Елорда тұрғынына қатысты үкім шығарылды. Ол шенділерге пара беремін деп алаяқтық жасаған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты елорда тұрғыны С.Ж. Әбдікәрімовке қатысты үкім шығарды. «Ол Солтүстік Қазақстан облысында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасасқаны үшін мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды тұлғаларына беремін деп 250 мың АҚШ доллары сомасында алаяқтық жасағаны және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды», — деп жазылған хабарламада. Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Автор: Асылхан Бөрібай
Араб әмірліктерінде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев әулетінің де активтері бар болып шықты, деп жазады Ertenmedia.kz. Былтыр «Менің өмірім» деп атаған мемуарында Нұрсұлтан Назарбаев мұсылманша некеге отырғанын мойындап, бейресми әйелі Әсел Құрманбаеваны көпшілікке таныстырды. «Әсел Құрманбаева Palm Jumeirah аралындағы AQUAMARINE RESIDENCE-3 деген үйдің 2-қабатында жайғасқан бір пәтердің иесі. Ондай мүліктердің нарықтағы құны 900 млн теңгеден (2 млн доллар) басталады», — деп жазылған деректе. Ауласында бассейн, керек-жарақтың бәрі бар. Құрманбаева алған пәтердің аумағы 210 шаршы метр. Үш бөлмелі. Айта кетейік, Әсел Құрманбаева Астана балет театрының арт-менеджері (құжаттардағы тегі Құрманбаева болса да, ол сайтта фамилиясын Исабаева деп көрсеткен). Оның есімі бұған дейін халықаралық…
Президент Қазақстан халықаралық форумдарда, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде орта державалардың мүддесін қорғауды жалғастыра беретінін жеткізді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Біз халықаралық жүйенің мейлінше инклюзивті және орнықты болғанын қалаймыз. Мемлекеттерді үлкен немесе шағын деп бөлмей, оларға жаһанды жақсарту үшін өз үлесін қосуға мүмкіндік беру керек. Қазақстан алдағы уақытта да әлемдік аренада белсенді рөл атқаруға дайын. Біз дипломатияның, экономикалық ынтымақтастық пен көпжақты басқарудың тоғысқан жерінде тұрмыз. Әріптестерімізбен және серіктестерімізбен бірге әрекет ету арқылы болашақ әлемнің келбетін қалыптастыруға атсалыса аламыз. Халықаралық тәртіп өзгеріп жатқан кезеңде біздің жай ғана бақылаушы болғымыз келмейді. Керісінше, анағұрлым теңгерімді, әділ әрі орнықты ғаламдық жүйенің архитекторлары болуға ұмтыламыз»,…
Сарандағы барлық үй мен әлеуметтік нысандарға жылу қосылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қазандықтардың, орталық жылу көзінің, сондай-ақ жылу желілері мен әлеуметтік нысандардың жағдайын тексеріп, жедел штаб отырыстарын өткізді. -Қазір резервте тұрған барлық жергілікті қазандықтар дайындалып, іске қосылды. Жылуды толық көлемде берілуде. Біз барлық қазандықтарда жылу беру температурасын бақылаудамыз. Қосымша қазандықтармен кеңейту қажет болған жерлер де жақын арада кеңейтілетін болады. Тұрғындар бұрын болған екі қазандық бойынша сұрақ қойды, бұл үйлер басқа жұмыс істеп тұрған қазандықтарға қайта қосылды, – деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев. Арнайы комиссия құрылып, оның құрамында энергия қадағалау өкілдері, өңірлік және басқа да ведомстволардың басшылары,…
Астана сотында «Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдетемін» деп 100 млн теңге иемденді деп айыпталған Людмила Грачеваның ісі бойынша жарыссөздің бірінші бөлігі өтті, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Informburo.kz-ке сілтеп. Бұған дейін Людмила Грачева 1995 жылы экс-министр жасаған қылмысты ашу үшін Бишімбаевтар отбасымен қайта байланысуға шешім қабылдағанын айтқан болатын. «Әділдікті қалайтын адам Людмила Грачева сияқты жасай ма? Оның шынайы ниеті — жәбірленушілердің сеніміне кіру және осылайша қолма-қол ақша иемдену. Ал оның бұрынғы қылмыс туралы әңгімесі ойдан шығарылған», – деді прокурор Азамат Тоқтарбай жарыссөз кезінде. Оның айтуынша, филологиялық сараптама Грачеваның өзі Бишімбаевтың анасына алқабилерге пара беруді ұсынғанын және оны қылмысқа итермелегенін растады. Осылайша прокурор…
