Автор: Асылхан Бөрібай

Аса iрi алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы аса iрi мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады. Күдікті 2023 жылы Корея Республикасынан автокөліктердін арықтық бағадан төмен бағамен жеткізуге уәде беріп, алаяқтық жолмен 6 жәбірленуші — Алматы қаласы тұрғындарының қаражатын иемденіп, оларға жалпы көлемде 145 миллион теңгеден астам залал келтірген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, соған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланған. Сәуірде ол Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде ұсталып, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі…

Толық оқу

Талғарда жаппай төбелес кезінде бір топ бұзақының қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болаттың әпкесі Бақыт Реимова “митингіге үндегені үшін” деген айыппен 15 тәулікке қамалып, сот оны Қазақстаннан депортациялау жөнінде шешім шығарды. Осы тұста “анамнан басқа асыраушым жоқ” деп дабыл қаққан Реимованың ұлы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады, деп хабарлайды ErtenMedia.kz. “Құрметті президент Қасым-Жомарт Кемелұлы! Мен Мейірбек Реимов — Бақыт Реимованың баласымын. Сот анамды 15 тәулікке қамап, Қазақстаннан депортациялау жөнінде үкім шығарған болатын. Ол кісі менің жалғыз асыраушым. Өзім кәмелет жасқа толмағанмын. Мектепте 11-сыныпта оқимын. Анамнан басқа ешкімім жоқ. Сондықтан анамнан айырмауларыңызды сұраймын. Анамның Қазақстаннан басқа баратын жері жоқ.…

Толық оқу
қылмыстық оқиға

Атыраудағы базарда зейнеткерді ұрып өлтірген ер адам 8 жылға сотталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Атыраудың №2 сотында абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қала тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды. Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, жазда жәбірленуші қаладағы базарлардың бірінің аумағында өзінің жүк автокөлігін басқарып, қасында тұрған жеңіл автокөлікке зақым келтірген. Сотталушы, жеңіл автокөліктің иесі бұған ашуланып, жәбірленушіге тап беріп, оның басына жұдырығымен бірнеше соққы жасаған. Алған жарақаттар салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болған. Прокурор сотталушыға 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды, жәбірленушілер сотталушыға қатаң жаза тағайындап, азаматтық талапты қанағаттандыруды сұраған. Ал сотталушының өзі төбелес бойынша кінәсін мойындап,…

Толық оқу

Владимир Путин баспасөз конференциясында қазіргі жағдайда қалай Ресей өсім көрсетіп отырғанын айтты. Бұл туралы ресейлік басылымдар жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Модератор, ВГТРК журналисі Александра Суворова «қазір әлем ақылынан адасып жатқандай сезім бар» екенін айтты. Оның сөзінше, әлемнің барлық нүктесіндегі қақтығыс шегіне жетіп тұр, әлемдік экономика да күрделі жағдайда. «Ресейге қалайша өз орнын сақтап қана қоймай, әрі қарай өсуін жалғастыруға мүмкіндік туып отыр?», – деп сұрады Суворова. «Білесіз бе, бізде барлығы тыныш, тұрақты, бірқалыпты болғанда – ішіміз пысады, тоқыраймыз. Бір қозғалыс керек сияқты. Ал қозғалыс басталған сәтте, бәрі басталады», – деп жауап берді Путин.

Толық оқу

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігінің ереуілге шыққан жұмыскерлерге қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Министрлік жұмыскерлер еңбек заңнамасының нормаларын бұзғанын мәлімдеді және компания жұмыскерлерін өз жұмыстарын қайта бастауға шақырады және олардың жұмыс берушіге қойылатын талаптарын белгіленген тәртіппен талқылауды ұсынды. Осы жылдың 17-18 желтоқсанында «Жезқазғантүстімет» ӨБ бірнеше шахтасының жұмыскерлері жалақыны көтеру талабымен жұмысты тоқтатты. Жұмыскерлердің бұл әрекеттері еңбек заңнамасында көзделгендей талаптарды ұсыну тәртібін және оларды жұмыс берушінің қарау ретін бұза отырып жүргізілді. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес қолданыстағы тәртіп: осы талаптарды жұмыс берушіге ресми жолдауды, оларды жұмыс берушімен қаралуын, ал оны шешу мүмкін…

