Автор: Асылхан Бөрібай

Түркістан облысында өрт қауіпсіздігін сақтау және газдан уланудың алдын алу бойынша кешенді жұмыстар қолға алынғанын Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында айтылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, өңірдің барлық аудандары мен қалаларында «Газ инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері құрылуы тиіс еді. Алайда Жетісай, Мақтаарал және Бәйдібек аудандарында бұл мекемелер әлі құрылмаған, қазіргі таңда олар тек сектор ретінде жұмыс істеп отыр. Бұдан бөлек, облыста арнайы құрылған жұмыс топтарына жалпы саны 925 адам кірген. Жиында сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндады. Оның айтуынша, өрт және газ қауіпсіздігін сақтау бойынша арнайы жоспарлар бекітіліп, барлық қала-аудан әкімдіктеріне…

Толық оқу

Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалды қала аумағын көгалдандыру мәселелеріне арналған кеңес өткізіп, 2026 жылға дейінгі жасыл желекті дамыту жоспарларын талқылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиында негізінен көпжылдық ағаштар мен сәндік өсімдіктердің көлемін арттыруға, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға және су үнемдейтін технологияларға басымдық берілді. Қала басшысы көгалдандыру жұмыстарының жаңа тұжырымдамасына тоқталды. Биыл биіктігі 5-6 метрге жететін 7,5 мың ірі ағаш, 38 мың стандартты көшет және 500 мыңнан астам көпжылдық бұта отырғызылады. Бұл жұмыстар Алматыдағы негізгі магистральдар бойында, қала кіреберістерінде, өзендердің жағалау аймақтарында және қоғамдық кеңістіктерде орналасқан 23 учаскеде жүзеге асырылмақ. Сонымен қатар қалада тік көгалдандыруды дамыту және жасыл дәліздерді жаңарту жобаларына ерекше…

Толық оқу

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Ават ауылында ерекше әрі пайдалы өнім лимон өсіруге арналған заманауи жылыжай кешені іске қосылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бір гектар аумақты қамтитын бұл жылыжай жобасы аудан көлемінде алғаш рет қолға алынып отыр. Кәсіпкер Юрий Паскалов бастамашылық еткен жобаға шамамен 500 миллион теңге жеке қаражат салынған. Заманауи талаптарға сай салынған кешеннің басты ерекшелігі жыл бойына тұрақты температура мен ылғалдылықты ұстап тұруы. Қыста қатты аязға, жазда аптап ыстыққа қарамастан, жылыжай ішіндегі температура бірқалыпты сақталады. Арнайы құрылғылар мен көгілдір отын арқылы жұмыс істейтін жылыту жүйесі лимон ағаштарының сапалы әрі мол өнім беруіне қолайлы жағдай жасайды. Кәсіпкер Юрий Паскаловтың айтуынша,…

Толық оқу

Атырау облысының Жангелдин ауылында егде жастағы ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемәлиевке халықаралық іздеу жарияланды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Күдікті қаза тапқан әулеттің туған күйеу баласы болып келеді. Сонымен қатар оның зайыбы, отбасының қызы Ақбаян Мұқанғалиева да із-түзсіз жоғалып, полиция оны да жер-көктен іздестіріп жатыр. Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулеттің айтуынша, халықаралық іздеудің нақты қай елде жүргізіліп жатқаны жарияланбайды. «Іздеу жүріп жатқан мемлекеттер туралы мәліметті ашық бере алмаймыз, себебі бұл тергеу ісіне кері әсер етуі мүмкін. Қазір күдіктіні әлем бойынша іздеп жатырмыз. Арнайы жедел-іздестіру тобы құрылған. Күдіктілер ұсталған жағдайда, туыстарына және ақпарат құралдарына ресми түрде хабар беріледі»,…

Толық оқу

Қазақстанның 16 облысында 13 қаңтарға дауылды ескерту жарияланды. Бірқатар өңірде қар жауып, бұрқасын болып, көктайғақ күтілуде, деп жазады Ertenmedia.kz. Абай облысында түнде және таңертең қар жауып, бұрқасын соғып, жолдарда көктайғақ болады. Желдің екпіні түнде 23 м/с жетеді. Семейде түнде және таңертең боран, көктайғақ болып, желдің күші 15-20 м/с дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы күрт төмендеп, түнде және күндіз -20-25 градусқа дейін жетеді. 14-15 қаңтар күндері аяз -30-35, солтүстігі мен шығысында -38 градусқа дейін күшейеді. Петропавлда ауа температурасы -22-24 градусқа дейін төмендейді. Қазгидромет ескертеді Атырау облысында тұман түсіп, көктайғақ күтілуде. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 23 м/с дейін жетеді. Атырауда…

