«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығы сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық соты «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығына қатысты үкім шығарды. Ол локомотив депосының кадрлар жөніндегі делдал-менеджері арқылы адамды тепловоз машинисінің көмекшісі лауазымына орналастыру үшін 1,5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкіммен делдал 1 жылға 6 айға бас бостандығынан айырылды, пара берген адам және оның көмекшісі 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан…
Автор: Асылхан Бөрібай
Белгілі саясаттанушы Асхат Қасенғали ушыққан геосаяси ахуалға, соның ішінде соғыс өрті күшейген Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Сарапшының пікірінше, Украинадағы соғыс күрт ушыққан, тіпті тараптар бір-бірін зымырандармен соққылап жатыр. Асхат Қасенғали бұл жағдайды «бұрын-соңды болмаған деңгей» деп бағалады. «Алыс қашықтыққа ұшатын қанатты зымырандар бір тараптан атылса, екінші тараптан жауап ретінде баллистикалық зымырандар атылуда. Бір аптаның ішінде соғыс бұрын-соңды болмаған жағдайға жетті. Осындай сәтте әлем елдері өз позицияларын білдіруде. БҰҰ ресми түрде мәлімдеме жасап, тараптарды дереу арада келіссөзге шақырды. Шиеленісті тоқтатуға үндеді», — деді ол желідегі парақшасында. Саясаттанушы Қазақстанның ресми позициясы да БҰҰ-мен үндес екенін айтады. «Қазақстан медиатор…
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова қайтыс болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қаралы хабар туралы қызы Құралай Нұрқаділова жазды. «Бүгін түнде еліміз үшін маңызды тұлға қайтыс болды. Заманбек Нұрқаділов тұлға ретінде қалыптасқан жылдары оның серігі болған әйел. Ақылды, білімді және саяси сауатты Нұрбике Ілімбайқызы. Өте қарапайым әрі зиялы жан еді. Ол туралы көп айтуға болады. Осы жылдар ішіндегі оның үнсіздігі туралы да. Ол Кеңес Одағы кезінде және одан кейінгі ел туралы көп нәрсе айта алар еді. Барлық тарихи деректі есте сақтайтын, өте қызық етіп баяндап беретін. Оны білетіндердің бәрі анамның даналығына таңданатын. Иманды бол, анашым, қолымнан келгеннің бәрін жасадым!» — деді…
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша шұғыл жиын өткізді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар, сыртқы істер, денсаулық сақтау, көлік, энергетика, өнеркәсіп және құрылыс, ұлттық экономика, қаржы министрліктерінің басшылығымен Мемлекет басшысының негізгі әскери және азаматтық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырмаларын орындау жөнінде жедел кеңес өткізді. Премьер-министр қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың стратегиялық және инфрақұрылымдық объектілерді қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәліметтерін тыңдап, мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын күшейтуге бағытталған бірқатар міндеттер қойды. Тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, көлік қатынасының қауіпсіздігі, денсаулық сақтау…
Әлеуметтік желілерде жуырда ұсталған Перизат Қайраттың «сұхбаты» жарияланды. Онда ерікті ретінде танылған Перизат Қайрат Қаржылық мониторинг агенттігі таққан барлық айыпты жоққа шығарған екен. Алайда stopfake.kz мұның алаяқтар адамдарды алдау үшін қолданатын фейк сұхбат екенін жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Басылым мәліметінше, желіде тараған жазбаның тақырыбы да қызық және онда Tengrinews.org деген сайтқа сілтеме жасалған. Дегенмен сайттың домені ұлттық .kz емес, халықаралық .org екенін байқауға болады. Tengrinews жаңалықтар порталы .kz доменін пайдаланады. «Алаяқтар неғұрлым сенімді болуы үшін қазақстандық интернет басылымның басты бетін толығымен көшіріп алған», — деп жазылған деректе. Сұхбат мәтінінде алаяқтар «пассивті кіріс» ұсына отырып, танымал қазақстандық банктің бағдарламасын жарнамалайды. Шын мәнінде,…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі — Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. «Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрге, Президент Әкімшілігінің Басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді. Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр. Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау. Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет…
