Author: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Нұралхан Көшеров

Түркістан қаласындағы арнайы экономикалық аймағында «ER-QAN GROUP» ЖШС-нің орамдағы полиэтилен пакеттері мен желім (пластик) ыдыстарын шығаратын зауыт іске қосылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Кәсіпорынның ашылуына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, нысанды аралап көрді. Өңірде өндіріс саласын қарқынды дамыту жолында тынбай жұмыс істеп жатқан азаматтарға алғысын жеткізіп, экспорт көлемін ұлғайту жөнінде пікір алмасты. –  Бүгін Түркістан облысының экономикалық дамуы үшін аса маңызды жобалардың бірі жүзеге асып отыр. Полиэтилен пакеттері мен бір рет қолданылатын пластикалық ыдыстар өндіретін жаңа зауыт өз жұмысын бастады. Бұл өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, кәсіпкерлік ортаның жандануына серпін беретін қуанышты оқиға. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауларында…

Read More

Украиналық дрондар КТК-ға соққы жасаған соң, Қазақстан Баку–Тбилиси–Жейхан (БТЖ) мұнай құбыры арқылы экспорт көлемін арттырмақ, деп хабарлайды Ertenmedia. Reuters дерегінше, желтоқсанда Ақтау порты арқылы БТЖ бағытымен 188 мың тонна мұнай экспортталады. Бұл қарашадағы көрсеткіштен 30 пайызға жоғары. Оның 170 мың тоннасы «Теңізшевройлға» тиесілі болса, қалған 18 мың тоннасы Қашаған кен орнынан жеткізіледі. Дегенмен, бағыттың мүмкіндігі Ақтау портының қуаты мен мұнай қоспасының сапасына қойылатын талаптарға байланысты шектеулі. Каспий құбыр консорциумы (КТК) Жаңаресей маңындағы терминалдың швартовка құрылғысы бүлінген сың, қысқа мерзімге тоқтаған. Қазір мұнай тиеу жалғасып жатыр, алайда үш айлақтың біреуі ғана жұмыс істеп тұр. Үшінші айлақ жедел түрде жөнделуде. Украиналық дрондардың…

Read More

Сенат мұнай мен уран өндірісінің тәртібін түбегейлі өзгертетін заң жобасын екі оқылымда мақұлдап, Президенттің қол қоюына жіберді, деп хабарлайды Ertenmedia. Жаңа құжат мұнай-газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттырумен қатар, стратегиялық ресурс саналатын уран өндіруде мемлекет мүддесін қорғауды көздейді. Енгізілген өзгерістің ауқымды бөлігі қиын өндірілетін мұнай түріне арналған. Әсіресе тұтқырлығы жоғары, битумды және тақтатас құрамды кен орындарындағы мұнайды игеруге басымдық беріледі. Бұл мұнайды жер астынан алуға озық технология қажет екені белгілі. Қабылданған маңызды өзгерістің бірі енді компаниялар кен орындарының шекарасын өзгертпей-ақ ұңғыма тереңдігін 5000 метрге дейін ұзарта алады. Сонымен бірге заманауи технологияларды пайдаланып, инновация енгізген өндірушілерге салық және әкімшілік жеңілдіктер ұсынылады. Тағы…

Read More

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов жұмыс жоспарына сәйкес облыстық басқарма басшыларының есептерін тыңдап, алдағы жоспарларды талқылады. Кездесу барысында мәслихат төрағасы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаевтың есебін қарап, атқарылған жұмыстардың қорытындыларын бағамдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды баяндаған Файзулла Мұстафинұлының  сөзінше, Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешені жалпы өңірлік өнімнің 20% құрайтын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының драйвері болып табылады. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 907 мың гектарға орналастырылып, өткен жылдан 34 мың гектарға артқан. Мәселен, егіс құрылымына сәйкес дәнді дақылдар көлемі 10 мың гектарға артып, 342 мың гектарға, майлы дақылдар 2 мың гектарға артып, 73 мың гектарға, мақта…

Read More
қар тазалау

Соңғы 10 күнде Астанада бір айлық нормадан артық қар жауды. Қысқы маусым басталғалы қаладағы коммуналдық қызметтер күшейтілген тәулік бойғы режимде жұмыс істеп жатыр. Қар тазалау және арнайы полигондарға шығару жұмысы елорданың барлық алты ауданында үздіксіз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Күндіз ауа температурасының нөлден жоғары болып, қар еріп, түнде күрт суытуына байланысты жолдар мен тротуарларда көктайғақ орнайды. Қала тұрғындарының қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында жолдарға, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себілуде. Қыс басталғалы бері көктайғаққа қарсы 3000 тоннадан астам материал пайдаланылып, 176 мың текше метрден астам қар шығарылды. Бұл 14 164 ауыр жүк көлігінің рейсіне тең. Барлық жұмыс тәулік бойы…

