Ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Астанадағы шолу дөңгелегінде оның портреті жарияланды,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz
LED жарықтандырудың көмегімен жасалған портреттің диагоналі 65 метрді құрайды және 53 мың пиксельден тұрады. Бұл ауқымды инсталляция қаланың әртүрлі орындарынан – Сарыарқа мен Тұран даңғылдарынан, сондай-ақ Қорғалжын тас жолы жағынан жақсы көрінеді.
Алдағы уақытта дөңгелекке ақынның қанатты сөздерін жариялау арқылы инсталляцияны толықтыру жоспарланып отыр.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗ
Тазалық жағалаудан басталды: Есік көлі жастар қолымен тазардыАуылға интернет, қалаға қауіпсіздік: Абай облысы цифрландыру қарқынын күшейттіОтыз жыл күткен асфальт: «Жансүгіров – Ақсу» жолы жаңарып жатыр📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







