Елдос Сметовтың ауылы таза суға жарымай отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ұлысмедиа дерегінше Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Жалпақсаз ауылы бірнеше жылдан бері ауыз су тапшылығын тартып келеді. Париж Олимпиадасының чемпионы атанған әйгілі балуан Елдос Сметов туып-өскен ауылда қазір шамамен 80-ге тарта үй бар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауылға екі-үш жыл бұрын газ кіргенімен, ауыз су мәселесі сол күйі шешілмеген. «Су ауылға әрең жетеді. Кей күндері тіпті тамбай қалады. Жергілікті халық суды тасып ішуге мәжбүр. Құзырлы органдар жиі келіп, жағдайды тексеріп, уәде беріп кетеді. Бірақ мәселе өзгермей отыр. Ауылдағы асфальттың да жағдайы нашар», – дейді ауыл тұрғындары. Тұрғындардың айтуынша, Елдос Сметовтың…
Автор: Асылхан Бөрібай
Шығыс Қазақстандағы танымал «Рахман қайнары» шипажайы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Аталған шипажайды мемлекеттік балансқа беру үшін арнайы электронды сауда алаңында аукцион өтті. Сауда нәтижесінде шипажай Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына тапсырылды. «22 тамызда сауда-саттық аяқталды. Қазір арнайы комиссия шипажайды қабылдап алу үшін іске кірісті. Нысанды шетелдік компанияларға беру жоспарда жоқ», – деді ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев. Ашық деректерге сүйенсек, 1964 жылы ашылған әйгілі шипажай бұған дейін қазақстандық олигарх Анатолий Балушкиннің иелігінде болған. Мемлекетке қайтарылған шипажай алдағы уақытта аймақтың туристік әлеуетін дамыту мақсатында пайдаланылмақ. Қазір арнайы комиссия қабылдау процесін аяқтап жатыр.
Дариға Назарбаева Алматыда көзге түсті. Бұл туралы журналист Сырым Итқұлов жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Ол Алматыда Айсұлтан Назарбаевты еске алуға арналған балалар футбол турнирінде», — деді журналист. Бұған дейін Дариға Назарбаева мен оның отбасы Кан қаласында өткен кеште жүргені белгілі болды. Видео телеграм арнада пайда болды. Бейнежазбада Дариға Назарбаева, ұлы Нұрәлі Әлиев пен оның әйелі Аида Әлиева, балалары Лаура, Амира мен Алан Кан қаласындағы қымбат іс-шарада жүргенін көруге болады. Ашық дереккөздердің мәліметінше, бұл шараға қатысу құны да арзан емес: кешке қатысамын деушілер екі адамға 33 мың еуро немесе 17,5 миллион теңге төлеуі керек. Шарада әулеттің алты адамы жүр. Осылайша Назарбаевтың қызы,…
Энергетика маманы М.К. Есекин ErtenMedia-ға АЭС тақырыбына қатысты пікір білдірді. Сарапшының сөзінше, атом электр станциясының құрылысы — Қазақстан үшін өмірлік қажеттілік. Сарапшы бұл мәселеде кәсіби мамандар алғы шепке шығуы қажет деген пікірде. «Өкінішке орай, біздің заманымызда ақпарат алаңында нақты жағдай туралы мүлде сауатсыз ақпарат тарататын, сол арқылы қоғамдық пікірге теріс әсер ететін түрлі блогерлер мен псевдосарапшылар көбірек айналысады. Біздің жағдайда, меніңше, атом электр стансасын салу қажеттігі туралы мәселені бұл маңызды мәселені қарауды популистерге қалдырмай, кәсіби мамандар шешуі керек», — деді ол. Энергетика маманының айтуынша, Қазақстанның энергетика саласындағы қазіргі күрделі жағдайы туралы халық толық хабардар емес. «Соңғы жылдары елдегі энергетикалық дағдарыс жеке электр энергиясы…
Әлеуметтік желіде сазгер Қалдыбек Құрманәлінің қызына қатысты жайтқа мәлімдемесі пайда болды. Бұл туралы журналист Гүлбану Әниятқызы жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Журналистің сөзінше, Әнару Құрманәлінің әкесі — белгілі сазгер Қалдыбек Құрманәлімен сөйлескен. Әнару оның 2016 жылы өмірден өткен Ақмаржан Таубаева есімді әйелінен дүниеге келген екен. – Балаларымен араласып, көмектесіп тұратынын айтты. Қалдыбек Құрманәлі жүрегіне ота жасатып, денсаулығына байланысты Түркістан облысына көшіп кеткен. «Қазір қызыма көмектесу үшін Алматыға келдім» дейді. «Қызым жылап келгенде бұл сорақылықты қоғам білуі керек деп, журналистермен сұхбат ұйымдастырған да өзім, – деп отыр. Қалдыбек Құрманәлі Жанқош жақтан кешірім сұрағанын, бірақ ешқандай кешірім бере алмайтынын айтты. – Қызымды қорғауға…