Read More

Адами капиталға салынған инвестиция экономикалық өсімнің негізгі қозғаушысы. Елімізде денсаулық сақтау саласын жаңғырту жұмыстары еңбек нарығын дамытуға, өңірлердің әлеуетін күшейтуге және фармацевтикадағы импорттық тәуелділікті азайтуға бағытталып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Еңбек нарығындағы сұраныс Соңғы жылдары медицина мамандарына деген қажеттілік айқын сезілді. 2025 жылы медициналық жоғары оқу орындарын 10 530 жас маман тәмамдайды. Оның 1333-і ауылдық ұйымдарға жіберіледі, бұл 2024 жылға қарағанда екі есе көп. Ауыл аймақтарын дәрігерлермен қамтамасыз ету үшін 8,5 млн теңге мөлшеріндегі көтермеақы енгізіліп, 254 маман қолдауға ие болды. Соның нәтижесінде дәрігер тапшылығы 19%-ға, орта медицина қызметкерлері тапшылығы 13%-ға төмендеді. Интернатура мен резидентураның жаңа бағыттары ашылып, 20-дан астам…

Read More

2025 жылғы ТОП-500 «единорогтар» тізіміне Қытайдан 150 компания кіргені хабарланды. «Единорог» деп әдетте нарықтық бағасы 1 млрд АҚШ долларынан асқан, әлі биржаға шықпаған жеке стартаптарды атайды. Мұндай компаниялар көбіне жаңа технологияға, цифрлық сервистерге, онлайн платформаларға сүйенеді. Бұдан Қытайдағы жеке бизнестің, әсіресе технологиялық сектордың қаншалықты қарқын алып жатқанын көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Статистикаға қарағанда, бір жылдың ішінде жасанды интеллект саласындағы «единорогтар» саны 20-дан 36-ға дейін өскен. Соның ішінде қытайлық AI-стартаптардың өзі 2-ден 9-ға көбейгені айтылды. Бұдан жаһандық технологиялық бәсекенің бағытын аңғаруға болады. Жасанды интеллект қазір өнеркәсіптен бастап, қаржы, логистика, денсаулық сақтау сияқты барлық салаға еніп жатыр. Қай ел осы бағытта көбірек…

Read More
ет экспорты

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр етін шетелге сатуға уақытша шектеу енгізді. Ресми құжатқа сәйкес, сиыр еті экспортына квота 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады. Жалпы рұқсат етілген көлем 13 мың тонна. Бұл мөлшер үшінші елдерге де, Еуразиялық экономикалық одақтағы серіктестерге де ортақ. Яғни, қазақстандық өндірушілер сол шектен асып өте алмайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Квота бәріне бірдей берілмейді. Оны тек өзінде кем дегенде 5 мың басқа дейін ірі қара ұстайтын, арнайы бордақылау алаңы бар және етті өңдейтін өндірістік қуаты бар компаниялар ғана ала алады. Әр кәсіпорынға рұқсат етілетін экспорт көлемі де шектелген. Кәсіпорынның қуатына қарай 1 мыңнан 4 мың тоннаға дейін…

Read More
Ербол Қарашөкеев басқаратын

Бас аудитор Әлихан Смайылов жүргізген тексеріс нәтижесінде Жамбыл облысындағы өткір мәселелердің беті ашылды деп жазады Ertenmedia. Жоғары аудиторлық палата Жамбыл өңірін тексеріп, аймақтағы жағдайға шынайы баға беріпті. Соңғы 4 жылда облыстың ел экономикасындағы үлесі 2,7 пайыздан 2,3 пайызға дейін төмендеген. Инвестиция көлемі биыл біраз өскенімен, жалпы көрсеткіш бойынша басқа өңірлерден үш есе артта қалып отыр. Аудиторлардың айтуынша, Ербол Қарашөкеев басқаратын облыс бюджетінің 80 пайызы  әлі де орталықтың мойнында. Соңғы төрт жылда республикалық бюджеттен берілетін ақша 344 млрд теңгеден 521 млрд теңгеге жеткенімен, соның 38 млрд теңгесі жұмсалмай, босқа тұрған. Өңірдің Астанаға тәуелдігі тым жоғары. Осы кезеңде бюджеттен берілген трансферттер көлемі…

Read More
сиыр етінің экспортына

Үкімет сиыр етінің экспортына қайта шектеу қойып, жалпы көлемін бар-жоғы 13 мың тонна деп бекітті, деп жазады Ertenmedia. Жаңа ереже 2 желтоқсаннан бастап күшіне енді. Ауылминнің бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін ірі қараның етін сыртқа шығаруға сандық квота енгізіледі. Шектеу жаңа сойылған, салқындатылған және мұздатылған ет түрінің бәріне қатысты. Экспорт көлемі Еуразиялық одақ елдеріне де, өзге мемлекеттерге де ортақ тәртіппен есептеледі. Министрлік квота бөлудің қатаң шартын бекіткен екен. Енді ет экспорттау құқығы тек бірнеше талапқа сай келетін шаруашылықтар мен арнайы экспорттаушы компанияларға беріледі. Атап айтқанда, экспорттаушының ресми тіркеу нөмірі бар өз ет өңдеу зауыты, кемінде 5 мың бас…

Read More