Бостандық ауданын аралау барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев қосымша білім беру мәселесінің шешімімен, оның ішінде жеке капиталдың қатысуымен танысты. Әкім Вахтангов көшесіндегі №3 Оқушылар үйінің жаңа ғимаратының құрылыс алаңында болды. Қаланың құрылыс басқармасының басшысы Алмас Шабдарбаев нысанның 80 пайыздық дайын екенін баяндады. Бұрынғы апатты деп танылған жерде заманауи екі қабатты ғимарат салынуда, шығармашылыққа арналған 12 кабинет, дәрісханалар, тіпті ауланың ішіндегі бақ та болады. Апта сайын оқушылар үйінде 5-17 жас аралығындағы 2 мың бала оқи алады. Олар үшін дебат клубы, бағдарламалау, 3D-модельдеу, құрастыру, фото-, видеомонтаж бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Балалар шешендік, сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнерін меңгереді. Құрылысшылардың айтуынша, олар келесі жылдың…
Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палата қайырымдылық қорларын тексере алмайтынын айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Жоғары аудиторлық палатаның қайырымдылық қорларын тексеруге құзыреті жоқ. Жоғары аудиторлық палата мемлекет жұмсаған бюджет қаражатын, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарда бар активтерді пайдалануға сыртқы аудит жүргізеді. Сонымен қатар, Мәжіліс қарастырып жатқан жаңа Бюджет кодексі шеңберінде Жоғары аудиторлық палатаға мемлекет қатысуымен құрылған бюджеттік емес қорларға аудит жүргізу құзіреті туралы норма енгізуді ұсындық. Яғни, мемлекет құрған немесе мемлекеттің қатысуымен немесе мемлекеттің белгілі бір функциялары берілген қорлар. Сол кезде бізде осындай бюджеттік емес қорларды тексеру мүмкіндігі болады», — деді Смайылов Сенат дәлізінде. Айта кетейік, кейінгі…
Сенат республикалық бюджет туралы заңды Мәжіліске қайтарды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Сенатор Сұлтанбек Мәкежановтың айтуынша, заң жобасын талқылау барысында тұрақты комитеттер мен депутаттардан оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 136 ұсыныс түскен. Бұл ұсыныстар салыстырмалы кестеге енгізілді. «2025 жылғы шығындарды 60 миллиард теңгеге арттыру туралы ұсыныстар қолдау тапты. Бұл шығындардың көбеюі үкімет резервін қайта бөлу есебінен жүзеге асырылады», – деді ол. Сенат кулуарында Мәулен Әшімбаев бюджет шығындарының 60 миллиард теңгеге артпағанын, тек қайта бөлінгенін атап өтті. «Біз кейбір позицияларды қысқарттық, ал басқаларын толықтырдық, атап айтқанда, үкімет резервінен қаражат бөлдік. Жалпы бюджет көлемін арттырмай, азаматтарымыз бен ауылдық жерлердегі тұрғындар көтеріп жүрген өзекті…
Мәулен Әшімбаев Перизат Қайратпен байланысы бар деген қауесетке жауап берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сенат төрағасы Перизат Қайратпен жақын қарым-қатынаста емес екенін мәлімдеп, түрлі қоғамдық іс-шараларда көпшілікпен қатар кездескен болуы мүмкін екенін айтты. «Мен Перизат Қайратпен жеке таныстығым жоқ. Қызмет бабымен қоғамдық шараларға көп қатысамын, сондай жерлерде түрлі адамдарды кездестіріп жатамын. Ол да сондай шаралардың бірінде болған шығар, бірақ мен онымен жеке немесе тығыз қарым-қатынаста емеспін», – деді Әшімбаев. Ол сондай-ақ Перизат Қайратқа қатысты тергеу объективті әрі ашық өтетініне сенім білдіріп, кінәсі дәлелденсе, заң аясында қатаң жаза тағайындалатынын атап өтті. Еске сала кетейік, қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) Biz Birgemiz Qazaqstan қорының…