Толық оқу

Премьер-министр Олжас Бектенов бірыңғай уақыт белдеуі туралы шешім өте терең ғылыми зерттеулер негізінде қабылданғанын айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов зауыттар мен кәсіпорындарды аралап, өндіріс басшылығы және ұжымдарымен кездесулер өткізді. Сондай-ақ, бірыңғай уақыт белдеуіне көшу мәселесіне де назар аударылды. Сөз сөйлеушілердің айтуынша, бірыңғай уақыт белдеуін енгізу мәселесін Қостанай облысының тұрғындары бұрын да көтерген, өйткені 6-шы уақыт белдеуі табиғи уақытқа сәйкес келмеді. Осылайша, бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы шешім күнделікті тұрмыстық процестерді жеңілдетті. Осыған байланысты кездесуге қатысушылар бірыңғай уақыт белдеуін қолдап сөз сөйледі. Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғындармен әңгімелесу барысында табиғи уақыттың азаматтардың денсаулығы мен…

Толық оқу
Шерзат Болаттың әкесі

Марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов желтоқсанның соңында бостандыққа шығады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы Сенат отырысынан кейін журналистерге сұхбат берген ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлім етті. Оның айтуынша, Шерзат Болаттың өлімі бойынша қозғалған 11 қылмыстық іс тергеуі толық аяқталған. Жыл соңына дейін істің барлық материалдары екі жаққа танысуға ұсынылады. Тергеу аясында осы іске қатысы бар деген күдікпен 11 адам қамауда отыр. «Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов әкімшілік соттың шешімімен 15 тәулікке қамауға алынған еді. Оның қамау мерзімі осы айдың соңында аяқталады, сол кезде босатылады», – деді Әділов. Контекст Еске сала кетсек, 9 желтоқсанда Алматы облысында Шерзат Болаттың…

Толық оқу

Сәтбаев қаласындағы жағдайға қатысты 2024 жылғы 18 желтоқсанда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев Жезқазған өндірістік алаңындағы кеніштердің бригадирлерімен кездесті. Жиынға сонымен қатар Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов, Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев қатысты. Кездесуде жұмыскерлердің талабы талқыланды. Жиын қорытындысында «13-ші жалақыға» 30 пайыз мөлшерінде үстемеақы қосу туралы талапты қанағаттандыру туралы шешім қабылданды. Жалақыға келетін болсақ, жұмыс беруші 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастапжалақыны көтерудің екі нұсқасын ұсынды: 1-нұсқа: жалақы мөлшерін қосымша 8,5%-ға ұлғайту, өндірістік жоспарды орындағаны үшін қосымша 50 АЕК мөлшерінде төрт тоқсандық сыйлықақы (2025 жылы – тоқсан сайын 196 мың теңге); 2-нұсқа: Жалақыны 15,6%-ға индекстеу. Келіссөз барысында Н.Нуриев…

Толық оқу
Қазақмыстың

Біраз күннен бері «Қазақмыстың» айналасында дау бітер емес. Shishkin_like арнасы «Қазақмыстың» табысы туралы жазды, деп хабарлайды Ertenмedia.kz. «Қазақмыс» тобы Қазақстандағы ең ірі жеке компаниялар арасында бірінші орында тұр. 2023 жылғы қаржылық есепке сәйкес, оның құрамына 30-дан астам компания кіреді, олар мыс және басқа да металдарды өндірудің толық циклін жүзеге асырады. Оған геологиялық барлау кешені, 14 кеніш, 4 байыту фабрикасы, 2 мыс балқыту зауыты, көмір разрезі және энергетикалық кешен жатады. Барлық кәсіпорында 30 мыңнан аса адам жұмыс істейді. Негізгі активтер Жезқазған, Балқаш және Қарағанды өндірістік алаңдарында орналасқан. «Компания Владимир Ким (70%) және Эдуард Огай (30%) секілді бизнесмендерінің бақылауында. 2024 жылдағы Қазақстанның ең…

Толық оқу
пара алу

75 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері сотталды, деп жазады Ertenmedia.kz. БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының бұрынғы қызметкеріне қатысты аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін үкім жариялады. Ол Грузиядан экстрадицияланған. Оның 2021-2022 жылдары Қазақстан-Ресей шекарасындағы автомобиль өткізген. Көлік құралдарының кедергісіз өтуі үшін 75 720 000 теңге сомасында пара алғанын дәлелденді. Сотталған адам мемлекеттік және қаржы ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан және 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот оның мүлкін тәркілеп, сотталушыдан пара сомасын өндіріп алды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Толық оқу