ҚМА жыл басынан бері 20 млрд теңгеге жуық шығынмен қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 57 қылмыстық істі тергеді. 12 млрд теңгеден астам қаражат өтелді, деп жазады Ertenmedia.kz. Агенттікте алаяқтық жобалардың өмірлік циклін және оларға тартылған салымшылар санын қысқартуға бағытталған «Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл» арнайы жобасы енгізілді. Мәселен, Алматыда «HitBeatMusic» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Алаяқтар өздерін канадалық компанияның акционері және иесі ретінде таныстырып, музыкалық инвестициялық жоба қызметіне іс жүзінде қатысы жоқ компанияның акцияларын сатумен айналысқан. Осылайша, салымшылардың қаражатын тартып, енгізілген соманың 10-нан 15%-на дейін пайдасын уәде етті. Келтірілген залал сомасы 255 млн…
Талғарда көз жұмған Шерзат Болаттың өліміне қатысты қамауға алынған күдіктінің анасы видеоүндеу жолдады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Әйел ұлы мен оның досына қылмысты хабарламау және жасыру деген айып тағылғанын, дегенмен олар қылмыс орнында болмағанын айтты. Оның сөзінше, олар оқиға орнына тек қылмыс болғаннан кейін барған. Жігіттерден алдымен жауап алынып, кейін босатылған. Бірақ 13 қазанда олар қайта ұсталып, екі айға қамауға алыныпты. «Олар не үшін қамауға алынғанын түсінбеймін. Адам санын 13-ке толтыру керек болғандықтан ба? Егер олар оқиға орнында болмаса, олар не болғанын білмейді де ғой. Ал қылмыс кезінде сол жерде болған екі қыз неге тек куәгер ретінде аталып жүр?» -…
Алматыда бүгін түнде жер сілкінісі сезілді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. ТЖМ мәліметіне сүйенсек, 17 қазанда сағат 03.23-те жер сілкінісі тіркелген. Эпицентрі Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде орналасқан. «Алматы қаласында 2 балл болып сезілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ», — деп жазылған хабарламада. Алматы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Айта кетейік, бұған дейін ірі жер сілкінісінің бірі 2024 жылы 23 қаңтарда, екіншісі 2024 жылы 4 наурызда тіркелді.
Қазақ тілін қалжыңға айналдырған бас бапкер Станислав Черчесовке айыппұл салынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Бәрменқұлов Парламент отырысында футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтың қазақ тіліне қатысты келеңсіз әрекеті үшін ресми түрде кешірім сұрап, оған айыппұл салынғанын жеткізді. «Бұл жағдайды жан-жақты қарастырдық. Бас бапкердің журналиспен сөйлесу кезінде айтқаны әзіл ретінде қабылданғанымен, қоғам оны басқаша түсінді. Осы мәселе бойынша ішкі тексеріс өткіздік. Нәтижесінде Станислав Черчесовке тиісті көлемде айыппұл салынды. Алдағы уақытта этикалық тәртіп бойынша жұмысты күшейтеміз», – деді ол. Айта кетсек, әлеуметтік желілерде Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің Ұлттар лигасындағы Қазақстан–Словения матчының баспасөз мәслихатында журналист…
Түркияда жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметінше, магнитудасы 6-ға жеткен жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 10:46-да Малатия қаласынан шығысқа қарай 44 шақырым жерде болған. Жер сілкінісінің ошағы шамамен он шақырым тереңдікте болған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Кейінірек сейсмологтар 20-дан аса жер дүмпулерін тіркеді. Түркияның Табиғи апаттарды басқару басқармасының (AFAD) мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 5,9 болды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жерасты дүмпулерін Малатия, Диярбакыр және Элязыг провинцияларындағылар сезген. Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерликай X әлеуметтік желіде сарапшылар шығынды бағалауға кіріскенін айтты. 2023 жылғы 6 ақпанда Түркия тарихындағы ең жойқын жер сілкінісі болып,…
