Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Әлеуметтік желілерде Қытайда жаңа вирус өршіп тұрғаны туралы ақпарат тарады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz stopfake.kz-ке сілтеп. Желіде тараған жазбада адам метапневмовирусы (hMPV) коронавирус инфекциясынан әлдеқайда қауіпті екені айтылады. «Бұл шындыққа жанаспайды. Адам метапневмовирусы — кең таралған респираторлық вирус. Ол төменгі және жоғарғы тыныс алу жолдарының ауруын тудырады. Вирус барлық жастағы адамдарға әсер етеді, дегенмен балалар, қарттар және иммундық жүйесі әлсіреген адамдар арасында ауру жұқтыру қаупі жоғары», — деп жазылған басылым дерегінде. Адам метапневмовирусы алғаш рет 2001 жылдың соңында Нидерландтағы науқастан анықталған. 2018 жылға қарай вирустың екі генотипі (А және В сызықтары) анықталды, олардың әрқайсының екі субтипі болған. Адам метапневмовирусы әлемде кең…

Толық оқу

Біраз уақыт бұрын Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи ескі Қазақстан, соның ішінде Дариға Назарбаева туралы мәлімдеме жасап, депутаттық сауал жолдаған еді. ҰҚК осы сауалға жауап берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Депутат Бапи Республикалық фермерлер форумындағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін келтірді: «Бүгінде әлеуметтік желілерде әдемі өмір сүру мен оңай олжа табу туралы жарнамалар көбейіп кетті. Бұл халықтың санасына барлық жетістікке қиналмай қол жеткізуге болады деген бос қиялды сіңіреді. Жастардың белгілі бір бөлігі соған сеніп, алтын уақыттарын босқа сарп етіп жатыр». Депутат Президенттің дәл осы пікірі қоғамда да көрініс тауып жатқанын айтып, Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғышы Дариға туралы да сөз қозғады. «Жуықта әлеуметтік желілер…

Толық оқу

Нұралхан Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Мемлекет басшысының жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды», — деп жазылған хабарламада. Көшеров  Нұралхан  Оралбайұлы 1984 жылы 20 желтоқсанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі — жоғарғы. 2005 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан Мемлекеттік университетін; 2007 жылы Қазақ Гуманитарлық заң университетін; 2019 жылы- Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы жоғары білім беретін мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесін тәмамдаған Мамандығы — Экономист; қаржы және несие; құқықтану салалары. 2023 жылдан бастап Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Бұған дейін Түркістан облысының әкімі қызметін Дархан Сатыбалды атқарды.

Толық оқу

Түркістан облысында білім саласындағы бюджет қаржысын жымқыруға қатысты қылмыстық іс аясында мемлекетке 1 млрд теңгеге жуық ақша қайтарылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Мақтаарал ауданы Білім бөлімінің 43 лауазымды тұлғасы мен жауапты қызметкеріне қатысты бюджет қаржысын (2,4 млрд теңгеден аса) жымқыру дерегі туралы істі сотқа жолданды. «Білім саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың есеп шоттарына заңсыз жалақы аудару арқылы ақша жымқырылған», — деп жазылған хабарламада. Бүгінде күдіктілер мемлекетке 333,5 млн теңге көлемінде келтірілген залалды қайтарды, сондай-ақ, олардың қылмыстық жолмен табылған 649,7 млн теңге көлеміндегі мүліктеріне тыйым салынды.

Толық оқу

2024 жылы елімізде 1 488 308 ҚР азаматының төлқұжаты дайындалды. Бұл 30 жылдың ішіндегі рекордық көрсеткіш, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеп. Оның негізі себептерінің бірі – балалар үшін төлқұжат құнының екі есе төмендеуі. Қазақстан Республикасының азаматы паспортын алған ең жас азаматқа не бары 10 күн, ал құжат алған ең үлкен азаматтың жасы 109-да болды. Елге реадмиссия тәртібінде шетелде құжатсыз жүрген 70 қазақстандық азамат қайтарылды. «Былтыр шетелдік жұмыс күшін заңсыз еңбекке тартқан 3 786 жұмыс беруші анықталды. Президент жолдауын іске асыру аясында оңайлатылған тәртіпте 41 шетелдік IT-маманына тұрақты тұруға рұқсат берілді», — деп жазылған хабарламада.

