Автор: Асылхан Бөрібай

Черчесов Қазақстан құрамасы

Туризм және спорт министрлігі Қазақстан футбол федерациясынан түсініктеме беруді талап етті, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кешелі бері әлеуметтік желілерде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тілін кемсітуге тырысқаны туралы бейнематериал кеңінен таралып, қоғам тарапынан наразылық туғызған болатын. «Министрлік бұл жағдайға бей-жай қарамай, Қазақстан футбол федерациясына ресми хат жолдады. Хатта мемлекеттік тілдің мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Тіл туралы» Заңына сәйкес жоғары тұратыны және оған барлық азаматтың құрмет көрсетуі керектігі айтылған. Сонымен қатар федерациядан осы оқиғаға түсініктеме беру және С.Черчесовпен мемлекеттік тілге құрмет көрсету туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу талап етілді. Біз мұндай жағдайлардың қайталанбауын қамтамасыз ету үшін федерация тарапынан…

Толық оқу

Талғар әкімдігінде қызметтік өзгерістер жалғасып жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен босатылды. «Талғар ауданының әкімі Таңат Есенкелдіұлы Айдарбеков пен оның орынбасары Айбек Бидаев сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — делінген хабарламада. Айта кетейік, бұған дейін Талғар қаласының әкімі Бахыт Қуатбекұлы Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды. Еске салайық, бұған дейін Талғардағы оқиға салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмды. Жанжал жігіттің отбасы жалға алатын дүкеннен басталған. Кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Сонымен қатар, Алматы облыстық полиция департаменті…

Толық оқу
Черчесов қазақ тілі

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Станислав Черчесовтің баспасөз жиыны кезіндегі әрекетіне қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz msports.kz-қа сілтеп. «Жазбада видеоның үзіндісі көрсетілген. Негізі бұл сұрақты Францияның ПСЖ клубының формасын киіп жүрген қазақстандық журналист Бегасыл Сейітқанов баспасөз мәслихатында қойғаннан кейін бас бапкер әзілдеп, жауап қайтарған болатын», — деп жазылған хабарламада. Сондай-ақ, федерация ресейлік маман қазақ елінің мәдениеті мен тіліне құрметпен қарайтынын хабарлаған. Станислав Черчесов қазақ тілі мен еліміздің мәдениетіне үлкен құрметпен қарайды, сонымен қатар қазақ тілін белсенді түрде оқып жатқанын мәлімдейміз, — деп хабарлады федерация. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің басы дауға…

Толық оқу
Черчесов қазақ тілі

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің басы тағы да дауға қалды. Ол қазақ тілінде сұрақ қойған журналиске «француз тілінде сұрап тұрсың ба?» деген. Бұл жайт қоғамда қызу талқыға түсті, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов әлеуметтік желіде осы жағдайға қатысты ойын ортаға салды. Оның сөзінше, Черчесов келгелі отандық футбол оңған жоқ. «Мемлекеттік тілді мұқатып, әбден басынып бітті. Әлеуметтік желіде кеңінен тарап жатқан видео жақында түсірілген. Қазақстан-Словения матчынан кейін Амангелді Сейітханның ұлы Бегасыл Сейітхан қазақ тілінде сұрақ қойғысы келген. Станислав Черчесов «французша сұрап тұрсың ба?» деп, қадап тастады. …Қазақ тілді аудитория бұндай әзілдерді көтермейді. Жалпы қазақ елінде жүріп, күнін…

Толық оқу

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры мемлекеттік мектептердегі тамақтың сапасына қатысты әлеуметтік мониторингтің басталғанын хабарлап, оған барлық қазақстандық оқушылардың ата-аналарын қатысуға шақырады. Ол үшін осы жылдың 14 мен 28 қазаны аралығында өзіңізге қолайлы уақытта берілген сұрақтарға онлайн жауап беру қажет. Бұл әлеуметтік мониторингте мектеп оқушыларын дәмді және пайдалы тамақтандыруға қатысты барлық сұрақтар қамтылған. Қор ата-аналардан мәзірдің әртүрлілігін, асханалардың санитарлық жағдайын, оқушылардың тамақтану кестесінің ыңғайлылығын және басқа да қызметтерді бағалауды сұрайды. Сауалнама жасырын түрде өтеді. Жауап беру уақыты бес минуттан аспайды. Ата-аналардың жауаптары мемлекеттік мектептерде тамақтану процесін ұйымдастыруға қатысты ең өзекті мәселелерді анықтауға көмектеседі. Сауалнама нәтижелері БАҚ-та жарияланып, ҚР Оқу-ағарту министрлігіне және…

