Соңғы уақыттары «Өзенмұнайгаз» АҚ-ы мұнайшылары мен мекемеде жұмыс істеп зейнетке шыққан азаматтар (бұрынғы қызметкерлер) біраз талаптарын қойған болатын. Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ осы мәселеге байланысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Dalanews.kz. «ҚазМұнайГаз» комапниясының Телеграм арнасына жарияланған хабарламада ӨМГ зейнеткерлерінің (бұрынғы қызметкерлерінің) балалары компанияның штатына тікелей алынса, 2020 жылы бекітілген жұмысқа орналасу алгоритмін бұзалатынын алға тартқан. Сонымен қатар хабарламада «Алгоритмге сәйкес ӨМГ зейнеткерлерінің балалары мен жұмыссыз азаматтар 50/50 пропорциясы бойынша тең дәрежеде жұмысқа қабылданады. Бұл талапты орындау мүмкін емес, өйткені жұмысқа орналасу кезегін күтіп отырған Жаңаөзен қаласының басқа жұмыссыз тұрғындарының құқығын бұзады» делінген. Бұдан басқа хабарламада зейнетке ерте шыққанда төлем мөлшерін…
Автор: Асылхан Бөрібай
Егін жинау жұмыстары бойынша Алматы облысында дәнді-дақылдардың жалпы аумағы 169,2 мың гектарды құраса, майлы дақылдар 23,7 мың гектарға егілген болатын. Бұдан басқа 10,4 мың гектар картоп, 15,5 мың гектар көкөніс, 1,8 мың гектар бақша дақылдары, 0,2 мың гектар қант қызылшасы және 198,4 мың гектар азықтық дақылдар жиналды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Егін жинау жұмыстарының көп бөлігі аяқталғанымен, жүгері дақылдарын жинау жұмыстары әлі жалғасуда. Жүгері егілген алаң 50,4 мың гектарды құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4,3 мың гектарға азайған. Қазіргі уақытта 36 мың гектар (71,3%) жүгері жиналып, өнімділік гектарына орташа 70,6 центнерді құрады.…
Бүгін Астанада Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 200-ден астам ауыл әйелдері көшбасшыларын, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін жинаған 7-ші Республикалық Ауыл әйелдері Форумы өтті. Іс-шара барысында ауылдық аймақтардың тұрақты дамуы, әйелдер мен ауыл кәсіпкерлігі мәселелері талқыланып, гранттық байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Бияхметов пен ҚР Мәжіліс депутаты, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Қарақат Әбден қатысты. Форумда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, ауылдық жерлерде «жасыл» технологияларды енгізу және қаржылық қолдау мәселелері сияқты маңызды тақырыптар талқыланды. – Мемлекет, бизнес және қоғамдық ұйымдардың ынталы диалогының арқасында бүгінгі күні ауылдағы әйелдер бастамаларын қолдауға…
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Қарасу шағын ауданындағы медициналық-санитарлық көмек орталығының (МСАК) жаңа ғимаратына барды. Бұған дейін Қарасу шағын ауданындағы 18 мыңнан астам тұрғынға медициналық көмек 160 шаршы метрлік №21 емхана филиалында көрсетіліп келген. Ал шамамен 24 мың адам тұратын Өжет шағын ауданының тұрғындарына №25 қалалық емхана қызмет көрсетеді. Медициналық мекемелердің жүктемесін азайту және Қарасу мен Өжет тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында қадамдық қолжетімді жерде заманауи дәрігерлік амбулатория салу қажеттілігі туындады. Тұрғындардың өтінішін ескере отырып, әкімнің тапсырмасымен жаңа орталықтың құрылысы 2023 жылдың ақпан айында басталды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Биылғы жылдың қараша…
Соңғы 9 айда Қазақстанда электр энергиясын өндіру көлемі 86,7 млрд кВтсағ деңгейінде қалыптасты. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіру көлемі 4,2 млрд кВтсағатқа, яғни 5,1%-ға өсті. Тұтыну көрсеткіші 87,7 млрд кВтсағ құрады, яғни 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 3,3 млрд кВт/сағатқа немесе 4%-ға жоғары. Қазақстан БЭЖ-інің жекелеген энергетикалық аймақтары бойынша елдегі тұтыну өсімі төмендегідей бөлінді: — Батыс аймақ (Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстары) – 10,4%; — Оңтүстік аймақ (Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары) – 4,3%; ‒ Солтүстік аймақ (Ұлытау, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстары) – 2,4%. ҰЭТ арқылы электр энергиясын жеткізу бойынша…
