған зертхананы аралап көрді. Қасым-Жомарт Тоқаев студенттермен әңгімелесу барысында қазір жаңа технологиялар…
Автор: Асылхан Бөрібай
Бүгін Абай облысында жол құрылысы маусымы ресми түрде ашылды. Халықаралық маңызға ие «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының бойында өткен шараға облыс әкімі Берік Уәли, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев қатысты, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жалпы ұзындығы 415 шақырымды құрайтын автожолдың 184 шақырымы облыс аумағынан өтеді. «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевтің айтуынша, «Қалбатау-Майқапшағай» күре жолында жол қозғалысы жыл соңына дейін ашылады. Жоба аясында 16 көпір мен 100-ден астам су өткізу құрылғылары жаңартылады. «Абай облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 2176 шақырымды құрайды. Биыл біздің компания өңірдегі ұзындығы 830 шақырымға құрылыс жұмыстарын жүргізеді. 250 шақырым жолға асфальт төселеді. Ал…
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай елімізде «80 алғыс сөз» атты патриоттық флешмоб бастау алды. Бүгін бұл игі бастамаға Абай облысы да қосылды. Акцияға қатысушылар ардагерлерге деген алғыстарын білдіріп, бейбіт өмірдің, бостандық пен ата-бабалар ерлігінің қадірін атап өткен бейнежолдаулар жазып, мәтіндік жазбалар жариялауда, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Флешмоб әлеуметтік желілерде #ҰлыЖеңіс, #ДеньПобеды, #80СловБлагодарности, #80летПобеде, #80АлғысСөз, #ЖеңісҮшінРақмет хештегтермен өтуде. Әр өңірде әлеуметтік желілерде фотосуреттер, бейнематериалдар мен жеке оқиғалармен бөлісілген жазбалар жариялануда. Ұйымдастырушылар әсіресе жастардың белсенділігін атап өтті. Көкпекті ауданының белсенді жастар өкілі Назым Келербекова осы челленджге қатысып, өз ойымен бөлісті. — Бүгін біз бейбіт елде, тәуелсіз мемлекетте, ашық аспан астында…
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сеул ұлттық ғылым және технология университетінің президенті Дон Хван Киммен кездесіп, бірлесіп атқаратын жұмыстарды талқылады, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова, жоғары білімді интернационалдандыру басқармасының басшысы Рауза Мендалиева, университеттің халықаралық қатынастар бойынша вице-проректоры Тэхи Ким, ғылыми зерттеулер және жоспарлау бойынша вице-проректоры Сунуну Канг қатысты. Облыс әкімі еңбек нарығының сұранысына сай мамандар даярлаудың маңызын атап өтті. «Қазақстан мен Корея Республикасы бірнеше жылдан бері ашық және сенімді қарым-қатынас орнатқан стратегиялық серіктес екені белгілі. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың жолға қойылғанына 33 жыл толды. Кезінде…
ШҚО-да волонтерлік қозғалыс қарқынды дамып келеді. 2024 жылы 685 волонтерлік іс-шара өткізіліп, оларға 5,2 мыңнан астам адам қатысты. Бұл туралы ШҚО Ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры, облыстық фронт-офис жетекшісі Айдос Әділбеков Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте мәлім етті, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қыс мезгілінде ауа райының күрт суытуына байланысты әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету мақсатында 50-ден астам қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Экология саласындағы бастамалар да ерекше назарда. «Таза Қазақстан» акциясы аясында волонтерлер Өскемендегі Қазақстан тауында 600 көшет отырғызды. Сонымен қатар, Ұлан ауданының Асубұлақ орман шаруашылығында 22 мыңнан астам ағаш көшеті егілді. Жалпы, бұл акция шеңберінде 280-нен астам…
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Түркістан облысына жұмыс сапары аясында бірқатар білім беру нысандарын аралады. Ол техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына ерекше көңіл бөлді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжі — өңірдегі шежірелі оқу орындарының бірі. Бұл оқу орнында болашақ қолөнершілер, қыш шеберлері, зергерлер, IT мамандары даярлануда және «Жас маман» жобасы аясында «IT», «Қолөнер» мамандықтары бойынша республикалық деңгейдегі құзыреттілік орталықтары жұмыс істейді. Колледжде студенттер 11 мамандық, 13 біліктілік бойынша білім алады. Министр ұжыммен кездесуде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңа форматта дамытуға қатысты негізгі міндеттерді атап өтті. «Биылдан бастап колледждерге жан…
Алматы облысы әкімінің өкімімен Тоқпейісов Ғалым Қасымұлы Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ғалым Қасымұлы 1967 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданында дүниеге келген, білімі жоғары, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын «Жиделі» ұжымшарының жұмысшысы болып бастаған. Әр жылдары «Қарой» ұжымшарының есепшісі, «Ақдала» күріш ұжымшары бригадирінің көмекшісі, еңбек жөніндегі экономисі, бөлім бастығы, Балқаш ауданы Ақдала ауылының әкімі, Жамбыл облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасының бастығы, Көксу ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы әкімі аппараты бөлімінің меңгерушісі, Көксу ауданының әкімі, Алматы облысы жер…
Солтүстік Қазақстан облысында Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге бір реттік көмек беріледі, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Облыста бүгінде 3 соғыс ардагері, 2396 тыл ардагері, қайтыс болған ардагерлердің 97 әйелі, Ленинград блокадасында болған 5 адам, концлагердің 9 тұтқыны тұрады. Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне 5 млн.тг, тыл ардагерлері мен қайтыс болған ардагерлердің жұбайларына – 50 000 тг, Ленинград блокадасында жұмыс істегендерге – 60 000 тг, концлагерь тұтқындарына – 100 000 тг мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек төленеді. Сонымен қатар, оларға жыл бойы санаторий-курорттық емделуге, тіс протездеуге және коммуналдық төлемдерге қаражат бөлінеді.
ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастамасымен 2025 жылғы 17 сәуірде “Майлан” далалық оқу орталығында Қазақстанда тұңғыш рет күштік құрылымдар FPV-дрон операторлары арасында Millitary Drone Race турнирі өтті, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Сайысқа ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, т.б. құрылымдардың командалары қатысты. Турнирдің серіктесі — “Ashyk Aspan Foundation” білім және ғылым қоры. Сайыс нәтижесінде ҚР МКҚ командасы жеңімпаз атанды, екінші орында ҚР ҰҚК “А” арнайы жасағы командасы, ал Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты командасы үшінші орынға ие болды. FPV-дрондарды басқару турнирі осы саладағы мамандардың кәсіби шеберлігін дамытуға бағытталды. Сайыс…
Жетісу облысы Текелі қаласында көптен бері көтерілген су, газ, жол мәселесі шешілді. Бүгін жұмыс сапары аясында облыс әкімі Бейбіт Исабаев осы әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысын тексерді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Текелі қаласында ауыз судың сапасын арттыру жобасы жүзеге асырылуда. Қаланы газдандыру жұмыстары соңғы кезеңге жетіп, жол жөндеу жұмыстары басталып кетті. – Текелі қаласында көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан бірқатар мәселе болды. Бұл газ, су және жол. Бүгінде газдандыру жұмыстары соңғы сатысына жетті. Қазірдің өзінде 1000-нан астам абонент газға қол жеткізді. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін барлық 4…
