Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда неліктен пойыздар кешігіп келетінін сұрады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бүгін Үкіметте теміржол саласы мен транзиттік әлеуетті дамыту мәселесі талқыланды. Үкімет басшысы Бектеновтің айтуынша, азаматтардан пойыз кешігуіне байланысты өтініш көп түскен. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев жағдай ерекше бақылауда екенін, ал кешігу теміржолдарды жөндеуден туындағанын мәлімдеді, «Бұл жағдай жолдарды жөндеуге және жолаушылардың қауіпсіздігіне байланысты. Соңғы 2 жылда жөндеу жұмыстарының көлемін 2-3 есеге арттырдық. Жолаушылар алдындағы қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — деп түсіндірді Нұрлан Сауранбаев.
Автор: Асылхан Бөрібай
Ертең Ресей президенті Владимир Путин Астанаға келеді. Елорда Ресей басшысының сапарына қызу дайындалып жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қалада Ресейдің тулары ілінген. Айта кетейік, Путин Қазақстанға Тоқаевтың шақыруымен келе жатыр. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресейдің ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнеконференция режимінде қатысады. 28 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді. Жиында аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланады. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.
Алматыда автобус пен тепловоз соқтығысты, салдарынан зардап шеккендер бар, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға салдарынан жеті адам зардап шеккен. «Жапа шеккен 80 жастағы бір науқас оң жақ қабырғаларының сынығы, білек сүйегі сынығы диагнозымен қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жатқызылды. Оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланады», — деп жазылған хабарламада. Тексерістен соң бес науқасқа шұғыл ауруханаға жатқызу қажет болмаған. Олар тұрғылықты жері бойынша бекітілген емханаға амбулаторлық бақылауға жіберілді. Бір науқас Алматы көпбейінді клиникалық ауруханасына жеткізілді. Оқиғаға қатысты полиция да пікір білдірді. «Жеке тасымалдаушыға тиесілі 88-бағыттағы автобус Әуезов көшесімен солтүстік бағытта Гоголь көшесінің солтүстігінде…
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи әлеуметтік желілерде Дариға Назарбаеваны насихаттайтын контенттердің көбейгеніне алаңдаушылық білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы журналист Сырым Итқұлов та өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, депутаттың сөзінің астарында шындық бар екенін жеткізді. «Қаңтардан кейін елден кеткендер біртіндеп оралып, белсенді әрекетке көшкен секілді. Депутат Бапидің айтуынша, Назарбаевтар отбасы миллиондаған оқырманы бар блогерлер мен вайнерлерге «Назарбаев дәуірі керемет еді» деген мазмұнда видеолар түсіру үшін демеушілік жасап жатыр», – дейді Итқұлов. Журналистің айтуынша, Тикток әлеуметтік желісінде Дариға Назарбаеваның жастар ортасында жүрген видеосы кең таралған. «Бұл кадр 2022 жылғы іс-шарадан алынған, онда Назарбаева үшінші президент әрі Қазақстанның тұңғыш әйел басшысы болады деген…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қарулы күштерінде ауыс-түйіс жүргізді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Мемлекет басшысының өкімдерімен: Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды; Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды. «Мереке Мәтімұлы Көшекбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды; Ержан Уақасұлы Ыбыраев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазылған хабарламада.
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым заңсыз активтерді мемлекетке қайтару ісіне, соның ішінде олигарх Тимур Құлыбаевқа қатысты пікір білдірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Депутаттың сөзінше, айғақ-дәлелсіз Құлыбаевқа кінә таға алмаймыз. – Қазір қолыңызға Құран алып, Тимур Құлыбаев қылмыскер деп дәлелдей аласыз ба? Әңгіменің бәрін айта беруге болады. Қазақстанда үш рет заңмен капиталды заңдастыру жүрді. Әр 6 жыл сайын қайталанып отырды. Қазір заңмен тәртіптейміз. Біреуге барып, «ананың күйеу баласы болған екенсің, сотқа барайық» деп айта алмаймыз. Заңсызы қайтып жатыр, Тимур Құлыбаевтың да біраз жері қайтты, біраз мүлкін өзі қайтарып берді. Бұл мәселенің бір шеті ғана. Егер заңды аяққа таптап, ұнамаған адамның бәрін түрмеге тықсақ,…
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өкілдері (БЖЗҚ) Қазақстандағы ай сайынғы зейнетақының ең жоғары сомасы қанша екенін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Қордың ақпаратына сәйкес «ең бай зейнеткер» ай сайын 945 752 теңге алады. Бұл ретте зейнеткерлік жасқа толуына байланысты БЖЗҚ-дан төленетін орташа айлық төлем сомасы 33 865 теңге. 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда 16,9 миллион зейнетақы шоты бар. «Зейнетақы жинақтары зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс түріндегі түсімдер есебінен ұлғаяды. 2024 жылдың 10 айында салымшылардың шоттарына зейнетақы жарналары 2,2 триллион теңгеден асты (өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 29,7 пайызға немесе 514,6 миллиард теңгеге өсті)», — деп жазылған қордың жазбасында.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27 қараша күні елімізге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресейдің ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнеконференция режимінде қатысады. 28 қараша күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді. Жиында аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланады. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.
LRT станцияларының негізгі темірбетон конструкциялары 100%-ға тұрғызылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Елорда әкімдігі мәліметінше, LRT станцияларының негізгі құрылыстары аяқталды. «Жұмыстар аясында монолитті қаңқалар, көтергіш арқалықтар, платформалардың темірбетонды конструкциялары, ригельдер және басқа да элементтер салынды. Бұл үшін В45 маркалы 79 971 текше метр бетон мен 9,59 мың тонна арматура қолданылды», — деп жазылған хабарламада. LRT желісі көп деңгейлі залдары мен платформалары бар 18 станциядан тұрады, олар екі түрге бөлінеді: жердегі (11 станция) және жер үсті (7 станция)
Мәжілістегі Үкімет сағатында мұнай саласының қазіргі жағдайы және оны дамыту перспективалары талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Отырыста Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров мұнайдан байып отырған олигархтарға шүйлікті. Депутаттың айтуынша, мұнайдың эрасы бітуге таяу. Алайда ол Жаңа Қазақстан келгеннен бері мұнайдың қызығын кім көріп отыр деген сұрақ әлі күнге дейін елді мазалайтынын жеткізді. «Бір ғана мысал келтірейін. «Қаражанбасмұнай» деген компания бар. Содан қазақстандық «Каспийшиппинг» деген компания тендерді жеңіп алған. Оның орнында бұрын «Евразия» деген Қазақстанның олигархтарына тиесілі компания болған. Енді сол қазақстандық компанияны «Қаражанбасмұнай» өзінің жұмысына кіргізбей жүр. Бұл Қазақстанда бүгін, дәл қазір болып жатыр. Мына жердегі ҚазМұнайГаздың басшысына телефон шалып, сөйлесу мүмкін емес»,…
