Автор: Асылхан Бөрібай

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңірдегі құрылыс саласының өсу қарқыны мен тұрғын үй бағдарламалары туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, құрылыс секторы тұрақты өсім көрсетіп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. 2025 жылдың 10 айында облыстағы құрылыс көлемі 21% өсіп, 948 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Әкім әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамтуға ерекше назар аударылғанын айтты. 2024 жылы 1 281 отбасы баспанамен қамтылса, биыл 2 236 әлеуметтік осал топтағы отбасына үй беріледі. Кейінгі 30 жылда мемлекет тарапынан ешқандай үй салынбаған шалғай аудандарда үй салынбағыны жасырын емес. Оның ішінде Нарынқол, Қайнар, Кеген, Үлкен Ақсу, Бақанас ауылдарында мемлекеттік бағдарлама…

Толық оқу

Алматы облысы соңғы жылдары туризмді дамытуды нақты қолға алып отыр. Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев негізгі көрсеткіштерді жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz. Алматы облысының географиясы, табиғи ресурстары, тау мен су аймақтарының жақын орналасуы өңірге қосымша мүмкіндік беріп тұр. Соның нәтижесінде биыл облысқа келген туристер саны 2,2 миллион адамға жеткен. Бұл өткен жылғы 1,6 миллионмен салыстырғанда 36 пайызға көп деген сөз. Демек, атқарылған жұмыс туристер легіне тікелей әсер етіп жатыр. Қонаев қаласы үшін Қапшағай су қоймасы негізгі демалыс орталығына айналып келеді. Әсіресе жазғы маусымда бұл жерге келгендердің саны айтарлықтай өскен. 2025 жылғы жазда акватория мен жағажайларға шамамен 2 миллион…

Толық оқу

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңірдің стратегиялық дамуының негізгі бағыттарын қорытындылап, назарды Қонаев пен Алатау қалаларына аударды, деп жазады Ertenmedia.kz. Әкімнің айтуынша, Қонаев қаласында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында «Smart Qonaev» тұжырымдамасы енгізілген. Қалада қоғамдық бейнебақылау камералары, iQonaev электрондық жүйесі, жолақы төлеу жүйесі және Біріңғай төлем құжаты іске асырылған. Инфрақұрылымды жаңарту аясында Қонаевта 39 шақырым жол жөнделіп, 50 жаңа аялдама орнатылды, 73 шақырым электр беру желісі және 26 шақырым су құбыры тартылды, 11 трансформатор жаңартылды. Сонымен қатар қаладағы 65 нысан абаттандырылған. №5 қалалық жағажай «Үздік жағажай» конкурсына қатысқан 30 қатысушының ішінен Бурабайдан кейін 2-орынды иемденді.…

Толық оқу

Алматы облысында өнеркәсіп өндірісі 108,7% өсім көрсетіп, оның 90%-ы өңдеу секторында қалыптасқан. Марат Сұлтанғазиевтің мәліметінше, биылғы 10 айда өнеркәсіп көлемі 2,1  трлн теңгеге жетті. Облыс аграрлық аймақтан инновациялық технологиялар мен өңдеу өнеркәсібінің жетекші орталығына айнала бастаған, деп жазады Ertenmedia.kz. – Өңірлік өнімнің үштен бірі өнеркәсіп саласына тиесілі болғандықтан, бұл сала инвестиция тартудың негізгі көзі болып есептеледі. Сол себепті негізгі капиталға инвестиция тарту біздің басты басымдығымыздың біріне айналды, – деді өңір әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде. 2022 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 614 млрд теңге болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 1 трлн теңгеге дейін өсті. Жыл соңына дейін 1,3…

Толық оқу

Мемлекет басшысы 5 қараша күні «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл – тарихи маңызы бар құжат. Себебі бұрын-соңды елімізде ішкі саясаттың идеологиялық бағыты мен ұйымдастырушылық аясын анықтайтын жүйелі, біртұтас акт болған емес. Тарихи тұжырымдама Тұжырымдамалық құжаттың қажет екені біраз уақыттан бері айтылып келді. Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында да сарапшылар мен қаты­су­шы­лар осы мәселеге айрықша назар аудар­ды. Еділ Жаңбыршин, Айдос Сарым, Никита Шаталов, Гүлмира Илеуова, Андрей Чеботарев, Данияр Әшім­баев, Марат Шибұтов және басқалар құжатты әзірлеу уақыт талабы екенін тілге тиек етті. Мемлекет басшысы бастаманы қолдап, Президент Әкімшілігіне аталған мәселені жан-жақты…

