Қазақстанда зейнеткерлердің қарызын кешіру ұсынылып отыр. Мұндай ұсынысты Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Депутаттың сөзінше, қарызға белшеден батқан азаматтарға көмектесу үшін банктерге берешегін кешіріп, соттан тыс және сот арқылы «банкрот» деп тануға, төлем қабілетін арттыруға арналған заң дұрыс жұмыс істеп тұрған жоқ. Бұл борышкерлерге ешкімнің көмегіне жүгінбей-ақ, өтініш беруге оңтайлы жағдай жасауға тиіс болған. Сондай-ақ, оның шарттарында 6 млн 291 мың теңгеден аспайтын қарыздарды банкроттыққа тапсыруға болатыны көрсетілген. «Қолда бар жалғыз ресурс Е-өтініш қосымшасы арқылы жолданған өтініштер қанағаттандырылмай отыр. Соның салдарынан өмір бойы бейнеттеніп зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер зейнетақысынан қағылып жатыр. Көпшілігінің банктер алдында төленбей қалған қарыздары бар.…
Автор: Асылхан Бөрібай
Туризм саласындағы қарым қатынасты нығайту мақсатында жыл сайын Германияның астанасы Берлинде әлемдегі ең ірі ITB Berlin туристік көрмесі өтеді. Дәстүрлі шара биыл 4-6 наурыз аралығына ұйымдастырылған,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Халықаралық көрмеге Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың тапсырмасымен өңір басшысының орынбасары Аббат Өрісбаев бастаған Rixos Water world Aktau, Holiday Inn Aktau, Caspian Riviera қонақ үйлері, «Visit Aktau», «Kettik Gо», Mangystau safari туроператорлары қатысты. Олар арнайы стендте Маңғыстаудың туристік әлеуеті жайлы ақпараттар ұсынды. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаевтың айтуынша, неміс халқының және әр елден келген қонақтар мен тәжірибелі сарапшылардың және туристік бизнес өкілдерінің Қазақстанның тарихына қызығушылығы жоғары. Оның ішінде Маңғыстаудың туризміне…
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында Жетісай ауданында құрылысы жүргізілген 6 медициналық-санитариялық алғашқы көмек беру нысандарының тағы біреуі ел игілігіне тапсырылды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Мақталы ауылдық округінің орталығында бой көтерген дәрігерлік амбулаторияда 5 дәрігер мен 60-қа жуық орта медицина қызметкерлері 8 мың тұрғынға қызмет көрсететін болады. Денсаулық сақтау нысанының салтанатты ашылуына Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов қатысып, ауыл тұрғындарын айтулы қуаныштарымен құттықтады. Денсаулық сақтау нысанының ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, денсаулығын жақсартуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Білікті кадрлармен және заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгенін, медициналық нысанның елге көмек көрсетуге толық дайын…
Қазақстанда балалардың телефон ұстайтын уақытын шектеу ұсынылды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы Үкімет мүшелеріне депутаттық сауал жолдап, әлеуметтік желі бойынша мәселені шешуді сұрады. Депутат халықаралық Kaspersky Lab компаниясы былтыр жүргізген сауалнаманы келтірді. Оның деректері бойынша Қазақстандағы балалардың 88%-ында жеке смартфон бар. Ал оның 28%-ы барлық бос уақытын гаджетте өткізеді. Жасөспірімдердің 74 пайызы TikTok-ты, 59 пайызы YouTube-ты, 57 пайызы Instagram-ды белсенді пайдаланады. «Әрбір бесінші ата-ана өз баласы әлеуметтік желілердегі парақшасында қандай ақпарат жарияланғанын білмейді. Ата-аналардың 62%-ы балаларының экран алдындағы уақытын бақылау үшін ешқандай арнайы бағдарлама мен шектеу қолданбайды. 4-6 жас аралығындағы балалардың 17 пайызы интернет арқылы зат сатып алады. Бұл ата-аналарға қаржылық шығын…
«Болашақ сәулетшілері» қорының негізін қалаушы Марат Әбиевке үкім шығарылды, — деп хабарлайды ErtenMedia. 2025 жылы 14 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен «Болашақ сәулетшілері» қорының негізін қалаушы Марат Әбиев пен оның сыбайластары сотталды. Марат Әбиев мына баптар бойынша: ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабының 1-тармағы (ұйымдасқан топты құру және басқару, сондай-ақ оған қатысу), 197-бабы 4-тармағының 1-тармақшасы (мұнай мен мұнай өнімдерін заңсыз сатып алу, сату, сақтау және тасымалдау, сондай-ақ, олардың заңдылығын растайтын құжаттарсыз өңдеу), 234-бабының 3-тармағының 2-тармақшасы (экономикалық контрабанда) бойынша 9 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ, мемлекеттік қызметте өмір бойына қызмет атқаруға тыйым салынып, қоғамдық бірлестіктерді құруға және басшылыққа алуға байланысты қызметпен 5…
