Автор: Асылхан Бөрібай

Пәкістанда Қазақстан елшісі Ержан Қыстафин мен 11 елдің елшісін алып жүрген полиция көлігі мина басып, жарылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкіл Айбек Смадияров мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Деректерге сүйенсек, 22 қыркүйекте болған оқиға кезінде үш полицей жараланып, біреуі қайтыс болған. «Біздің елшіміз колонна құрамында болған. Бірақ қазақстандық және шетелдік елшінің бірде-бірі зардап шеккен жоқ, олар қауіпсіз жерде. Елшілердің бәрі Исламабадқа оралды. Елшілер Исламабадтың Сауда-өнеркәсіп палатасы туризмге қатысты ұйымдастырып жатқан конференцияға қатысуға бара жатқан», — дейді Смадияров. Көлікте Ресей, Қазақстан, Португалия, Эфиопия, Индонезия, Тәжікстан және Иранның елшілері отырған. Алайда әзірге террористік ұйымдардың ешқайсы бұл оқиғаға қатысты жауапкершілік алмаған.

Толық оқу

Әнару Құрманәлінің адвокаты Ләззат Ахатова боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты іс қалай өрбіп жатқанын айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Адвокат тергеу жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді. «Әнару Қалдыбекқызы Құрманәлінің Жанқош Тұраровқа қатысты жазған арызы бойынша қозғалған іс туралы біраз журналист хабарласты. Іс аяқталды ма, қалай боп жатыр деп сұрайды. Біраз адамның көкейінде де сол сұрақ шығар. Біршама тоқталайын. Іс аяқталған жоқ. Ешқандай татуласу туралы әңгіме де, ниет те жоқ. Әлі тергеу жұмысы жалғасып жатыр. Нақтысында тергеу органы сараптама қорытындысын күтіп отыр», — деді ол. Ләззат Ахатованың сөзінше, сараптама тағайындалғанда, тергеу тарапынан өрескел заңсыздықтарға жол берілген. «Біріншіден, сараптама дәрігер-проктологтың қатысуынсыз өткізілген. Ондай…

Толық оқу

Kaspi.kz акциялары NASDAQ биржасында бір күнде 16 пайызға құлдырады. Бұған Culper Research компаниясы жасаған зерттеу себеп болды. Зерттеуде Kaspi америкалық инвесторлар мен реттеушілерді жаңылыстырды деген ауыр айып тағылған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Редакция тілшісі осы жанжалдың неден шыққанына үңіліп, мәселенің негізгі тұстарына талдау жасады. Culper Research есебінде Kaspi-ге тағылған басты айыптардың бірі – Ресеймен жасырын әрі тәуекелі жоғары байланыс. Мәселен, зерттеуде былай делінген: «Украинадағы соғыстан кейін Қазақстанға ағылған ресейліктер үшін Kaspi арқылы есепшот ашу жеңілдеген. Осы себепті туристік карталар саны күрт артып, компанияның қаржылық нәтижесі жақсарған. 2021 жылдың соңынан бастап Қазақстандағы шетелдіктер депозитінің мөлшері 338%-ға өскен. Бұл кіріс тұрғысынан тиімді болғанымен,…

Толық оқу

Көкпардан Қазақстан құрамасы Қырғызстанның көкбөрі федерациясы шақырған «Бірлік кубогына» қатыса алмайды. Бұл туралы Қазақстан көкпар федерациясы Informburo.kz сайтына берген жауабында айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Азаттыққа сілтеп. «Федерация Ыстықкөл жағалауында өтетін «Бірлік кубогына» қатыса алмайды, себебі ол күндері басқа маңызды жарыстар жоспарланған. Көкпаршылар қазір сол ойындарға дайындалып жатыр» деп жауап қатқан. 16 қыркүйекте Қырғызстанның көкбөрі федерациясы Қазақстан көкпар құрамасының ойыншыларын 1 қарашада Ыстықкөл облысы Шолпан-Ата қаласында болатын «Бірлік кубогына» шақырған еді. Қырғызстан турнирді қауіпсіздік үшін көрермендерсіз өткізіп, төрешіні үшінші елден шақырмақ. Көрші елдегі федерация басшысы «төрешілер шешіміне я бірнеше ойыншының әрекетіне бола екі ел араздаспауы керек» деп мәлімдеген еді. Жақында…

Толық оқу
Ким

Абай облысындағы Орлов шахтасында қайғылы оқиға болды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 19 қыркүйекте шамамен сағат 14.20-да Орлов шахтасында кәсіпорынның екі қызметкері жарақат алды. Алдын ала анықталған себебі – тау-кен массасының опырылуы. Алған жарақаттардың салдарынан зардап шеккендердің бірі ауруханада қайтыс болды. Екінші қызметкер медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтқан. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, қайғылы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаны тергеуге қатысу үшін өңірге барды. KAZ Minerals тобы қаза болған қызметкердің отбасына жан-жақты көмек көрсететінін айтты. Айта кетейік,KAZ Minerals-тың ең ірі акционері — қазақстандық танымал олигарх, бір кездері «Назарбаевтың…

