Автор: Асылхан Бөрібай

Мирболат ісі

Журналист Дәурен Қуат Путиннің «қай елде тұрса да, орыстілділердің құқын қорғаймыз» деген мәлімдемесі Қазақстандағы саяси ахуалға теріс ықпал еткенін айтты, деп жазады Ertenmedia. Пікірінше, Путиннің Кремльде тұрып, кейін Астанада тағы бір мәрте айтқан осы пікірі ел ішіндегі Мәскеуге бүйрегі бұратын топтарды есіртіп жіберген. «Мәлімдеме астарында «абайлаңдар, қажет болса соғыс ашамын» деген айқын ескерту жатқан еді. Кремльдің қабағына қарағыш Астана осыдан кейін Кеңес дәуірін аңсаушылардың талтаңдауына жол берді», – дейді ол. Айтуынша, ел билігінің жалтақтығын пайдаланған Мәскеудің идеологтары қазақтардың тарихын, мәдениетін, тілін емін-еркін таптай бастаған. Қазақтың ұлтшыл азаматтарын «нацпат» деп мазақ ету, қорлау үйреншікті көрініске айналған. Солай бола тұра ресми Астана…

Толық оқу

Күні кеше ғана ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жыл қорытындысы мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасап, мұнай өңдеу, мұнай өнімдері, цифрландыру және мұнай-газ-химия саласындағы негізгі бағыттарды түсіндірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Министрдің айтуынша, өткен жылы елдегі мұнай өңдеу көлемі 17,9 млн тонна болған, биылғы жоспар да осы шамада. Қазір жұмыс істеп тұрған зауыттардың бәрі дерлік өндірісті басқаруда америкалық Honeywell және жапониялық Yokogawa компанияларының автоматтандырылған жүйелерін қолданып отыр. Яғни, мұнай өңдеу саласы цифрлық бақылау мен басқарудың жоғары деңгейіне біртіндеп өтіп жатыр. Министр ұсынған тұжырымдамаға сәйкес, 2025-2032 жылдар аралығында мұнай өңдеу қуатын жылына 18 млн тоннадан 30 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспары іске…

Толық оқу
Түркістан мақта

Үкімет Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС арасында Түркістан облысында шитті мақтаны өсіру және терең өңдеу бойынша инвестициялар туралы келісім жасауды мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жоба Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы саласын дамыту және озық агротехнологияларды енгізу бойынша қойған тапсырмаларын жүзеге асыруды көздейді. Жобаның мақсаты алқапта мақта өсіруден бастап дайын киім өндіруге дейін өндірістің толық циклін қалыптастыру. Нәтижесінде Отырар ауданы мен Арыс қаласында 60 мың гектар суармалы жер алаңында Орталық Азиядағы ірі мақта өсіру кешенін құру жоспарлануда. 1,4 мыңнан астам тұрақты және 300-ден астам уақытша жұмыс орны ашылады. Инвестор қытайлық Xinjiang…

Толық оқу

Атырау облысындағы колледж студенттері желтоқсанда Астанада өтетін WorldSkills Kazakhstan 2025 чемпионатына қатысу үшін жолға шықты. Биылғы жарыс Жұмысшы мамандықтар жылы аясында оныншы рет ұйымдастырылып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұйымдастырушылар кәсіби бағыттардың санын да ұлғайтқан, былтырғы 30 құзырет орнына биыл 45 құзырет қарастырылған. Яғни жастар үшін жаңа мамандықтарды көру, заманауи еңбек нарығына жақын дағдыларды сынау мүмкіндігі көбейіп отыр. Атырау облысынан барлығы 10 колледждің 36 студенті қатысады. Олар әрқайсысы өз бағыты бойынша өңір атынан өнер көрсетпек. Солардың ішінде әлемдік деңгейде жұмыс істейді деп жиі айтылатын APEC PetroTechnic жоғары колледжінің студенттері бар. Бұл оқу орнының жастары бірнеше техникалық құзырет бойынша сынға түседі. Мысалы,…

Толық оқу

Астанада шетелге білім беремін деп жұрттың сеніміне кірген әйел 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ресми мәліметке қарағанда, ол өзі құрған білім орталығы арқылы 52 адамның ақшасын иемденіп, жұрттың жалпы шығын көлемі 152 миллион теңгеге жеткен, деп жазады Ertenmedia.kz. Ол жұртқа Еуропа университеттеріне «гарантпен түсіремін», «тіл курсынан босататын халықаралық сертификат алып беремін» деп уәде үйіп-төкен. Жарнамасын әлеуметтік желіде жүргізіп, БАҚ арқылы да насихаттаған. Көп адам шетелге жол ашылады, баламыздың болашағы жарқын болады деп сеніп, қомақты қаражатын аударып, артынша сан соғып қалыпты. Тергеу барысында белгілі болғандай, орталық уәде еткен құжаттар ешкімге бермеген. Шынайы оқу процесі де болмаған. Яғни, курстар қағаз жүзінде болғанымен,…

