Автор: Асылхан Бөрібай

БАҚ-та ескі Қазақстанның белді өкілдерінің бірі, әлі де лауазымды қызметтен қол үзе қоймаған Даниал Ахметовке израильдіктерден пара алды деген айып тағылғаны жөнінде ақпарат тарап кетті, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. ҚазТАГ ақпаратына сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысын тапжылмастан ұзақ жыл басқарған әкс-әкім Даниал Ахметов қорғаныс министрі болған кезінде израильдіктерден пара алды деп айыпталды. Мұндай ақпаратты Кеңес және қазақстандық әскери қайраткер, генерал-майор Тұрсын Айжұлов жариялаған. «Кәрібжанов (Жәнібек ) ұзақ уақыт ШҚО әкімі болып жұмыс істеген жоқ. Ол жерде отбасының үлкен мүдделері тұрды, ал оларды қанағаттандыру үшін Кәрібжанов қолайлы болмады. Оның орнына Бергенев (Әділғазы) келді, ол отбасына, атап айтқанда Дариғаға жақты. Бірақ көп ұзамай оның…

Толық оқу

Алматыда қалалық орталық кеден зертханасының басшысы сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 18 қарашада Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Қалалық орталық кеден зертханасының басшысы А. Сатыбалдиев пен бас маман Әлібеков Б. сотталды. Олар кәсіпкерлерден кеден сарапшыларының қорытындыларын жеделдетіп бергені үшін бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. «Сатыбалдиев пен Әлібековке мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, әрқайсына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — деп жазылған хабарламада. Сот үкіммен кеден брокерлері Николас В., Казанцева С. және Гаруни С.-ға лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін айыппұл салынды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Толық оқу

Адвокат Ләззат Ахатова Әнару Қалдыбекке қатысты іс қалай өрбіп жатқанын айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «Енді Әнарудың ісіне келсек, тергеу органы жанын салып, істі жан-жақты зерттеп жатыр. Тергеуші де, полиция бөлімінің басшысы да жаңадан тағайындалған. Алайда Жанқош Тұраров кімге сеніп жатқанын білмейміз, күнде қырық сылтау айтып, шақырғанға келмейді. Біресе адвокаты қалада емес, біресе өзі “қатты ауырып жатыр-мыс”. Әйелі айтқандай, “аппақ” болса, келіп, өз уәждерін айтып, дәлелдерін ұсынбай ма? Осылар заңға пысқырмай, қай көкелеріне сенеді, өзі?! Мәжбүрлі түрде алдырту туралы талап қойдық», — деді ол. Еске салайық, 21 тамызда Алматының Әуезов ауданы полиция басқармасына 1996…

Толық оқу

Бүгінде ел ішінде бір сағаттық уақыт белдеуіне қатысты қызу пікір-талас жүріп жатқаны белгілі. Дәл осы мәселеге қатысты әлеуметтік желіде негізсіз әңгімелер көп айтылуда. Осы ретте Dalanews.kz ақапараттық агенттігіне Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің география және туризм кафедрасының аға оқытушысы Арман Жұмағазиев ойын ортаға салып, пікір білдірді. Енді білікті маманның ой-пайымына назар аударсаңыздар. – Өткен жылы науырыз айынан бастап кең байтақ Қазақ жері бір сағаттық уақыт белдеуіне көшкені баршаға мәлім. Бұл – ғылыми ортада бір сағаттық уақыт белдеуі UTC−5 деп талады. 24 сағатқа бөліп қарағанда бұл жер шарының 67-82 градустық бойлығын қамтиды. Дәл осы бойылықта Қазақстан тұрғындарының 76 пайызы мекендейтінін ескерсек, бұл…

Толық оқу

Мәжіліс депутаттары 20 қарашада палатаның жалпы отырысында «ел экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында» деген әдемі желеумен тағы бір халықаралық инстиуттан қарыз алуды көздейтін заң жобасын қарады, деп жазады Ertenmedia.kz. Алдында ғана, 13 қарашада Азиядағы тағы екі банктен заемды алуды қарастыратын заң жобалары Мәжілістің қарауына келіп түскен болатын. Сонда бұл – сырттан алынатын заемның үшіншісі. Бұл қарыз ақшалардың барлығы, шындығында бюджет жыртығын жамау үшін керек болып жатыр. Иә, Үкімет бюджет тапшылығы мәселесін жою үшін Ұлттық қордан бірнеше трансферт тартқаны аздай, енді шетелдік банктерден де қарыз ақша алуға ниетті. Қарыз неге ала береміз? «Аталған келісім Астанада 2024 жылдың 11 қазанында жасалды. Халықаралық…

