Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның басты қарсыласы Фетхуллах Гүлен өмірден өтті, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Түркияда террористік деп жарияланған FETO ұйымының негізін қалаушы Фетхуллах Гүлен АҚШ-та көз жұмды. Бұл ақпаратты оның жиені Эбуссеме Гүлен растады. Фетхуллах Гүлен АҚШ-та 1999 жылдан бері тұрады. Ол 84 жасында 20 қазанда Пенсильваниядағы клиникада жан тапсырды. Айта кетейік, 2016 жылдың 16 шілдесінде Түркияда «әскери төңкеріс» болған еді. «Әскери төңкеріс» болған сәттен бірер минут өткен соң, ел президенті Режеп Тайып Ердоған «төңкерісті Гүлен ұйымдастырды» деп мәлімдеме жасап үлгерген еді. Төңкерістен кейін айналдырған 4-5 күннің ішінде жүздеген мың адамды жұмыстан шығарып, тұтқындау операциясы басталған болатын. Алайда, Гүлен…
Автор: Асылхан Бөрібай
Көлікті заңсыз тіркегендердің қылмыстық схемасы әшкере болды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Арнайы жедел іс-шаралар барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісі прокуратураның көмегімен Алматы қаласында көлік құралдарын тіркеуге қоюдың қылмыстық циклін анықтады. Топ көлік құралының бірегей кодын өзгерту және құжаттарды қолдан жасау арқылы автокөліктерді тіркеумен айналысқан. Нәтижесінде VIN-кодтарды өзгертумен айналысқан жерасты цехының жұмысы әшкереленді. Тіркеуге заңсыз қойылған 150-ден аса автокөлік анықталды. «Қылмыстық іс-әрекетке арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің және делдалдардың қатысы анықталды. Бір дропперге 50 автокөлікке дейін тіркелген. 17 күдікті ұсталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. АЕҚ қауіпсіздік қызметімен бірлесіп тексеру жалғасып жатыр», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті өкілі…
Ақтөбе облысының балабақшаларында бюджет қаражаты заңсыз талан-таражға салынған, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бас прокуратураға сілтеп. Ақтөбе облысының Хромтау және Мұғалжар аудандары прокуратуралары мектепке дейінгі мекемелерде 240 млн теңгеден астам бюджет қаражатын талан-таражға салу фактілерін анықтады. Бюджет қаражаттары жұмысшыларға қосымша сыйлықақы беруде бюджеттік өтінімдерді негізсіз жоғарылату арқылы иемденiлген. Бақылаусыз өзгерістер енгізіліп, оның ішінде басшыларға сыйлықақы беру туралы бұйрықтарға сомаларды асыра көтерген. Иемденіп алу схемалары жалақыны белгіленген нормадан тыс аудару, аударымдарды қайталау, жалған іссапарлар арқылы жүзеге асырылған. Сонымен қатар, есепшілердің бірі кейбір қызметкерлерге жоғарылатылған жалақы, қосарланған еңбек демалысы мен іссапар төлемдерін заңсыз есептеу арқылы жалпы көлемі 24 млн теңгеден астам қаражатты иемденген.…
Су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде Арал теңізіне 200 млн текше метр су жіберілді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қызылорда облысының шаруалары су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде 200 млн текше метрге жуық су үнемдеді. Бұл су Арал теңізіне жіберілді. Айта кетейік, биыл өңірдің дихандары 55 мың гектар күріш алқабында су үнемдеу технологияларын қолданды. Қызылорда облысындағы күріш алқаптарының жалпы ауданы — 84 мың гектар. Осылайша, 2024 жылғы суару маусымында теңізге шамамен 1 млрд текше метр су жіберілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп. Жыл басынан бері Солтүстік Аралға шамамен 2 млрд текше метр су жіберілді. Бүгінгі таңда теңіздегі судың жалпы көлемі 22 миллиард…
Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Бас прокурордың 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары С.С. Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Е.К. Бекманов атқаратын лауазымдарынан босатылды. Қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болуы негіз болды», — деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысы Талғар қаласы әкімі мен орынбасары қызметінен босатылды. «Талғар қаласының әкімі Бахыт Қуатбекұлы Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды. Басқа лауазымдағы қызметкерлердің жауапкершілік деңгейі пысықталып жатыр», — деп жазылған еді хабарламада. Еске салайық, Талғардағы оқиға салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмды. Жанжал жігіттің…
