Алматыда «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» атты жаһандық акцияны қолдау мақсатында бірқатар нысандарға жылы қызғылт сары түс берілді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Осы күндері Көктөбе телемұнарасы, Halyk Bank ғимараты, Тұңғыш Президент саябағы, LED-экрандар және қаланың бірнеше ірі орындары қызғылт сары түспен әрленіп тұр.
Қызғылт сары түс жылылықтың, үміт пен бірліктің белгісі. Ол әр адамның құқығын қорғаудың маңызын және кез келген зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын еске салады.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗ
Жетісуда қант қызылшасын өңдеуге қабылдау басталдыОрталық Азияда су тапшылығы күшейіп, БТД арқылы мұнай тасымалы арттыТалдықорғанда магистралды жылу желілерін жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын
Бұл қоғам назарын маңызды мәселеге бұратын көрнекі белгі әрі қиындыққа тап болған адамдарға деген қолдау мен құрметтің нышаны.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