Толық оқу

Әлеуметтік желіде Талғарда қайғылы оқиға болған күннің видеосы тарап кеткен еді.  Құзырлы органдар видео қалай тарап кеткенін тексереді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Бауыржан Әленов айтты. «Әлеуметтік желіде видео тарап кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Кім, қай жерден жібергенін тексеріп, толық ақпарат береміз», — деді Әленов Алматы облысының ӨКҚ алаңында өткен брифингте. Еске салайық, бұған дейін Талғардағы оқиға салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмды. Жанжал жігіттің отбасы жалға алатын дүкеннен басталған. Кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Сонымен қатар, Алматы облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Шалқаров төбелестен…

Толық оқу

Полиция 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша тағы үш адамды ұстады. Бұл туралы Алматы облысының прокуроры Берік Адамов мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бұрын жеті адам ұсталғаны хабарланған еді. Енді ұсталғандардың саны 10 екені белгілі болды. «Бұл іс бойынша 10 адам күдікті деп танылды. Тағы екеуі қылмыстық қудалау орбитасында, бірақ олар — қорғану құқығы бар куәгер», — деді Берік Адамов брифингте. Кісі өлтіру және бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Еске салайық, бұған дейін Талғардағы оқиға салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмды. Жанжал жігіттің отбасы жалға алатын дүкеннен басталған. Кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша Алматы облысының полиция…

Толық оқу
шерзат болаттың өлімі

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов Шерзат Болаттың отбасының үйінен шыққан өртке қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Оның отбасы тұрған үйдегі өрттің себебін белсенді түрде зерттеп жатырмыз. Өрт болған жерде маңызды дәлелдер жиналып, алты жүзден аса адам сұралды. Оқиға қалай болғанын анықтау үшін бірнеше сараптама тағайындалды. Мамандар өрттің үйдің сыртынан басталғанын, оқыс жағдай болмағанын және сыртқы от көзін қолданылғанын алғашқы қорытынды ретінде шығарды. Оқиға орнынан табылған канистр мен резеңке қолғаптарға зерттеулер жүргізіліп жатыр. Шығын көлемі анықталып жатыр», — деді Берік Адамов. Еске салайық, бұған дейін Талғардағы оқиға салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмды. Жанжал жігіттің отбасы жалға алатын дүкеннен…

Толық оқу

Алматы облысы Талғар қаласы әкімі мен орынбасары қызметінен босатылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz «Талғар қаласының әкімі Бахыт Қуатбекұлы Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды. Басқа лауазымдағы қызметкерлердің жауапкершілік деңгейі пысықталып жатыр», — деп жазылған хабарламада. Еске салайық, бұған дейін Талғардағы оқиға салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмды. Жанжал жігіттің отбасы жалға алатын дүкеннен басталған. Кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Сонымен қатар, Алматы облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Шалқаров төбелестен кейін қанша қару тәркіленгенін айтты. «Қазіргі таңда үш пышақ тәркіленді. Оның екеуі ас…

Толық оқу

Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдер мен министрлер белсенді жұмыс жүргізсе, кейбір салалар мен өңірлердегі экономикалық көрсеткіштер бұдан әлдеқайда жоғары болатынын айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Үкімет отырысында биылғы 9 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды.  Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша осы жылдың 9 айында ЖІӨ өсімі 4%-ға жетті. Оған негізінен ауыл шаруашылығы (11,4%), өңдеу өнеркәсібі (4,8%), құрылыс (10,1%) және сауда (6,3%) салалары ықпал еткен. «Бұл кезеңде мұнай өндіру көлемі төмендеп кетті.  Ол жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынына кері әсерін тигізді. Биыл экономиканың өсуі мұнайдан тыс секторлардың есебінен қамтамасыз етілгенін айта кету керек», — деді Олжас Бектенов. Барлық…

Толық оқу