Толық оқу
Orda порталының бас редакторы

Қазақстан журналистер одағы Orda порталының бас редакторы Гүлнәр Бажкенованың ісіне қатысты мәлімдеме жасады деп жазады Ertenmedia.kz. Олар құқық қорғау органдарын істі қарауда заң талаптарын қатаң сақтап, кінәсіздік презумпциясын естен шығармауға шақырды. Қауымдастық өкілдері Қылмыстық кодекстің 274-бабы («көрінеу жалған ақпарат тарату») журналистер мен белсенділерді қудалаудың оңтайлы құралына айналғанын айтып, бапты қылмыстық сипаттан алып тастап, азаматтық-құқықтық реттеу аясына ауыстыруды ұсынды. «Қандай да бір адам немесе ұйым өзіне қатысты жалған не жала ақпарат таратылды деп санаса, оны тек азаматтық-құқықтық тәртіппен шешуі тиіс. Журналистер одағы тергеу органдарынан Гүлнәр Бажкенованың ісін жан-жақты, әділ әрі бейтарап қарауын талап етеді», – делінген мәлімдемеде. Ұйым сонымен қатар журналист…

Толық оқу
Қандыағаш қаласының әкімі

Ақтөбе облысының соты ашынасына қол жұмсағаны үшін айыпталған Қандыағаш қаласының әкімі Қазыбек Аққайырға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Алайда айыппұл көлемі азайтылды, деп хабарлайды Ertenmedia. Сот шешімімен шенеунік бастапқыда 314 мың теңге көлемінде штрап төлеуге міндеттелген. Аққайыр сот шешімімен келіспей, әпелляцияға жүгінгенімен, 27 қарашадағы отырыста үкім сол күйінде қалды. Енді заңға сәйкес («Мем.қызмет туралы» заңның 61-бабы) сот шешімі күшіне енген соң ол қала әкімі қызметінен босатылады. «Шешім заңды күшіне енгенше шенді жұмысын жалғастыра береді», – деп мәлім етті Мұғалжар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Еске сала кетейік, әкімге қарсы іс «денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабымен қозғалған. Сот процесі кезінде үйлі-баранды, ақарлы-шақарлы әкім…

Толық оқу

Елімізде жол-көлік оқиғасының жиілеуіне байланысты Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен өткен үйлестіру кеңесінде апатты азайту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Ertenmedia. Жиында жолдағы жағдай күн өткен сайын күрделеніп бара жатқаны айтылды. Әсіресе, апатқа себеп болғандардың көбі бұрын да жол ережесін бірнеше рет бұзған жүргізушілер екені белгілі болды. Кейбірінің бір жыл ішінде ондаған құқық бұзушылық жасағаны анықталған. «Жол-көлік оқиғасының 81 пайызын бұрын бірнеше рет жауапқа тартылған жүргізушілер жасайды. Ережені бұзушылардың заңға бағынбауы тұрақты сипат алған», – деп атап өтті жиынға қатысушылар. Осыған байланысты кеңесте жол ережесін бұзғандарға қатысты цифрлық бақылау арқылы балдық жүйені енгізу ұсынылды. Белгілі бір межеге жеткен жүргізуші автоматты түрде…

Толық оқу

Түркістан облысында жұмыссыз ретінде тіркелмек болған азаматтың құқығы қорғалды, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – мемлекеттік қызмет сапасын арттырып, азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін нығайту. Осы бағытта тұрақты түрде бақылау мен түсіндіру шаралары жүргізіліп келеді. Дегенмен, кейбір мемлекеттік органдар тарапынан азаматтардың құқықтарын бұзатын жекелеген фактілер әлі де кездесуде. Мысалы, биыл қараша айында Департаментке Сарыағаш қаласының тұрғынынан жұмыссыз ретінде тіркелуге қатысты шағым түскен. Азамат «enbek.kz» порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелуге өтінім жібергенімен, аудандық Мансап орталығы оны заңсыз есептен шығарып тастаған. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 09.06.2023 ж. №214 бұйрығымен бекітілген…

Толық оқу

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады. Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты қызмет алушылардан 250-ге жуық өтініш келіп түскен. Олардың басым көпшілігі жер қатынастары, тұрғын үй және әлеуметтік салаларға қатысты түскен болатын. Кез келген шағымды Департамент қызметкерлері толық зерделеп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін заңмен көзделген бақылау шараларын жүргізеді. Мәселен, Департаментке Түркістан қаласының тұрғынының «Дәрігерді үйге шақырту» мемлекеттік қызметін ұсынбауға қатысты арызы келіп түскен. Аталған…

Толық оқу