Kaspi.kz компанияның негізін қалаушы және бақылаушы акционері Ханзаде Доғанмен, сондай-ақ Вуслат Доған Сабанджи, Бегюм Доған Фаралиали, Арзухан Доған Ялчындаг және Ишил Доғанмен Hepsiburada акцияларының шамамен 65% сатып алу туралы келісімге қол қойды. Hepsiburada-ның негізін 2000 жылы Ханзаде Доған қалаған және ұзақ уақыттан бері Түркиядағы электронды коммерцияның жетекші платформаларының бірі. Компания клиенттерге қызмет көрсету, технологиялар, логистика және әртүрлі санаттағы тауарлардың кең ассортиментіне басымдық бере отырып, дамыды. 2023 жылы Hepsiburada қызметтерін 12 миллионнан астам сатып алушы және 101 мың серіктес-дүкен пайдаланды. Компания платформасы арқылы сатылған тауарлардың жалпы құны $4 млрд. құрады. Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі: «Біз Түркияның электронды…
Шерзат Болаттың өліміне қатысты тағы бір күдікті ұсталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Алматы облысы Полиция департаменті мәліметінше, 17 қазанда кәмелетке толмаған Ш.Полатты өлтіру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында тағы бір күдікті — К. ұсталған. «Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізу жалғасып жатыр. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің бақылауында», — деп жазылған хабарламада. Еске салайық, бұған дейін Талғардағы оқиға салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмды. Жанжал жігіттің отбасы жалға алатын дүкеннен басталған. Кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Сонымен қатар, Алматы облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Шалқаров төбелестен…
Біріккен Араб Әмірліктерінде жылжымайтын мүлкі бар 1500-ге жуық қазақстандықтың активтері тексеріледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев парламент кулуарында БАӘ-де мүлкі бар қазақстандықтарға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл мәселені Бас прокуратураның Активтерді қайтару комитеті арнайы тексереді. «Бұл мәселені Бас прокуратура жанындағы Активтерді қайтару комитеті мұқият қарайды. Егер мүлік заңсыз жолмен алынған немесе елден заңсыз шығарылған болса, ондай активтер арнайы тізімге енеді. Содан кейін оларды елге қайтару үшін тиісті шаралар қабылданады. БАӘ-де шамамен 1500-дей қазақстандық жылжымайтын мүлікке иелік етеді деген дерек бар. Бірақ олардың бәрін бірден заңсыз деп айыптау дұрыс емес. Арасында адал еңбегімен ақша тауып, заң аясында мүлік…
Айдос Рысбаев ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Мемлекет басшысының өкімімен Айдос Какашаұлы Рысбаев Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», — деп жазылған хабарламада. Рысбаев 1996 жылы Ақмола университетін, 2005 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б.С. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын тәмамдаған. 1998 жылдан 2003 жылға дейін Астана қаласы ІІБ криминалдық полициясында қызмет атқарды. 2005 жылдан 2016 жылға дейін Астана қаласының Полиция департаментінде түрлі басшылық лауазымдарда болды. 2019-2022 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары. 2022 жылдан ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы 2023 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары
Жанар Айжанова соңғы күндері БАҚ пен әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан тақырыптан қаша алмады деп хабарлайды Ertenmedia.kz Әнші ақыры Талғардағы «Хутор» ұйымының жетекшісі деп аталып жүрген Хасан Қасымбаевпен түскен суретіне қатысты түсініктеме берді. Әншінің айтуынша, ол әлгі азаматпен арнайы таныс емес, тіпті суретке қашан, қалай түскенін де білмейді. «Хасан деген бір бәле болды ғой. Суретке түссең бір әңгіме, түспесең «көкірек» дейді жұрт. Ол менің артымнан келіп түскен шығар, бірақ суретке түскен адамның кім екенін, маңдайында не жазулы тұрғанын қайдан білейін?! Егер сондай батыл болсаңдар, әлгі сұхбат беріп, «үш балам бар, еш жазығым жоқ, шаруашылықпен жүрген жанмын» деп ақталып отырған Хасанды тауып…