Толық оқу

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Украинада жүрген Қазақстан азаматтарына елден кетуге кеңес берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Украинада артиллериялық атқылау мен әуе шабуылы жиілеуіне байланысты қауіпсіздік мақсатында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Қазақстан азаматтарына белсенді ұрыс қимылдары жүргізіліп жатқан жерлерге жақын аумақтардан немесе Украинадан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады», — деп жазылған елшілік хабарламасында. Елшілік азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуге құлақ асуға, дереу баспаналарына баруға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырды. «Қазақстан Республикасының азаматтары Украинадан Қазақстанға жету үшін жерүсті бағыттарын: Польша немесе Молдова арқылы, одан әрі коммерциялық әуе қатынасын пайдалана алады. Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында шенген визасы болуы керек. Молдоваға кіру үшін…

Толық оқу

Түркістан облысында Шардара ауданының білім бөлімінің лауазымды тұлғалары жемқорлық фактілері бойынша күдікке ілінді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қазір әкімдіктер ай сайын білім беру ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүйелерін қазынашылық есептерімен автоматты түрде салыстырып отыр. Кез келген сәйкессіздіктер екі рет тексеріледі. Ішкі мемлекеттік аудит комитеті және оның аумақтық департаменттері ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап жалақыны негізсіз аудару тұрғысынан төлемдерді камералдық бақылауды жүзеге асырады. Барлық күдікті операциялар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, білім басқармасына және аударым жасаған ұйымның өзіне талдау жасау үшін түседі. Бұл барлық күдікті операцияларды бақылауға және құқық бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. 2023 жылдың басынан бастап осы салада барлығы 297 қылмыстық іс жүргізілді.…

Толық оқу

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев пилоттық жобалар коррупцияның құралына айналып кеткенін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Анас Баққожаев депутаттық сауалын премьер-министр Олжас Бектеновке жолдады. Депутаттың айтуынша, кейінгі 4 жылда 104 пилоттық жоба іске асқан. Оларды қаржыландыруға 805 миллиард теңге жұмсалған. «Ақпаратты зерделей келе пилоттық жобалардың көп бөлігі тиімсіз жасалғанын аңғардық. Сонда біз миллиардтаған ақша төлеп, пилоттық жобалардан не алдық?» — деді ол. Депутат пилоттық жобаларға қатысты бірқатар факторды атады: «Біріншіден, пилоттық жобаларды іске асыратын мемлекеттік органдар пилоттық жоба не екенін өздері де дұрыс түсінбейтін сияқты. Мысалы, Қарағанды облысы ауылдық елді мекендерде медициналық көмек объектілерін салып, оны «пилоттық жоба» деп атаған. Оның аясында…

Толық оқу

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құруға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Депутаттың айтуынша,  орыс тілін қолдауды емес, орыс тілі қоғамын құру жөніндегі мәселені қозғау керек. «Менің сөзім бірінші кезекте қазақ қоғамына арналады. Менің айтылмақ сөзімді қоғам түсіністікпен қабылдайды ғой деп ойлаймын. Сыртқы саясатқа байланысты тәмсіл бар: саясат деген соншалықты нәзік дүние, оның нәзіктігі масаның кіші дәреті сияқты. Турасын айтқанда дәрет емес қой, басқа. Бұл ратификациялық заң жобасын орыс тілі мәселесінен бұрын елдің сыртқы саясатын күйттейтін құжат деп қабылдау керек. Осы мәселемен айналысатын құзырлы орган, қоғамға мәймөңке сөз, құрғақ дидактика айту қажет емес. «Қолдауымыз керек»…

Толық оқу

Мәжіліс отырысында депутаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен көтерілген «Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын талқылап, ратификациялап, Сенатқа жолдады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Бұл шарт Бішкекте 2023 жылғы 13 қазанда жасалды. Ол халықаралық құқық субъектісіне ие үкіметаралық ұйымға айналатын «Орыс тілі бойынша халықаралық ұйым» құруды көздейді. Орыс тілі ағылшын, араб, испан, қытай және француз тілдерімен қатар БҰҰ ресми тілі мәртебесіне ие екенін атап өткім келеді», – деді Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспанов. Шарттың мақсаты – ұйымға мүше елдер арасындағы достықты, татулықтың, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту. Ғылым және жоғары білім…

Толық оқу