Жетісу облысында біраз уақыт бұрын қайтыс болғандардың туыстары трагедияға заңсыз жүргізілген газ құбыры себеп болды деп санайды. Ол Талдықорған шетінде Болат Назарбаев салғызған мешітті жылытуға арналған. Бұл туралы Newtimes.kz жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Марқұмдардың анасы Күләш Бекпаеваның айтуынша, мешітке арналған газ құбыры заңсыз, құжатсыз және техникалық талаптарды өрескел бұза отырып, асығыс тартылған. Сол себепті газ сыртқа тарап, соңы жарылыспен аяқталған. «Облыс әкімдігі Болат Назарбаевтың барлық бұйрығын бұлжытпай орындады. Ол мешіт салуды тапсырды, салды, кейін олар газбен қамту орталық желіге қосылуын күтпестен газды қосып берді. Газ құбырын қалай болса солай, асығыс, ешқандай құжатсыз тартты. Тек Назарбаевқа жағыну үшін. Біз осы трагедияның себебін…
Жетісу жеріндегі туризмді дамыту су, экология және тау туризмдеріне арқа сүйейді, яғни 5 дестинацияға негізделген,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олар – Алакөл, Балқаш көлдері, «Жоңғар Алатауы» мен «Алтынемел» Ұлттық парктері және тау туризмі. Инфрақұрылымды дамыту бағытында қабылданған шаралардың арқасында өткен жылы өңірдің туристік нысандарына 2 миллионнан астам адам келді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға артық. Ал өңірдің туризм саласына тартылған инвестициялар көлемі шамамен 12 млрд. теңгеге жетті. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, өңірде туризмді дамыту мақсатында туристік объектілерге апаратын жолдар мен инженерлік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, бірінші кезекте Алакөл…
2025 жылға арналған жоспар 7 284 адамды, оның ішінде жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етуді қамтиды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша белгіленген 20% квотаға сәйкес көпбалалы отбасыларды, халықтың әлеуметтік осал топтарын және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерін қоса алғанда, азаматтардың неғұрлым осал санаттарына тұрғын үй беріледі. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезектілік тәртібімен ғана беріледі. 2024 жылы осы бағдарлама бойынша 5 594 адам баспанамен қамтамасыз етілді. Бағдарлама аясында 2000 азамат коммуналдық тұрғын үй қорынан жалдамалы пәтерлер алды. Оның ішінде 404…
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық жиында Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жансейіт Қайнарбаевтың айтуынша, халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету, соның ішінде апатты үйлер мәселесін шешу мақсатында Отбасы банкі арқылы «Шаңырақ», «Наурыз», «Отау» бағдарламалары аясында 32 азамат тұрғын үй сертификатын алып, баспана кілтіне ие болды. Жаңаөзенде және жақын маңдағы елдімекендерде ауыз су тапшылығы мәселесін шешу мақсатында тәулігіне 50 мың текше метр су тұщыландыратын «Кендірлі» зауытының құрылысы жүріп жатыр. «Қаладағы сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта «Қолданыстағы сумен…
Абай облысының әкімі Берік Уәли Жаңасемей ауданына жұмыс сапарымен барды. Аймақ басшысы бірнеше әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады. Су тасқыны кезеңіне дайындық барысын бақылап, жылу қазандығының жұмысымен танысты,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Облыс әкімі аудандағы жұмыс сапарын Шүлбі су электр станциясынан бастады. Су қоймасы екі миллиард текше метрден астам су жинай алады. СЭС басшылығының мәліметінше, Ертіс өзеніне күніне шамамен 650 текше метр су жіберіледі. Көктемгі су тасқыны кезінде бұл көрсеткіш 3 мың текше метрден асады. Мамандар облыс әкіміне қазіргі таңда нысан қалыпты жұмыс істеп тұрғанын, жіберілетін су деңгейін үнемі қадағалап отырғанын айтты. Нысанда жоспарлы жөндеу жұмысы жүргізілгенін, тасқын кезеңіне дайын екендерін жеткізді.…