Толық оқу

Дархан Сатыбалды Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазылған хабарламада. Дархан Сатыбалды 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауылшаруашылығы институтын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Келес ауданының «Келес» коммуналдық кәсіпорнында бастаған. 2000-2006 жылдары Қаржы министрлігінде, Президенттің Іс басқармасында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2007-2010 жылдары Білім және ғылым министрлігінің Бюджет және Қаржы департаменттері директорының орынбасары, Ғылым комитеті төрағасының орынбасары болған. 2010 жылы…

Толық оқу

Ресейдің Курск облысында Украина әскерінің ауқымды шабуылы басталды. Бұл туралы өңір губернаторының бұрынғы кеңесшісі Роман Алехин өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Украинаның ауқымды шабуылы Суджа аймағынан Большое Солдатское бағытына қарай басталғаны хабарланды. Бұл үшін минадан тазарту тралдары, танктер, бронтехника және дрондардың жұмысын қиындататын радиоэлектрондық күрес құралдары қолданылып жатқаны айтылды. Шабуыл қатып қалған топырақтың техникаға қолайлы болуымен байланыстырылуда. Суджа аймағындағы температура қазір -6 градус шамасында. «Курск жаңалықтары» Telegram-арнасы хабарлағандай, облыс әкімінің міндетін атқарушының айтуынша, Украина қарулы күштері Ивановское ауылындағы нысандарға зымыран соққысын жасаған. Зақым келген ғимараттар арасында Мәдениет үйі, пошта бөлімі, сауда орталығы және алдын ала мәлімет бойынша бір тұрғын…

Толық оқу

Әлемде жіті респираторлық инфекцияларға жататын метапневмовирус тарады. Денсаулық сақтау министрлігі осыған байланысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Метапневмовирус қандай вирус? Адам метапневмовирусы — көптеген елде ондаған жыл бойы таралған классикалық вирустардың бірі. Бұл вирустың штамдары Қазақстанда ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық өсуі кезеңінде кеңістікте белсенді айналымда болатын инфекциялардың басқа түрлерімен қатар анықталды. Қазақстанда қанша дерек анықталды? Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, эпидемиялық маусымның басында республика бойынша тұмауға жатпайтын вирустарға 8 360 үлгі зерттелген. Оның ішінде оң 1866 (22%), оның ішінде паратұмау – 178 (9,5%), РС вирусы – 433 (23,2%), метапневмовирус – 30 (1,6%), риновирус – 680 (36,4%), бокавирус – 113 (6,1%),…

Толық оқу

Белгілі саясаттанушы Дос Көшім саясаткер, журналист Әміржан Қосанның ең үлкен қатесін атады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Әміржан Қосан «Ұлт тағдыры» партиясының атынан сайлауға түсіп, жеңіліс тапты. «Оның кандидатурасын біз — «Ұлт тағдыры» ұсындық. Әміржан ертең президент болуы мүмкін деген үміт болған жоқ. Ұмытпасам, Марғұлан Сейсембаев сайлау біткеннен кейін былай айтқан екен: «Әміржан Қосанның сайлауға түскенінен ең болмағанда мемлекет, билік өзіне қанша пайыз адам қарсы екенін көрді». Бұл жерде бірнеше мақсат болды. Шындығында да, «Ұлт тағдыры» өзімізден біреуді ұсынамыз дедік. Өйткені республикалық қоғамдық қозғалыспыз. 2017 жылы бірде-біреуміз өтпейтіндей етіп заңға өзгеріс енгізілді. Мемлекеттік қызметте 5 жыл қызмет жасау деген өзгеріс. Біздің ұлтшылдардың…

Толық оқу

Алматыдағы күзетшінің жантүршігерлік өліміне қатысты іс сотқа түсті, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Жол талғамайтын көлікпен бірнеше рет күзетшіні басып, артынан сабап, басына секірген қылмыс видеоға түсіп қалған еді. Күзетші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген, алайда есін жимаған күйі қайтыс болып кеткен. БАҚ сол тұста ұсталған күдікті экс-депутаттың ұлы екенін жазған еді. Алматы қаласында сотқа қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 5-ші тармағы (аса қатыгездікпен кісі өлтіру) және Қазақстан Республикасы 147-бабының 5-бөлігі (адамның жеке өмірі туралы ақпаратты оның келісімінсіз тарату) бойынша айыпталған, Т.-ға қатысты қылмыстық іс түскен. – Бірінші эпизод бойынша сотталушы 2024 жылдың наурыз айында Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің күзетшісін өлтірді деп айыпталуда.…

Толық оқу