Толық оқу

Астанада прокуратура мен әкімдіктің бастамасымен «Заң және тәртіп баланың көзімен» атты ерекше сурет байқауы өтті. Байқауға 5-7-сынып оқушылары қатысып, тәртіп пен заңды өз көзқарасымен қағаз бетіне түсірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шығармашылыққа толы жұмыстарды сараптауға ЮНЕСКО-ға қарасты Балалар көркемсурет мектебінің ұстаздары және мемлекеттік органдар өкілдері қатысты. Олар балалардың сурет арқылы тақырыпты ашу деңгейіне, ойлау қабілетіне, композиция мен бояу қолдану шеберлігіне назар аударды. Қорытындысында 22 үздік жұмыс таңдалды. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен естелік сыйлықтар табысталды. Суреттердің мазмұнында бала психологиясы, қоғамға деген сенім, қауіпсіздік пен жауапкершілік идеялары анық байқалған. Кейбір жұмыстарда көшедегі қауіптен бастап, отбасындағы тәртіпке дейін қозғалған. Мұндай тәсіл балалардың заңды мектеп пәні…

Толық оқу

Жаңа Салық кодексіне сәйкес, енді компанияның салық қарызы кейбір жағдайларда құрылтайшының жеке мүлкі есебінен өтеледі, деп хабарлайды Ertenmedia. Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) мәліметінше, бұл талап заңды тұлғаларды тарату процесіндегі берешекті өтеудің жаңа тәртібіне байланысты қабылданған. МКК қандай жағдайда компанияның салық берешегі құрылтайшылардың жеке есебінен өтелетінін түсіндіріп берді: егер компания басшылары немесе құрылтайшылары оның әдейі банкрот болуына кінәлі деп танылса; компания мүлкін сатып алушыдан құнын қайтарып алу мүмкін болмаса, мүлікті сату туралы шешім қабылдаған тұлға жауап береді; банкрот болған ЖШС-ның құрылтай құжаттарын банкроттық басқарушыға бермесе; компанияны тарату туралы шешім қабылданғанымен, мүлкі қарызды өтеуге жетпесе және құрылтайшылар оны банкрот деп тану үшін…

Толық оқу

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте агроөнеркәсіп кешенінің инфрақұрылымын дамыту бойынша жоспарлар мен атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, өңірде суармалы жерлерді кеңейту және су үнемдеу технологияларын енгізу басты басымдықтардың бірі болып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазіргі өзекті мәселелердің бірі – 9 мың шақырым ирригация желілерінің 60%-ы тозып, су шығыны 50%-ды құрап отыр. Әкімнің мәліметінше, алдағы жылдары суару желілерін жаңғыртуға Ислам даму банкі арқылы 255 млрд теңге бағыттау жоспарланған. Нәтижесінде Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Райымбек және Ұйғыр аудандарында суару желілері жаңғыртылып, 111 мың гектар жер айналымға қосылады. Өңірде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмаған жерлерді анықтап, мемлекет меншігіне қайтару…

Толық оқу

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңірде білім, спорт және креативті индустрияны дамыту бағытындағы бастамаларды таныстырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Әкімнің айтуынша, жастардың шығармашылық әлеуетін көтеру мақсатында облыста Нью-Йорк киноакадемиясының филиалы ашылған. Бұл өңір үшін маңызды мәдени және білім беру қадамы. Академия 200 студентке арналған, оқу америкалық бағдарлама бойынша бес бағытта жүргізіледі: киноөндіріс, сценарий және актерлік шеберлік, ойын дизайны, 3D-анимация. Қазір академияда 60 студент білім алып жатыр, олардың арасында Африка және Еуропа елдерінен келгендер де бар. Сонымен қатар халықаралық деңгейде спортшылар дайындауға бағытталған «Атлетико Мадрид» футбол академиясы жұмысын бастаған. Бүгінде мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 113 оқушы білім алып…

Толық оқу

Алматыда жеке сектордағы өрт қауіпсіздігін арттыруға бағытталған мақсатты жұмыс тоқтаған жоқ. Қыс келгенде ең көп қауіп жеке үйлерде болады. Бір үйде пеш жағылады, екінші үйде газбен жылытады, үшіншісінде қатты отынға сүйенеді. Қарапайым қателік, уақытында тексерілмеген мұржа, дұрыс тартпай тұрған түтін жолы, жабдықтың тозуы сияқты нәрселер үлкен оқиғаға апарып соғуы мүмкін. Сол үшін Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары алдын алу шараларын тұрақты жүргізіп келеді. Осы жолы олар «QazaqGaz Aimaq» қызметкерлерімен бірге Ақбұлақ шағынауданында кезекті рейд өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Рейдтің мәні тұрғындарға жылыту құрылғысын дұрыс пайдалану ережесін түсіндіру және үйдің ішіндегі қауіпті ерте байқататын құрал орнату. Ақбұлақта бірнеше үйге газдың және улы…

Толық оқу