Автор: Асылхан Бөрібай

Темір жол машиналарын жасау саласында алдағы екі жылда 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Болашақта Қазақстан Еуразия континентінің маңызды көлік торабы болуы керек. Бұған қол жеткізу үшін теміржол инфрақұрылымын дамытуды және отандық машина жасау салаларын жаңғыртуды жалғастыру қажет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті. 2024 жыл темір жол машина жасау саласындағы қазақстандық зауыттар үшін өндіріс көлемі бойынша рекордтық жыл болды: 124 локомотив, 2 565 жүк және 122 жолаушы вагоны. Өндіріс көлемінің артуы жылжымалы құрамды жаңартуға және импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік берді. Жыл сайын миллиондаған жолаушылар еліміздің түкпір-түкпіріне саяхат жасап, темір жол машина жасау кәсіпорындары жұмыс орындарын…

Толық оқу

«Қазақмыс» корпорациясы желіде тараған тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «ұшақ сатып алынғаны» туралы ақпаратқа пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Компанияның мәлімдемесі «Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде «Қазақмыс» корпорациясы Қазақстанның тұңғыш президентіне ұшақ сатып алыпты-мыс деген ақпараттың таралуына байланысты ресми түрде бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз. «Қазақмыс» корпорациясы ешбір жеке тұлғаға әуе кемесін сатып әперген жоқ», — деп жазылған хабарламада. Компания мәліметінше, әуе кемесін сатып алу тек компанияның өндірістік қажеттіліктерімен байланысты, мұндай келісім туралы кез келген мәлімдеме негізсіз және қоғамды жаңылыстыруға бағытталған. «Біз бұқаралық ақпарат құралдарын және әлеуметтік желі қолданушыларын таратылатын ақпараттың шынайылығын мұқият тексеруге және расталмаған деректерді жариялаудан бас тартуға шақырамыз.…

Толық оқу

Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев бизнеске салық салу жүйесін реформалау бойынша бірқатар ұсынысын жеткізді. Оның айтуынша, елдегі бюджеттік дағдарыс ұзақ жыл бойы қалыптасқан, ал оның негізінде жүйелі мәселелер жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Күрделі әрі батыл шешімдер қабылдайтын уақыт келгенін жиі естиміз. Бұл пікірмен көпшілік келіседі деп ойлаймын. Алайда қазіргі таңда Үкімет ҚҚС мөлшерлемесін бірден көтеріп, оның шегін төмендетуді ұсынып отыр. Егер ҚҚС есепке алынбаса, ол айналымнан алынатын салыққа айналып, тауар құнына толық енгізіледі. Бұл түпкі тұтынушыға қосымша қаржылық ауыртпалық түсіреді», – деді депутат. Бейсенғалиевтің пікірінше, ҚҚС мөлшерлемесінің күрт артуы бизнестің бөлшектенуіне және көлеңкелі экономиканың ұлғаюына алып келуі мүмкін. «Бұл жағдай бизнесті…

Толық оқу

Мәжілісте депутат Мархабат Жайымбетов құн салығының бір бөлігін бонус ретінде қайтаруды ұсынды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Депутат өз сауалын премьер-министрдің орынбасары-ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге жолдады. Жайымбетовтің айтуынша, қазір көлеңкелі экономиканың үлесі 17 пайыз шамасында, бұл — кем дегенде бюджетке 2-2,5 трлн. теңге салық түспейді деген сөз. «Бір заң жобасын зерделеу кезінде елімізде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл саласында бірыңғай саясатты қалыптастыруға және басқа ведомстволарды үйлестіруге жауапты мемлекеттік орган жоқ болып шықты. Әр мемлекеттік орган бір-біріне сілтейді. Кім жауап беретіні белгісіз. Әрбір мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде шаралар қабылдайды, бірақ функционалдылықты нақты бөлетін тұтас жүйе жоқ», — дейді депутат. Оның сөзінше,…

Толық оқу

Kaspi банктің акционері, Қазақстанның ең қалталы азаматтың қатарындағы Вячеслав Ким Jusan банкін сатып алуға ниетті. Бұл туралы Manualanomics Telegram-арнасы өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып хабарлады, — деп жазады ErtenMedia «Әшкере» арнасына сілтеп. Мәліметке сай, ол Jusan Bank-тің қазіргі иесі, Ахметжан Есімовтің экс-күйеубаласы Ғалымжан Есеновке тиесілі бүкіл акциялар пакетін (99,74%) иеленбек. Jusan Bank-тің иесі ауысатыны және даму стратегиясының өзгеретіні бұған дейін де айтылып жүрген. Егер реттеуші органдар келісім берсе, жақын арада банктің жаңа меншік иесі Вячеслав Ким болмақ. Қазір Kaspi активтер көлемі бойынша елімізде екінші орында тұр (8,2 трлн теңге), Jusan – алтыншы (3,3 трлн теңге). Jusan Bank 2017–2020 жылдары мемлекеттен…

