Әлеуметтік желіде сазгер Қалдыбек Құрманәлінің қызына қатысты жайтқа мәлімдемесі пайда болды. Бұл туралы журналист Гүлбану Әниятқызы жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Журналистің сөзінше, Әнару Құрманәлінің әкесі — белгілі сазгер Қалдыбек Құрманәлімен сөйлескен. Әнару оның 2016 жылы өмірден өткен Ақмаржан Таубаева есімді әйелінен дүниеге келген екен.
«…Балаларымен араласып, көмектесіп тұратынын айтты. Қалдыбек Құрманәлі жүрегіне ота жасатып, денсаулығына байланысты Түркістан облысына көшіп кеткен. «Қазір қызыма көмектесу үшін Алматыға келдім» дейді. «Қызым жылап келгенде бұл сорақылықты қоғам білуі керек деп, журналистермен сұхбат ұйымдастырған да өзім» деп отыр.
Қалдыбек Құрманәлі Жанқош жақтан кешірім сұрағанын, бірақ ешқандай кешірім бере алмайтынын айтты. «Қызымды қорғауға жанымды, барымды саламын» деп отыр. Әнару 28 жастағы үлкен қыз, тұлға. Жанқошпен кездескені, оған неге сенгені жайлы ештеңе айта алмаймын деді. Қоғамның буллингінен соң Әнару бірнеше рет өзіне қол жұмсамақ болыпты. Қазір депрессияда жүр дейді. Қалдыбек Құрманәлі бұл мәселеде аяғына дейін қызының қасында болатынын айтты», — деп жазды журналист.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желіде танымал қазақстандық боксшы Жанкош Тұраров «қыз зорлады» деген ақпарат тарап кетті. Мәселеге Алматы полициясы пікір білдірді.
Полицияның мәліметінше, Алматы қаласы Әуезов ауданының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғаған.
«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жалғасып жатыр», — деп жазылған хабарлама.