Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін және өңірлік штаб өз жұмысына кіріскенін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеп. 2025–2026 жылдары оқу-зертханалық корпусын ашу, жаңа идеялар хакатонын, халықаралық «DostiSkills-2025» салалық чемпионатын, халықаралық салалық аккредиттеуді өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ ІТ hub және жұмыс берушілердің қолдауымен құзіреттер орталығын ашу, бизнестің нақты сұраныстары бойынша нысаналы білім беру тапсырысын ұлғайту және өңір колледждерінде жаңа мамандықтар ашу қарастырылған. Атап айтқанда, Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану», О. Тұрмағамбетұлы атындағы Маңғыстау индустриялық-техникалық колледжі «Гидрогеология және инженерлік…
Автор: Асылхан Бөрібай
Дәрігер Жасұлан Темірбайдың «Болашақ» бағдарламасына қатысты жазбасы желіде қызу талқыланып, қазақ тілі тағы да күн тәртібіне шықты. Сұхбат кезінде комиссия мүшесі жас маманға: «Орысша акцентпен сөйлейсіз. Қазақстанды ұятқа қалдырасыз» деп қойып қалған. Ertenmedia.kz осы жайттың ақ-қарасын анықтап көрді. Редакция тілшісі Жасұланмен хабарласып, жағдайдың қалай шешілгенін сұрап білді. Жасұланның айтуынша, осы жағдайдан кейін «Болашақ» бағдарламасының басшысы Әділ Миратұлымен кездесіп, арыз-шағымын ортаға салған. Бағдарлама басшылығы мәселені мұқият тексеріп, комиссия мүшелерінің әрекетіне баға беріпті. «Ең бастысы «Болашақ» бағдарламасында тілге немесе мамандыққа байланысты ешкімнің жолы кесілмейтініне көзім жетті. Менің шағымым мұқият қаралыпты. Егер желіде сөзім немесе іс-әрекетім біреуге ауыр тисе, кешірім сұраймын. Әсіресе Әділ…
«Азаттық» Кәрім Мәсімовтің Астанадағы бұрынғы резиденцияларының бірін тапқан. Сондай-ақ, басылым Мәсімов ісіне қатысты тың деректерге шолу жасаған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қаңтар оқиғасына байланысты ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қамалғаннан бері үш жыл бойы Астанада тергеу изоляторында отыр. Ол 18 жылға сотталған болатын. Мәсімовке қатысты тағы екі қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Басылым дерегінше, Астанадағы биік қоршауы бар сарайды Қаңтар оқиғасынан кейін ҰҚК Кәрім Мәсімовтің бизнес өкілдерінен алған, құны 2,5 млрд теңге тұратын мүлкі деп көрсеткен. Аумағы бір гектарға жуық бұл ғимарат қазір Қайтарылған активтерді басқару компаниясына қарайды, демек мемлекеттікі. «Тергеу Мәсімовтікі деген 17 миллион доллар қаражатты да осы үйден…
Қазақстан мен Малайзия арасындағы сауда көлемі биыл екі елдегі жоғары экономикалық өсімнің арқасында артуы мүмкін деп мәлімдеді Қазақстанның Малайзиядағы елшісі. Бұл туралы Ertenmedia.kz хабарлайды. 2021 жылдан бері Малайзияда Қазақстанның бас дипломаты қызметін атқарып келе жатқан Болат Сүгірбаев екі елде ауыл шаруашылығы мен органикалық азық-түлік секторында өсім болатынын болжайды. Сонымен қатар, тікелей әуе рейстерінің іске қосылуы және Малайзияда жоғары білім алуға келетін қазақстандық студенттердің санының артуы екі ел арасындағы байланысты одан әрі нығайтады, деп атап өтті ол. 2025 жылы Қазақстан экономикасы 4,7%-ға өсуі мүмкін, бұл 2024 жылғы шамамен 4%-бен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Ал Малайзия экономикасының өсімі 4,8%-ға жетеді деп күтілуде, бұл өткен…
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Осыған орай Абай облысында 300-ге жуық іс-шараны қамтитын аймақтық жоспар бекітілді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биылғы жылы өңірде еңбек пен кәсіп мерекесі ретінде белгілеп, облыстың барлық қалалары мен аудандарын қамтымақ. Абай облысында барлығы 33 колледж бар, онда 21 мыңнан астам студент білім алуда. 2024-2025 жаңа оқу жылында оқуға қабылданғандар саны 5 900 адамды құраса, олардың 2 000-ы жұмысшы мамандықты таңдаған. Бүгінде облыстағы 21 колледжде 5 444 студент жұмысшы мамандығы бойынша білім алуда. Оқытудың танымал бағыттарына мыналар жатады: электр және газ дәнекерлеушілері, электрші, сантехниктер,…