Толық оқу
«Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешені

Алматыда «Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешенінің күзетшісін соққыға жығып, көлікпен таптаған күдіктіге қатысты істің тоқтатылуы марқұмның туыстарының ашу‑ызасын туғызды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.  Қалалық прокуратураның мәліметінше, қылмыс 29 наурыз күні тіркеліп, кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Алайда кейін тергеу тоқтатылған. Құзырлы орган Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 45-бабы 7-бөлігінің 4-тармағына сүйенген. Аталған норма күдіктінің немесе айыпталушының психикасы уақытша бұзылғаны не ауыр сырқаты бар екені ресми түрде расталса, тергеуді тоқтатуға мүмкіндік береді. Марқұмның жақындары бұл шешіммен келіспейді. Оқиғадан бері бес айға жуық уақыт өтсе де, күдікті қамауға алынбаған. Тергеу барысында оған шизофрения диагнозы қойылған. Еуразия арнасындағы «Көреміз» бағдарламасына келген туыстары…

Толық оқу

19 қыркүйекте Астанада спорттық бағдарламалаудан 2024 ICPC World Finals — әлем чемпионатының финалына арналған баспасөз мәслихаты өтіп, онда ұйымдастырушылар мен басты спикерлер журналистердің сұрақтарына жауап берір, Қазақстандағы ІТ саланы әрі қарай дамыту жөніндегі жоспарларды талқылады. Баспасөз мәслихатына Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин, ІСРС президенті Билл Паучер, Қазақстан спорттық бағдарламалау федерациясының президенті Бағдат Мусин, Freedom Holding Corp. директоры Тимур Турлов, Huawei Technologies Kazakhstan директорлар кеңесінің басшысы Сью Хай, JetBrains инвестициялар, зерттеулер мен білім беру бойынша вице-президенті Андрей Иванов қатысты. Бағдат Мусин өз сөзінде Қазақстан спорттық бағдарламалау федерациясының адами капиталды дамытуды және елді цифрландыруда алға жетелейтін ІТ мамандар…

Толық оқу
Мұрат Бисембин дерт

«Рэкетир» фильмі арқылы танылған актер Мұрат Бисембин қатерлі ісікке шалдыққан, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Актерге қойылған ауыр диагноз туралы оның өнердегі әріптесі, досы Саят Исембаев әлеуметтік желіде айтты. Оның сөзінше, Мұрат Бисембинге емделуге қаржылай көмек қажет. Мұрат Бисембин қазір ем алып жатқаны да белгілі болды. Айта кетейік, Мұрат Бисембин 1972 жылы 11 қазанда дүниеге келген. Актер үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр. Кино әлемінде оған «Рэкетир»фильміндегі рөлі ерекше танымалдылық әкелді. Оған қоса «Томирис», «Сіз кімсіз, Ка мырза?», т.с.с. фильмдердегі рөлімен жұлдызы жанды.

Толық оқу
Жанна Оразбақова

Адвокат Жанна Оразбахова Қуандық Бишімбаев мерзімінен бұрын шығып кетуі мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Астана соты Қуандық Бишімбаевқа қатысты түскен істі қарауға кіріскен. Осылайша, Салтанаттың ағасы Айтым Амангелді экс-министрден өтемақы өндіріп алмақ. «Мәселе ақшада емес. Бастысы қылмыскерді мерзімінен бұрын шығып кету мүмкіндігінен айыру. Өтемақы сомасы көп болған сайын оның бостандыққа шығып кету мүмкіндігі де аз болады», — дейді адвокат. Айта кетейік, 27 тамызда Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтан моральдық өтемақы талап еткені белгілі болды. Бұл туралы сот кабинетіндегі құжатта белгілі болды. Іс 2024 жылдың 2 тамызында басталған. Істі судья Досжан Жұмабаев қарайды. 13 мамырда Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот ісі…

Толық оқу

Қазақстандықтар мопедтерін тіркеуге міндеттеледі. Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы екінші оқылымда мақұлданды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Қолданыстағы норма бойынша ең жоғары конструктивті жылдамдығы сағатына 50 километрден асатын мопедтер тіркеуге жатады. Ал қаралып отырған заңға сәйкес барлық мопед тіркеуге жатады (қозғалтқышының көлемі елу текше сантиметрден аспайтын не электр қозғалтқышпен жабдықталған және ең жоғары конструктивті жылдамдығы сағатына 50 километрден аспайтын); Мопедті басқару құқығы «А1» кіші санатындағы жүргізуші куәлігімен расталады, ал «А» және «В» санаттарының болуы да мопедті басқару құқығын растайды деген норма…

Толық оқу