Автор: Асылхан Бөрібай

Алматы қаласы

Алматыда «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» атты жаһандық акцияны қолдау мақсатында бірқатар нысандарға жылы қызғылт сары түс берілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы күндері Көктөбе телемұнарасы, Halyk Bank ғимараты, Тұңғыш Президент саябағы, LED-экрандар және қаланың бірнеше ірі орындары қызғылт сары түспен әрленіп тұр. Қызғылт сары түс жылылықтың, үміт пен бірліктің белгісі. Ол әр адамның құқығын қорғаудың маңызын және кез келген зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын еске салады. Бұл қоғам назарын маңызды мәселеге бұратын көрнекі белгі әрі қиындыққа тап болған адамдарға деген қолдау мен құрметтің нышаны.

Толық оқу
жұмысшы мамандықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аяқталуға жақын. Алайда, атаулы жылда айқындалған қарқын мен серпін сақталып, алдағы уақытта одан әрі арта түспек, деп жазады Ertenmedia.kz. Алматы үшін бұл кезең техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесін жаңғыртудың бастау нүктесіне айналды. Нақтырақ айтқанда, жаңа сапа стандарттары, басымдықтар мен даму бағыттары белгіленді. Себебі, колледждер қаланың экономикасына қажет кадрларды даярлайтын негізгі буын болып отыр. Алматы құрылыс-техникалық колледжінің базасында қала әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтің төрағалығымен мегаполистегі ТжКБ жүйесін дамыту мәселелері бойынша кеңейтілген жиын өтті. Жиынға білім басқармасы, колледждер басшылығы, прокуратура өкілдері, Білім сапасын қамтамасыз ету департаменті, Полиция департаменті және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер…

Толық оқу
педагогтарды аттестаттау

Қазақстанда педагогтарды аттестаттау тәртібіне өзгеріс енгізу мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова елордада өткен мем.оргындар мен ауылдық округ әкімдерімен кездесу барысында мәлім етті. Министрдің айтуынша, аттестаттау ережесін қайта қарауға мұғалімдердің өзінен түскен көптеген ұсыныс негіз болып отыр. Басқосуда магистратура бітірген педагогтарға біліктілік санатын автоматты түрде беру жөнінде ұсыныс айтылды. Министр ұсынысты қолдамайтынын жеткізді. Оның пікірінше, мұғалімнің санаты дипломға емес, кәсіби деңгейі мен сабақ беру сапасына қарай анықталуы қажет. «Қазір мұғалімдердің авторлық бағдарламалар әзірлеу мүмкіндігі де қызу талқыланып жатыр. Сондай-ақ президент Тоқаевтың тапсырмасымен «Педагог мәртебесі туралы» заңға мұғалімдерді қолдауға бағытталған бірқатар өзгеріс енгізіледі», – деді…

Толық оқу

Желтоқсан айының басында Қазақстан Қарулы күштерінің барлық бөлімі жауынгерлік дайындықтың ең жоғары деңгейіне көшеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, осы кезеңде елдің көшелері мен тас жолдарында әскери техникалар, бронды тасымалдаушылар, жүк көліктері және армияның басқа да арнайы машиналары пайда болады. Іс-шара жаңа оқу жылының басталуына орай, бір мезетте берілетін бірыңғай белгі бойынша іске асырылады. Әскери бөлімдер жоспарлы түрде полигондар мен оқу орталықтарына аттанады. «Өңірлердегі кейбір автокөлік жолында қозғалыс уақытша шектелуі мүмкін. Азаматтар мен БАҚ өкілдерінен тек ресми ақпарат көзіне сеніп, расталмаған мәліметті таратпауды сұраймыз», – деп атап өтті министрлік. Әскердің белсенділігі артқанына қарамастан, шара толықтай жоспарлы сипатқа ие. Кейбір…

Толық оқу

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Новороссийск порты аумағындағы теңіз терминалына жасалған шабуылдан кейін еліміздің Энергі министрлігі экспортқа арналған мұнай көлемін шұғыл түрде балама бағыттарға бұру туралы шешім қабылдады, деп жазады Ertenmedia. Министрлік азаматтық маңыздағы инфрақұрылым нысандарына күш қолдануды халықаралық талапқа қайшы әрекет деп санайды. «Каспий құбыр желісі халықаралық маңызға ие энергетикалық жоба. Оған қарсы жасалған кез келген күш көрсету әрекеті жаһандық энергетикалық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіріп, Астананы қоса алғанда, консорциум мүшелерінің экономикалық мүддесіне айтарлықтай нұқсан келтіреді», – деп атап өтті ведомство. Мұнай өндірудің тұрақтылығын сақтап, оқиғаның салдарын барынша азайту үшін министрлік экспорттық мұнай ағынын шұғыл түрде басқа маршруттарға бұру жоспарын іске…

