Жекеменшік мектептерді қаржыландыру тақырыбы көптің көкейінде жүр. Мұндағы басты талап мемлекет төлейтін ақша нақты оқып жүрген балаға жетуі керек, деп жазады Ertenmedia.kz. Талдау кезінде оқушыларды есепке алу мен қаржыландыруда сәйкессіздіктер байқалды. Ұлттық білім беру дерекқорында мемлекет есебінен қаржыландырылатын мектепке тіркелген кейбір балалардың шын мәнінде басқа оқу орнында оқитыны анықталған. Құжаттағы бала бір жерде, партадағы бала басқа жерде болып шыққан жағдайлар бар. Осындай олқылық болса, бюджет қаржысы да дұрыс есептелмейді, ал ата-анаға да түсініксіз сұрақ көбейеді. Түйінді тарқату үшін Қаржы министрлігіне қарасты «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ жаңа ақпараттық жүйе әзірледі. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №251 бұйрығы мен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, жекеменшік…
Автор: Асылхан Бөрібай
Астанада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Дәстүрлі дода «Алатау» спорт сарайында ашылып, елдің 17 өңірінен 177 спортшы қатысуда, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 2022 жылдан бері алғаш рет ересектер арасындағы ел біріншілігі қайтадан елордада қабылданып отыр. Ауыр атлетикада нәтиже бір күнде шықпайды. Күн сайынғы жаттығу, салмақ қуу, дұрыс тамақтану, дәрігерлік бақылау қатар жүреді. Сондықтан чемпионат тек медаль емес, ұлттық құраманың резервін көру, кімнің формасы көтерілгенін байқау, келесі маусымға нақты жоспар жасау алаңы. Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ағзамов спортшылардың құрамы мықты екенін айтты. Оның сөзінше, алдағы күндері рекорд жаңаратын мүмкіндік бар, ал үздіктер 2026…
Орал қаласында экологиялық әрі әлеуметтік маңызы жоғары жаңа ботаникалық бақ ашылып, жаңа спорттық нысанның іргетасы қаланды. Іс-шараларға БҚО әкімі Нариман Төреғалиев пен Freedom Holding Corp компаниясының басшысы Тимур Турлов қатысып, бұл жобалардың өңір дамуына қосатын үлесін атап өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа ботаникалық бақ «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылды. Оның аумағында 1500-ден астам ағаш, 11 000-нан аса бұта отырғызылып, тынығуға арналған демалыс аймақтары, шахмат және үстел теннисі алаңдары, жаяу жүргіншілер жолдары салынды. Сонымен қатар сирек кездесетін өсімдіктерді сақтау, жаңа түрлерді бейімдеу және ғылыми тәжірибелер жүргізуге мүмкіндік беретін инфрақұрылым да қарастырылған. Бұл аумақ қала табиғатын…
Сиднейдегі әйгілі Crown казиносында 1 миллион доллардан астам қаржыны алаяқтық жолмен ұтып алған қазақстандық ерлі-зайыптылар ұсталды, деп хабарлайды Ertenmedia. Жаңа Оңтүстік Уэльс полициясы Ділноза Исраилова мен Әлішерқожа Исраилов есімді Қазақстан азаматтарының қулық-сұмдық әрекеттер арқылы ірі көлемде ақша жымқырғанын анықтады. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ерлі-зайыптылар казино үстелінде ойын барысында жасырын байланыс құралдарын қолданған. 36 жастағы Ділноза киіміне кішкентай камераны білдіртпей орнатып, ойын үстелін түсіріп отырған. Түсірілім жасырын телефон байланысы арқылы сырттағы серіктеске жіберіліп, сол жерден жасырын құлаққап арқылы ойыншыға қандай картаға және қандай ставка жасау керектігі жөнінде нұсқау түсіп отырған. Полицияның айтуынша, қазақстандық жұп осы әдіспен екі ай ішінде қазан мен қараша…
Қытай билігі 2026 жылдың қаңтарынан бастап контрацепция препараттары мен жүктіліктен сақтануға арналған заттарға қосымша құн салығын енгізеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Елде соңғы отыз жылда мұндай тауарлар алғаш рет салыққа ілігіп отыр. Бұған дейін, 1993 жылдан бері, яғни Қытайда «бір отбасы – бір бала» саясаты белсенді жүрген кезде, контрацептивтер салықтан босатылған болатын. Ол кезде мемлекет туу көрсеткішін тежеуге мүдделі еді. Қазір жағдай мүлдем басқа: Бейжің керісінше, бала санын арттыруды көздеп отыр. Жаңа өзгеріске сәйкес, контрацепция құралдарына 13 пайыз ҚҚС салынбақ. Bloomberg агенттігінің мәліметінше, бұл Қытайдың демографиялық саясатына енгізген кешенді өзгерісінің бір бөлігі ғана. Салық заңнамасына енгізілген түзетулерде балабақша, бөбекжай қызметі, қарттар…