Бүгін Париж Олимпиадасының қорытындысына арналған алқа отырысы өтті. ErtenMedia.kz алқа отырысында талқыланған өзекті мәселелерге шолу жасады. «Дайындық төмен, нәтиже нашар» Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев дайындық төмен болғанын айтты. Министрдің сөзінше, жекелеген спорт түрлері бойынша нәтижені жақсарту керек. «Біз үшін дәстүрлі саналатын спорт түрлері бар. Солардан дайындық төмен, нәтиже нашар болып шықты. Былтыр Ханчжоуда Азия ойындары өтті. Азиадаға қатысқан спортшылардың 80 пайызы биыл Парижге барды. Ал Ханчжоудан ұлттық құраманың қандай нәтижемен келгені бәрімізге белгілі. Тарихтағы ең нашар Азиада болды. Соған қарамастан аз уақыт қалса да, жағдай жасадық. Бірақ Париждегі нәтижені өздеріңіз біліп отырсыздар», — деді ол. «Алтын уәде бергенсіздер»…
Назарбаев әулетінің экc-келіні Гүлмира Сатыбалды соңғы сөзінен бас тартты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 28 тамызда өткен сот отырысына тергеу изоляторынан онлайн режимде қосылған Гүлмира Сатыбалды денсаулығына байланысты сот процесіне толық қатыса алмайтынын айтты. Кеше өткен сотта ол өзін нашар сезінуіне байланысты қатыспаған еді. Оның құқығын адвокаты Әсемгүл Даниалова қорғады. Бүгінгі процесте айыпталушы судья Мартпек Кәкімжановтан сот жарыссөздерін өз қатысуынсыз жалғастыруды өтінді. Судья оған заң бойынша сотталушының соңғы сөзін айтуға құқығы бар екенін түсіндірді. «Сіздің жағдайыңызды түсінемін, үш айға созылған сот процесі бәрімізге оңай болған жоқ. Бірақ бүгін сіздің жарыссөзде сөз сөйлеуге және соңғы сөз айтуға құқығыңыз бар. Аздап шыдамдылық танытыңыз», –…
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың отставкаға кетуіне қатысты мәселе қоғамда жиі талқыланады. Министр бұл мәселенің нүктесін қойды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Былтыр бір топ мұғалім Бейсембаевтың отставкаға кетуін талап етті. Тиісті үндеу сол кездегі ҚР премьер-министрі болған Әлихан Смайыловқа, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановқа және депутаттарға бағытталды. Оқу-ағарту министрлігінің басшысының сөзінше, отставка өзінің құзыретіндегі мәселе емес. «Менің министр болу-болмауымды Мемлекет басшысы шешеді. Менің де құзыретімдегі дүние емес. Мен таңғалатын дүние: білім жүйесінің сапасын арттыруға, оны әлемнен кем емес етуге бүкіл ой-жігерімізді жұмылдырудың орнына, керек емес, маңызды емес дүниелерге қоғамды алаңдатуға әуеспіз. Бұл жерде журналистер де сұрақты дұрыс, мақсатты қоюы керек пе…
Қоғамда ҰБТ-да жоғары балл алған түлектер грантқа оқуға түсе алмағаны қызу талқыға түсті. Бүгін Ғылым және жоғары білім министрлігі қосымша білім беру гранттарын тағайындады, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Білім беру гранттары белгіленген тәртіппен, конкурс негізінде, ең жоғары ҰБТ баллдарына ие болған үміткерлерге білім беру бағдарламаларының тиісті топтарына сәйкес белгіленді. Барлық грант иегері жоғары оқу орындарына қабылдану үшін барулары қажет», — деп хабарлады тиісті министрлік. Бұған дейін белгілі адвокат Халида Әжіғұлова гранттан қағылған түлектер Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарсы арыз жазып жатқанын айтты. Адвокат редакция осы мәселенің жай-жапсарын мәлімдеді. Министр қателігін мойындады ма? Халида Әжіғұлованың айтуынша, кеше бірінші талапкер тиісті министрлікке қарсы…
Мәскеудегі Басман соты Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевскийді сырттай алты жылға соттады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Азаттық» мәліметінше, сот оны «ұлтқа және тілге бола өшпенділік пен араздық қоздырғаны үшін» айыпты деп таныды. Врублевский 2022 жылғы сұхбатында Украина әскерінің соғыста ресейлік сарбаздарды өлтіргенін мақұлдаған. Врублевский 2022 жылғы 21 тамызда Қазақстанда жергілікті блогер Диас Құзайыровқа сұхбат берген. Соғыс басталғаннан кейін Украина азаматтарының ресейліктерге қарым-қатынасы туралы сұраған блогерге елші «қазір неғұрлым көп орыстың көзін жойсақ, балаларымыз соғұрлым аз жапа шегетін болады» деп жауап берген. Дипломат жауабында тек соғысып жүрген Ресей сарбаздарын меңзеді ме болмаса Ресейдің кез келген азаматы туралы айтты ма, ол жағын…