Толық оқу

Қазақстанның халық әртісі, ұйғыр театрының жарық жұлдызы, көрерменнің сүйікті актрисасы Рихангүл Махпирова 79 жасына қараған шағында өмірден озды, деп жазады Ertenmedia.kz. Рихангүл Махпирова бүкіл шығармашылық ғұмырын Құддыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрымен байланыстырған еді. Өнер жолын 1977 жылы бастаған актриса жарты ғасыр бойы ұлттық сахнада сан алуан ерекше образдарды сомдап, көрермен жүрегінен орын алды. Оның театр өнерін дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі», кейіннен «Қазақстанның халық әртісі» атақтары берілді. Марқұмның отбасы мен жақындарына, барша өнер сүйер қауымға Мәдениет және ақпарат министрлігі көңіл айтты. «Рихангүл Махпирова өнерге деген адалдығымен, сахнаға деген ерекше құрметімен есте…

Толық оқу
Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы

Бүгін «Ақтау Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы» жылының жабылуына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оған Түркі мемлекеттері ұйымының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым, сондай-ақ ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің мәдениет министрлері мен тиісті ведомстволарының өкілдері қатысты. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәдени астана мәртебесі өңір үшін құрмет қана емес, сонымен бірге түркі әлемінің бай мұрасын кең аудиторияға таныстыруға мүмкіндік бергенін атап өтті. «Тарихи қала осы жауапкершілікті абыроймен атқарып, өзіне жүктелген міндетті жоғары деңгейде орындады деп нық сеніммен айта аламыз. Жобаның табысты жүзеге асуына Президентіміздің түркі мемлекеттерінің бірлігін нығайтуға, гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған…

Толық оқу

Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясында маңызды мәселелер қаралды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 2025 жылғы 28 қараша күні сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті. Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының жұмысына облыс әкімінің міндетін атқарушы З.Жолдасов, облыс әкімдігінің мүшелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов жүргізді. Сессияның күн тәртібінде 8 маңызды мәселе қаралды. Атап айтқанда, 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін лауазымынан босату, «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі Ережесіне өзгерістер енгізу туралы және басқа да мәселелер қаралды.…

Толық оқу

Алматы облысында полицияның «Учаске» профилактикалық іс-шарасы жоспар бойынша ғана емес, басшылықтың тікелей бақылауымен жүріп жатыр. Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ақылбек Төлеуов осы операцияның қалай орындалып жатқанын өз көзімен көру үшін түнгі рейдке шықты. Осылайша басшылық учаскелік инспекторлар мен патрульдік құрамның нақты жұмысын бақылап, тәртіптің қалай сақталып жатқанын өз көзімен көрді, деп жазады Ertenmedia.kz. Түнгі тексеріс тәтіп сақшылары кезінде көңіл көтеру орындары, ойын-сауық мекемелері және тәулік бойы жұмыс істейтін дүкендер араланды. Полиция қызметкерлері алдымен алкоголь өнімдерін сату тәртібіне назар аударды. Заңда белгіленген тыйым салынған уақыт бар, сол кезеңде спирттік ішімдік сатуға болмайды. Рейд барысында осындай заң бұзу дерегі тіркелмегені…

Толық оқу

Airbus концерні шұғыл түрде шығарған директиваның салдарынан Қазақстандағы бірқатар әуе рейстері кешігуі мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia. «Airbus ұшақтарын қолданатын барлық әуе компаниялары басқару компьютерлерінің бағдарламалық жүйесін тез арада жаңартуы тиіс. Бұл талап компанияның A320 сериясындағы ұшақтарына қатысты», – делінген хабарламада. Бағдарламалық жүйені әр лайнер ұшар алдында міндетті түрде жаңартуы қажет. Осы себепті еліміздегі әуежайлардан ұшатын Airbus рейстері кешігуі мүмкін. Жолаушыларға көмек көрсету мақсатында Азаматтық авиация комитеті мен Авиациялық әкімшілік тәулік бойы жұмыс істейтін жедел байланыс орталығын іске қосты. Әуе рейстерінің статусын мына нөмірлер арқылы анықтауға болады: Air Astana: +7 727 244 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77; FlyArystan: +7 727 331 10 10 (WhatsApp: +7 702 702 02 27); SCAT: +7 7252 99 88 80; Qazaq Air: +7 727 356 14 14;…

Толық оқу