Шымкент қаласындағы «Айкөл» тұрғын алабы алғаш рет орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Су беру жүйесін іске қосу рәсіміне қала әкімі мен осы аумақта тұратын тұрғындар қатысты. Бұл жоба тұрғындармен өткен кездесуде көтерілген нақты ұсыныстан кейін қолға алынған. Сол жиында аймақ халқы сапалы ауыз су мәселесін ашық айтып, оны шешуді сұраған болатын. Әкімдік сол өтінішті жоспарға енгізіп, қысқа мерзімде жобаны жүзеге асырды. Жоба аясында ұзындығы 14,7 шақырым болатын су құбыры тартылды. Нәтижесінде 38 абонент жеке тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар ауыз су жүйесіне қосылып отыр. Бұған дейін кейбір тұрғындар суды тасып пайдаланған немесе уақытпен ғана алатын болған. Енді…
Қазақстандық CPC Blend мұнай сортының экспорты былтырғы ақпаннан бергі ең жоғары деңгейге жетті, деп хабарлайды Ertenmedia. Reuters агенттігінің дерегінше, Анкара ресейлік Urals маркалы мұнайды сатып алу көлемін күрт қысқартып, санкцияға ілікпеген Қазақстан мен Ирак шикізатын көбірек импорттай бастаған. Бұған дейін Түркия Ресей мұнайын ең көп тұтынатын елдердің қатарында Қытай мен Үндістанмен бірге алдыңғы орында тұрған еді. Қазан айымен салыстырғанда, Түркияға жеткізілетін Urals көлемі үштен бірге азайып, тәулігіне 200 мың баррельді құрады. Бұған Ресейдің «Роснефть» пен «Лукойл» секілді ірі компанияларына АҚШ санкциясының күшейтілуі себеп болды. Нәтижесінде түрік мұнай өңдеу зауыттары балама жеткізушілер іздеуге мәжбүр. «Қазақ мұнайы Ресей шикізатының орнын басуға қолайлы…
Жетісу облысында 588 кәсіпорын бар, соның 378-і өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейді. Осы жылдың он айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 323,2 млрд. теңгені құрады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ал өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 240,1 млрд. теңгені құраған. Бүгінде облыстағы кәсіпорындарының өнімділігін арттырып, өндіріс көлемін ұлғайту үшін үнемі цифрландыру элементтері енгізіле отырылып, жаңғыртылады. Мәселен, осы жылы «Қайнар АКБ» ЖШС өнеркәсіптік аккумуляторлар шығаратын жаңа желіні іске қосып, жаңғырту жүргізді. Сондай-ақ қойма, монтаждау желісі, лазерлік таңбалау және жұмыс уақытын есептеу жүйесі автоматтандырылды. Сол сияқты «Метакон» ЖШС металды лазерлік кесу және металл конструкцияларды роботтық дәнекерлеу жүйесін енгізді, ал «Алацем» ЖШС робот-паллетайзермен жабдықталған орау цехын ашты. Сонымен қатар…
Брюссельде Қазақстан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Еуропалық одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас төрағалығымен кездесу өтті. Кездесу қорытындысында 2 желтоқсанда қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдету жөніндегі келіссөздер басталатыны жарияланды. Кездесуде реадмиссия туралы келісім бойынша да диалог жүреді. Яғни әңгіме тек саяси мәлімдемемен шектелмей, азаматтардың жүріп-тұруына тікелей әсер ететін нақты келісімдер туралы болып отыр. Еуропалық одақ Қазақстанның ең ірі экономикалық әріптесі саналады. Сауда айналымы 50 млрд доллар шамасында, ЕО-тан келген тікелей инвестициялар көлемі 200 млрд долларға жеткен. Ел аумағында төрт мыңнан астам еуропалық компания жұмыс істейді. Сондықтан виза мәселесін жеңілдету бизнес, логистика, білім және…
Астанада жүзеге асып жатқан JOLTAP жобасы төрт баланың анасы Нұргүл Жұмабекқызына жаңа мамандық меңгеріп, өзіне ыңғайлы кестемен жұмыс табуына мүмкіндік берді. Айтуынша, тігін ісін тегін оқытқан курс оның кәсіби бағытын түбегейлі өзгерткен, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Нұргүл Жұмабекқызы – 4 баланың анасы. Негізгі мамандығы – мұғалім. Алайда осыған дейін мамандығы бойынша жұмыс істемеген екен. «Үйде бала тәрбиесімен отырған анамын. Осы уақытқа дейін әртүрлі жұмыс істеп, өзімнің бағытымды айқындай алмай жүрдім. Істеген жұмыстарым көңілімнен шыққан жоқ. Бір күні қызым JOLTAP жобасы бойынша тегін курсты оқығысы келетінін айтты. Ол кезде оның жасы 18-ге толмаған еді. Ата-анасының бірі бірге баруы керек…










