Талғарда көз жұмған Шерзат Болаттың өліміне қатысты қамауға алынған күдіктінің анасы видеоүндеу жолдады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Әйел ұлы мен оның досына қылмысты хабарламау және жасыру деген айып тағылғанын, дегенмен олар қылмыс орнында болмағанын айтты. Оның сөзінше, олар оқиға орнына тек қылмыс болғаннан кейін барған. Жігіттерден алдымен жауап алынып, кейін босатылған. Бірақ 13 қазанда олар қайта ұсталып, екі айға қамауға алыныпты. «Олар не үшін қамауға алынғанын түсінбеймін. Адам санын 13-ке толтыру керек болғандықтан ба? Егер олар оқиға орнында болмаса, олар не болғанын білмейді де ғой. Ал қылмыс кезінде сол жерде болған екі қыз неге тек куәгер ретінде аталып жүр?» -…
Автор: Асылхан Бөрібай
Алматыда бүгін түнде жер сілкінісі сезілді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. ТЖМ мәліметіне сүйенсек, 17 қазанда сағат 03.23-те жер сілкінісі тіркелген. Эпицентрі Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде орналасқан. «Алматы қаласында 2 балл болып сезілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ», — деп жазылған хабарламада. Алматы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Айта кетейік, бұған дейін ірі жер сілкінісінің бірі 2024 жылы 23 қаңтарда, екіншісі 2024 жылы 4 наурызда тіркелді.
Қазақ тілін қалжыңға айналдырған бас бапкер Станислав Черчесовке айыппұл салынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Бәрменқұлов Парламент отырысында футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтың қазақ тіліне қатысты келеңсіз әрекеті үшін ресми түрде кешірім сұрап, оған айыппұл салынғанын жеткізді. «Бұл жағдайды жан-жақты қарастырдық. Бас бапкердің журналиспен сөйлесу кезінде айтқаны әзіл ретінде қабылданғанымен, қоғам оны басқаша түсінді. Осы мәселе бойынша ішкі тексеріс өткіздік. Нәтижесінде Станислав Черчесовке тиісті көлемде айыппұл салынды. Алдағы уақытта этикалық тәртіп бойынша жұмысты күшейтеміз», – деді ол. Айта кетсек, әлеуметтік желілерде Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің Ұлттар лигасындағы Қазақстан–Словения матчының баспасөз мәслихатында журналист…
Түркияда жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметінше, магнитудасы 6-ға жеткен жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 10:46-да Малатия қаласынан шығысқа қарай 44 шақырым жерде болған. Жер сілкінісінің ошағы шамамен он шақырым тереңдікте болған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Кейінірек сейсмологтар 20-дан аса жер дүмпулерін тіркеді. Түркияның Табиғи апаттарды басқару басқармасының (AFAD) мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 5,9 болды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жерасты дүмпулерін Малатия, Диярбакыр және Элязыг провинцияларындағылар сезген. Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерликай X әлеуметтік желіде сарапшылар шығынды бағалауға кіріскенін айтты. 2023 жылғы 6 ақпанда Түркия тарихындағы ең жойқын жер сілкінісі болып,…
15 қазанда Атырау қалалық №2 сотында маусым айында «Дина» базарында кісі қолынан қаза тапқан Амандық Сағынғалиевтің өліміне қатысты сот басталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz «Азаттыққа» сілтеп. Тергеу мәліметінше, 5 маусымда 56 жастағы Сағынғалиев базарға сауда жасауға келіп, «Газель» жүк көлігін қойып жатқанда жанында тұрған «Mercedes-Benz» көлігінің есігін сырып кетеді. Осы кезде ашуға мінген көліктің иесі Сағынғалиевты аяусыз соққыға жығып, оны ауыр жаралайды. Қызылқоға ауданы Қарабау ауылының тұрғыны облыстық аурухананың жансақтау бөліміне түсіп, 10 маусымда есін жимастан көз жұмды. Марқұмның өліміне кінәлі деп айыпталған 39 жастағы Мұхтар Ахмедов 6 маусымнан бері қамауда отыр. Оның марқұмға қол жұмсап, басынан бірнеше рет ұрғаны…
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова енді коллекторлар демалыс күндері мазаламайтынын мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бүгін Мәжіліс отырысында қаржы нарығын дамыту бойынша заң жобасы қаралды. «Бұл заңмен реттеледі. Коллекторлық агенттіктер демалыс күндері хабарласуға құқықтары жоқ. Екіншіден, жұмыс күндері тек үш рет хабарласуына болады. Одан аспауы тиіс. Егер бұдан артық мазалап жатса, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің колл-орталығына мәлімет беріңіздер. Шаралар қабылдайтын боламыз», – деді Мәдина Әбілқасымова.
Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдап, блогерлер мен «инфосығандар» мәселесін көтерді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Жарқынбек Амантайұлының сөзінше, әлеуметтік желіде түкке тұрғысыз дүниені түйенің құнына өткізіп жіберетіндер көбейген. «Біз қазір интернет білім мен ақпараттың көзі ғана емес, жалған ақпарат пен алдап-арбаудың, орынсыз бопсалап, адам өмірін тас-талқан етудің құралы болып отырғанын көріп жүрміз. Блогерлікті бопсалау мен қыспақтаудың құралы қылып, біреудің абыройын төгіп, сүрінгенін суреттеуді батырлыққа балап жүргендер баршылық», — деді депутат. Сонымен қатар, ол жуырда Атырауда көз жұмған күзетшіге қатысты оқиғаны еске алды. «Таяуда Атырауда соңы қайғылы жағдаймен аяқталған оқиға. Қоғамдық тәртіпке бағынуға шақырған күзетшінің ар-намысын…
Президентке Қазақстанның БРИКС құрылымына кіру мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныстар түсті. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі — Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Мемлекет басшысы бұл ұсынысты Қазақстанның ұлттық мүддесі тұрғысынан мұқият қарастыруда. — Жуырда (23-24 қазан күндері) Қазан қаласында БРИКС саммиті өтеді. Бізге белгілі болғандай, аталған құрылымға төрағалық етіп отырған Ресей Президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты форумға қонақ ретінде шақырған. — Президенттің жұмыс кестесінде оның БРИКС саммитіне қатысуы қарастырылғаны рас. Мемлекет басшысы 24 қазан күні құрылымның «аутрич» форматындағы кеңейтілген құрамда өтетін жиынында сөз сөйлейді. – Әзербайжан мен Беларусь БРИКС құрамына кіру үшін өтінім беріп қойды.…
ҚазҰАЗУ лауазымды тұлғалары ұрлық жасағаны үшін сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Алматы қаласының прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (бұдан әрі — Университет) жалған тұқым егу және егу орындарын өңдеу жолымен бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Бұған дейін Бас прокуратураның тапсырмасымен Университеттің қызметіне тексеру жүргізілген, онда 2020 жылы Университет жалпы сомасы 43,8 млн теңгеге қант жүгерісінің тұқымын, «аммофос» минералды тыңайтқышы мен аммиакты селитрасын сатып алуға мемлекеттік сатып алу туралы 3 шарт жасасқаны анықталған. Тексеру жоғарыда аталған тауарлардың іс жүзінде жеткізілмегенін, ақша қаражатының қолма-қол ақшаға айналдырылғанын көрсетті. №2 Медеу аудандық сотының үкімімен Университеттің «Саймасай» оқу-тәжірибелік шаруашылығының директоры Қылмыстық…
Экс-президенттің күйеу баласы Тимур Құлыбаев заңсыз жолмен алынған мүлікті мемлекетке қайтару тізіміне енгізілген, деп жазады Ertenmedia.kz. 2023 жылдың 13 қазанында заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару жөніндегі комиссия арнайы шешім шығарды. Осылайша Құлыбаевты «Заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару туралы» Заңы аясындағы субъектілердің тізіліміне ресми түрде енгізген. Қазіргі уақытта Құлыбаев пен оның бақылауындағы «Қамқор Менеджмент» ЖШС активтеріне қатысты бірқатар шектеулер қойылған. Бас прокуратура жанындағы Активтерді қайтару комитетінің талабы бойынша бұл шектеулер 2025 жылдың ақпанына дейін күшінде болады. Оған сәйкес, Құлыбаевқа және оның компанияларына кез келген мүлікті сатуға, кепілге беруге, сенімгерлік басқаруға өткізуге, үшінші тараптардың мүлікке құқықтарын бекітуге тыйым салынған. Сондай-ақ, «Теміржол жөндеу»…