Толық оқу

Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әнші Алмас Кішкенбаевқа сот үкімі шықты, — деп хабарлайды ErtenMedia Massaget.kz-ке сілтеп. Алмас Кішкенбаевқа ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылған еді. Сот шешімі бойынша Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. «Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты К.-ге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі жабық форматта қарады. Сот К.-ның мас күйде мұндай әрекеттерді жасағанын анықтады. Сотта К. болған оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін мәлімдеді. К. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, оған 15 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде жаза қолданылды», — деп жазылған сот хабарламасында. Алмас…

Толық оқу

Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL әуе компаниясының ұшағын ресейлік «Панцирь-С» зениттік-зымыран кешені атып түсірген. Бұл туралы Әзербайжан үкіметінің өкіліне сілтеме жасаған Reuters агенттігі хабарлады, — деп жазады ErtenMedia. Қазақстанның Көлік министрлігі осы апатқа қатысты алдын ала тергеу есебін жариялап, ұшақ фюзеляжында көптеген тесіктер мен соққы іздерінің бар екені көрсетілген фотоларды ұсынған еді. Әзербайжан тарапы бұдан бөлек сол күні Грозныйда «Ковер» жоспары енгізілгенін, бірақ диспетчер бұл туралы лайнер зақым алғаннан кейін ғана хабарлағанын мәлімдеді. Алғашқы дерек бойынша, Баку – Грозный бағытындағы тұрақты рейс жасайтын ұшақ ұшуды бастар сәттен Грозныйға дейінгі аралықта техникалық тұрғыда жарамды болған. Екі қозғалтқыш та апат болғанға дейін…

Толық оқу

Алматыда екі айдан аса іздестірілген қыздың денесі Кеңсай зиратының маңынан табылды, — деп хабарлайды ErtenMedia «КТК» телеарнасына сілтеп. Екі айдан аса уақыт іздестірілген 26 жастағы қыздың мәйіті Алматыдағы Кеңсай зираты маңынан табылды. Телеарна мәліметінше, марқұм Айша Хамитті өзі жақын араласып келген жігіті пәтерде қылқындырып, қылмысын жасыру үшін денесін айдалаға апарып тастаған. Қазір полицейлер 19 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Қаскөй кінәсін толық мойындаған, тіпті қызды мәжбүрлеп несие алғызғанын да растапты. 26 жастағы Айша Хамиттің қазасы бүкіл Қырбалтабай ауылы тұрғындарының қабырғасын қайыстырды. Айша Хамит былтыр қарашада үйінен туған күн кешіне барамын деп шығып, сол күйі оралмаған. Десе де оның телефонынан жақындарының хатына…

Толық оқу

Әзербайжанның Цифрлық даму және көлік министрлігі Ақтау әуежайы маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines (AZAL) компаниясының Embraer 190 ұшағына қатысты Қазақстан жариялаған алдын ала тергеу есебіне түсініктеме берді. Ведомство алдын ала құжатта бірқатар маңызды жайт расталғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia Minval.az-ға сілтеме жасап. Ведомство мынадай мәлімдемелер жасады: Алғашқы деректер бойынша Баку – Грозный бағытындағы ұшақ ұшуды бастар сәттен Грозныйға дейінгі аралықта техникалық тұрғыда жарамды болған. Екі қозғалтқыш та апат болғанға дейін ақаусыз істеген. Ұшақ Ресей Федерациясының әуе кеңістігінде, соның ішінде Грозный әуежайы үстінде ұшқан кезде GPS сигналын жоғалтып алған. Грозный маңында ауа райы қолайсыз болып, ұшақ екінші айналымға қонуға мүмкіндігі…

Толық оқу

Қамауға алынған Әсем Жәпішева бостандыққа шықты. Бұл туралы Oyan, Qazaqstan қозғалысы мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Оны @qaznews24 сатиралық медиасының авторы Темірлан Еңсебекті қолдау пикеті үшін 15 тәулікке қамауға алған еді. Әсем оны 15 күн бойы азық-түлікпен, хаттармен қолдағандардың бәріне алғысын жеткізеді. Сатира қылмыс емес!», — деп жазылған мәліметте. Айта кетейік, журналист Әсем Жәпішева 20 қаңтарда 15 тәулікке қамауға алынған еді. Ол сол күні пикетке шыққан болатын. Белсенді Әсем Жәпішеваның пикеті үш минутқа созылды. Ал 18 қаңтарда QazNews24 сатирикалық парақшасының авторы Темірлан Еңсебек 2 айға қамауға алынды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiниалауыздықты қоздыру» бойынша…

Толық оқу