Назарбаев өзінің өткен жылы жарық көрген мемуарында Путинді «сөз бен істің адамы» деп сипаттағаны ErtenMedia-ның есінде қалыпты. «Менің өмірім» деген атпен жарық көрген ғұмырнамалық еңбегінде экс-елбасы Кремль көсеміне «Көшбасшы» деп аталатын тұтас бір тарау арнаған еді. ErtenMedia осы тараудағы Путиннің мақтауын асырған бірқатар цитаталарды оқырман назарына ұсынуды жөн көрді. Назарбаевтың пайымдауынша: «Путин шаршаған, қажыған елді тығырықтан алып шықты. Ең бастысы, Владимир Владимирович Ресейдегі құрдымға кеткендей көрінген патриотизмді қайта тірілтті». «Бір кездегі алпауыт ел әлемдік саясат сахнасына қайта оралды, ендігіде онымен санаспау мүмкін емес және оны мойындамау мүмкін емес. Бұдан былай Ресейдің беделі артқан үстіне арта түседі». «Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының жаңа әрі…
Әлеуметтік желіде кішкентай қыздан “жын шығарып“ жатқан видео тарады. Бұл мәселе құзырлы органдардың назарын аудартты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Кадрларда ер адам қыздың есімін, жынысын, не үшін кіргенін, кім жібергенін, жасын сұрайды. «19-дағы Ләззат, мың жылдықсың ба, жүз жылдықсың ба? Ішіңде нешеу?» — деп сұрайды ер адам кішкентай қыздан. Видеода қыз сұрақтарға жауап беріп, жылап жатқаны көрінеді. БАҚ пен желіде видеодағы емшінің есімі Кейқуат Оспанов екені айтылады. Желіде осы аттас парақшаның иесі болған оқиға туралы былай жазған: «Балабақшаға баратын қыз. Алматыда болған оқиға». Сондай-ақ, осы парақшада қыздың анасымын деген әйелдің видеосы пайда болды. «Алматы қаласында тұрамын. Қызымның жасы бесте. Қызымды Кейқуат…
Қазақстанға тіл тигізген Тигран Кеосаян комаға түсті, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бұл туралы оның әйелі Маргарита Симоньян әлеуметтік желіде жазды Маргарита Симоньянның айтуынша, Кеосаян қазір ауруханада жатыр. Ол бұл туралы айтқысы келмесе де, тілшілердің толассыз қоңырауынан кейін жағдай туралы желіге жариялауға бекінген. «Соңына дейін айтқым келмеп еді. Бірақ тілшілер қоңырау шала бастағандықтан, өзім жазуды жөн көрдім. Менің күйеуім Тигран Кеосаян клиникалық өлімді бастан өткерді және комада жатыр. Көпшілік білетіндей, оның жүрегі ұзақ уақыт бойы қатты ауырған еді», — деп жазды ол. ErtenMedia.kz анықтамасы Тигран Кеосаян — кеңестік, орыс және армян кино және теледидар актері, кинорежиссер, сценарист, продюсер, бейнеклип режиссері, тележүргізуші және пропагандист.…
Бишімбаев ісінде Нүкеновтердің адвокаты болған Жанна Оразбахова осы істегі тағы бір жаңа куәгердің әңгімесін жариялады, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Салтанаттың ісіне қатысты тағы бір оқиғаны айтып берейін. Мистика дерсіз», — деп жазды ол. Адвокаттың сөзінше, шілдеде Астанаға Жоғары сотқа барған. Қонақүйден шығып, таксиге отырған кезде такси жүргізушісі адвокатты танығанын, оған айтары барын жеткізген. Оразбахованың айтуынша, 8 қарашадан 9 қарашаға қараған түні, яғни Нүкеноваға қатысты оқиға болған түні шамамен сағат 3.00-де осы такси жүргізушісі гастроцентрге шақырылған. «Барған кезде ол шақырту қыздан түскенін білген. Қыз көшеде ер адаммен тұрған, кейін таксиге отырмақ болған. Алайда қасындағы ер адам оны ұстап тұрып, көлікке отырғызбаған. Такси…
В рамках поручения Главы государства в Западно-Казахстанской области ведется активная работа по модернизации важных объектов ЖКХ. В Уральске завершена реконструкция канализационно-насосной станции №2. КНС предназначена для перекачки и сброса санитарно-бытовых и близких по составу производственных невзрывоопасных сточных вод от жилых районов центральной части города Уральска. Коммунальный объект обеспечит стабильное водоотведение для 226 700 жителей и 139 социальных объектов города. КНС была построена в 1966 году. До сегодняшнего дня она находилась в изношенном и аварийном состоянии. Работы по реконструкции проводились 1,5 года. За счет средств республиканского и местного бюджетов выполнены соответствующие мероприятия. В рамках проекта установлены: 5 насосов; 3 дробилки; система…