Толық оқу

Өзбекстандағы Ферғана мұнай өңдеу зауыты Қазақстан мұнайынан халықаралық стандартқа сай келетін Jet A-1 авиациялық отын шығаруды бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ал біздің «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мұндай өнімді өндіруге дайын екенін баяндаудан ары аспай отыр.  Avianews басылымының хабарлауынша, 2025 жылдың желтоқсанында Қазақстаннан Ферғана зауытына 35 мың тонна шикізат жеткізілген. Биылғы жылы да бұл көлем артып, 2026 жылдың соңына дейін жарты миллион тоннаға дейін жеткізу жоспарланған. Зауыт операторы Saneg компаниясының мәлімдеуінше, қазақстандық мұнайдан өндірілген Jet A-1 маркалы авиациялық керосин Өзбекстанның ішкі нарығын қамтамасыз етпек. Кәсіпорын толық қуатына шыққан кезде елдегі авиакеросинге деген ішкі сұраныстың 70-80 пайызын өтей алады. Ал Қазақстанның өзінде халықаралық…

Толық оқу

Бейжің АҚШ-тың Арктика аймағындағы мүдделерін алға жылжыту үшін Қытай мен Ресейді «қауіп-қатер» ретінде көрсетуіне қарсы шықты, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин мәлімдеді. Ал бұған дейін Германия Сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль Исландияға сапары барды. Сол кезде ол АҚШ президенті Дональд Трампқа НАТО аясында Қытай мен Ресейдің Арктикадағы ықпалына бірлесіп қарсы тұруды ұсынған еді. – Арктика бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ортақ мүддесіне қатысты аймақ. Қытайдың Арктикадағы қызметі өңірдің бейбітшілігін, тұрақтылығын және орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған және халықаралық құқыққа сәйкес жүргізіледі, – деді Мао Нин неміс министрінің мәлімдемесіне жауап беріп. Сонымен қатар, ол «АҚШ-тың…

Толық оқу

13 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал адамды жаңа мүмкіндіктер мен табысқа жетелейтін энергияға толы. Өзгерістерден қорықпай, ішкі түйсікке сенгендер үшін бүгінгі күн ерекше жемісті болмақ, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір) Бүгінгі күн сізге жаңа таныстық пен тың идеялар әкеледі. Сенімділігіңізді жоғалтпай, мақсатқа нақты қадам бассаңыз, айыңыз оңынан туады. Кешке күтпеген жақсы жаңалық естисіз. Торпақ (20 сәуір – 20 мамыр) Торпақтарға бүгін қаржылық мәселелерде сәттілік серік болмақ. Бұрыннан жоспарлаған істеріңіз оң шешілуі мүмкін. Дегенмен, жақындарыңызбен қарым-қатынаста сабырлы болыңыз. Егіздер (21 мамыр – 20 маусым) Егіздер бүгін айналасындағы адамдарға шабыт беретін энергияға ие. Әсіресе, шығармашылық істерге қолайлы күн. Өзіңізге…

Толық оқу

Бүгін Жаңаөзен қаласында заманауи үлгідегі «Bolashaq Saraiy» оқушылар сарайы ашылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Балалар мен жастардың дамуына арналған жаңа орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директоры Бахытжан Таубаев, қалалық мәслихат депутаттары, педагогикалық еңбек ардагерлері және қала тұрғындары қатысты. Жаңа орталықта шығармашылық, ғылым және спортпен айналысу үшін заманауи зертханалар, ІТ кабинеттер, телестудия, әртүрлі шеберханалар, «Жас құтқарушы» кабинеті, акт залы және балаларға арналған коворкинг аймағы бар. Нысан жоғары технологиялық құрылғылармен, компьютерлік техникалармен және барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жалпы аумағы 3000 шаршы метрден асатын бұл…

Толық оқу

Әнші Сәкен Майғазиев Нұрлан имамның алдында діни тақырыпта әңгіме айтып, жұртты ұйытты, деп жазады Ertenmedia.kz. «Маған сөз берді екен деп, Нұрлан имамның алдында көсіліп сөйлеп тұрған мен де жүрек жұтқан жігіт екенмін», – деп әзілдеді әнші. Сәкен Майғазиев өз сөзінде танымал түрік жазушысы Элиф Шафактың даналығын мысал етіп келтірді. – Жақсы көретін жазушым Элиф Шафактың мынадай сөзі бар: «Алла тағала барлық адамның ой-санасын, бітім-болмысын, түр-келбетін бірдей етіп жаратуға да құдіреті жетер еді. Бірақ Алла тағала осылай қалады». Демек, бір адамды екіншісінен кем санау үлкен қателік. Керісінше, бірімізді біріміз толықтырып, жақсылығын асырып, кемшілігін жасырып жүрсек қана шынайы адам бола аламыз, –…

Толық оқу