Жаңаөзенде қала әкімі Жансейт Қайнарбаев қала тұрғындарымен кездесіп, олардың мұң-мұқтажына назар аударды деп жазады Ertenmedia.kz. Осындай кездесуде зейнет жасындағы қала тұрғыны ортаға шығып, әкімнен өзінің баласын мұнай компаниясына жұмысқа орналастыруды талап етті. Мұнайлы өлкеде тұратын халықтың көпшілігі мұнай компанияларында жұмыс істегенді жөн көреді. Алайда, барлығын мұнай компанияларына жұмысқа орналастыру мүмкін емес. Мұнай компанияларына жұмысқа қабылдаудың арнайы кезегі бар. Әкіммен болған кездесуде жаңаөзендік зейнеткер «Өзенмұнайгаз» компаниясының қолдауымен мұнайшы мамандығын қызыл дипломмен бітірген қызын мұнай компаниясына жұмысқа орналастыруды өтінді. Өз кезегінде әкім мұнай компанияларына жұмысқа тұру үшін арнайы кезек түзілгенін айтып, қала тұрғынына қызын осы кезекке жазылуға және ортақ тәртіп бойынша жұмысқа…
Алатау ауданын аралау барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев Қарасу шағын ауданындағы Бағаналы Орда көшесіндегі скверді абаттандыру барысымен танысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Шілде айында басталған ұзындығы 800 метр болатын жаңа жаяу жүргіншілер аймағы Мойылды және Қаламбаев көшелерінің аралығында орналасқан. Жоба келесі айда аяқталады деп жоспарлануда. Бұл өткен жылы Шаяхметов пен Мойылды көшелері арасында жөнделген 400 метрлік жолақтың жалғасы болды. Осылайша, ұзындығы 1200 метр болатын біртұтас серуендеу аймағы құрылды. Жобаны жүзеге асыру үшін тікенек пен шөп басқан аумақ тазартылып, тегістеліп, асфальт және тас төселді. Жалпы ауданы…
Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында және Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында салынған балалар және спорт алаңдары бар жаяу жүргіншілер аймағының құрылысымен танысты. Наурызбай ауданының негізгі жобаларының бірі — Шұғыла шағын ауданының 10 мың тұрғыны үшін демалатын орынға айналатын жаяу жүргіншілер аймағын салу. – Біз бұл жобаны өзіміз ұсындық. Міне, бүгін біз оны жүзеге асырудың қалай жүріп жатқанын көреміз. Біздің үйлердің тұрғындары үшін бұл үлкен оқиға болады. Әр кеш сайын көңілді серуен құратын боламыз, – деп атап өтті осы ауданда тұратын әйел. Қоғамдық кеңістікке ұзындығы 350 метрлік жаяу серуендеу алаңы, балалар ойнайтын, сонымен қатар,…
Бүгін Астанада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің 10 жылдығына арналған республикалық форумда Қуандық Бишімбаев ісінде мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова отбасы институтын қолдау, жастарды тәрбиелеу және құқық бұзушылықтың алдын алу секілді бастамалардың ерекше маңыздылығына тоқталды. Ең алдымен, Аймағанова Аналар кеңесін мерейтойымен құттықтай отырып, оның қоғамдағы беделді ұйымдардың біріне айналғанын атап өтті. Ол кеңестің ел көлемінде өз қолдаушыларын тапқанын және басты мақсаты ретінде ұлттық денсаулық, тәрбие, ынтымақ пен бірлікті атап көрсетті. “Баршаңызды Қазақстан халқыАссамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің 10 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Осы 10 жыл ішінде Аналар кеңесі еліміздегібеделді қоғамдық институттардың бірінеайналды. Ұйымның өңірлерде өз көшбасшыларымен қолдаушылары қалыптасты. Бүгіндеолардың басын біріктіретін…
Астанада әлемге әйгілі ғалым, геосаясаткер, футуролог Параг Ханнаның қатысуымен «Геосаяси шиеленіс және климат өзгерістері дәуіріндегі жаңа Жібек жолдары» тақырыбында public talk өтті. Шараны Qalam.global мультимедиялық жобасы Халықаралық қатынастар жөніндегі қазақстандық кеңес қолдауымен ұйымдастырды. Кездесу барысында Параг Ханна әлемдік геосаясат, демография және көші-қон модельдерінің болашағы туралы көзқарасын бөлісті. Оның сөзінше, қазіргі күні үш аймақтың, атап айтқанда, «Батыс Азия» мен Шығанақ елдері, Оңтүстік-Шығыс Азия және Орталық Азияның арасындағы қарым-қатынас динамикасы ерекше қызығушылық тудырады. – Бұл мүмкіндіктер аймақтары. Соңғы жылдары оған кіретін мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынас жылдам нығайып келеді. Бұл аймақты жаңа Жібек жолы деп атасақ болады, ал әлем халқының басым бөлігі осы үшбұрыштың…










