Автор: Асылхан Бөрібай

Ақтөбелік кәсіпкер Әнуар Ақмырзаұлы Олимпиада чемпионы атанған дзюдошы Елдос Сметовке 100 жылқы сыйлады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кәсіпкер жеңісті жаңалықты отбасымен бірге көріп, ерекше толқығанын айтады. Ел намысын қорғаған спортшыға берілген бұл сыйдың жалпы құны 100 миллион теңге. «Елдоспен жеке таныстығым жоқ. Бірақ оның әрбір жарысын қалт жібермей, үнемі жанкүйерлік танытамын. Ол бұған дейін Олимпиадада күміс пен қола алған еді. Осы жолы алтынды қанжығасына байласа екен деп тілекші болып жүрген ағаларының бірімін. Бүгін сол арман орындалды. Жеңісі үшін, халқымызға осындай қуаныш сыйлағаны үшін арнайы хабарласып, өзіне 100 жылқы беретінімді айттым», – дейді Әнуар Ақмырзаұлы. Ол мұндай сыйды жасауының тағы бір себебі…

Толық оқу

Экономист сарапшы Мақсат Халық Қазақстанның қазіргі экономикалық хал-ахуалы, соның ішінде алтын мәселесіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Ertenмedia.kz. Сарапшы Қазақстан неліктен импортқа тәуелді болып отырғанын айтты. «Мәселе тереңде жатыр, 30 жыл бойы жинақталған, қордаланған мәселелер. Ең әуелі мұнайды тауып, оны сыртқа шығарудың өзінде жатыр. Әлі күнге дейін мұнайды шикізат ретінде сатамыз. Тау-кен саласының өнімдері, металдар — барлығын шикізат ретінде беріп отырмыз. Оны өңдеп, құн қосып беретін болсақ, елге келтіретін пайдасы да көп. Одан кәсіппен айналысып отырған адам көбірек табыс табады, мемлекетке көбірек салық төлейді. Осы тізбек бұзылып тұр. 90-жылдары мұнай-газ саласында жасалған келісімшарттардың көбі дұрыс емес деп айтылады. Оның…

Толық оқу

Астана сотында Шымкенттің экс-әкімінің ағасы Марат Әйтеновтің бұрынғы әйелі Дана Әтешоваға қатысты үкім шықты, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты отбасы-тұрмыстыққатынастар бойынша құқық бұзушыға қатыстыәкімшілік материалды қарады (ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігі). «Іс материалдарына сәйкес, әйел отбасылық жанжал барысында бұрынғы жұбайына қатысты былапыт сөздер айтқан. Сотта ол өз кінәсін мойындамады. Ол бұрынғы жұбайын былапыт сөздермен қорламағанын, тек былапыт сөздер түріндегі етістікті қолданғанын түсіндірді. Сонымен бірге, бұрынғы жұбайының үйде заңсыз болып, оны арандатқанын жеткізді», — деп жазылған Жоғарғы сот хабарламасында. ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігінің санкциясы ескерту жасау не 5 тәулікке әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады. «Құқықбұзушының балалары бар және ол…

Толық оқу

Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы Қостанай облысындағы бас имамның жағдайына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Қостанай облысының білдей бір бас имамы ішімдік ішіп, көлік жүргізіп, қамауға алынды деген ақпарат төбемнен жай түскендей әсер қалдырды. Екі күннен бері ішім алай-дүлей. Бұл ұятты жағдайға сенгім келмейді», — деді ол. Қайрат Жолдыбайұлының пайымдауынша, бұл әдейі ұйымдастырылған қастандық болуы мүмкін. «Қостанай облысының білдей бір бас имамы ішімдік ішіп, көлік жүргізіп, қамауға алынды деген ақпарат төбемнен жай түскендей әсер қалдырды. Екі күннен бері ішім алай-дүлей. Бұл ұятты жағдайға сенгім келмейді. Бәлкім әдейі ұйымдастырлған қастандық шығар. Қымызға яки басқа бір тағамға бір нәрсе араластырып әдейі…

Толық оқу

«Аралға жаңбыр жауғызған» Алтай Айнабек Қазгидрометке үн қатты, деп жазады Ertenmedia.kz. Жоба авторының айтуынша, Қазгидромет «ғылыми негіз жоқ, Қызылорда және басқа өңірлерде жауып жатқан жаңбыр табиғи құбылыс», — деп жауап берген. «Қазгидромет болжамдары технология пайдаланған кездері әрдайым быт-шыт болатын, бұл жолы да сондай болып отыр. Миллиардтаған теңгені бекерге жеп отырғандай көрінбейік деп, біздің жұмысты жоқ етуге тырысуда! Оларға өз құлқындары Аралдың тағдырынан артық болып тұр ма сонда? Бірігіп ғылыми жұмысқа шақырсаң, қашады. Не ол сонда? Әлде Аралға су жобасы кейбір топтардың «интерестеріне» зиян болып жатыр ма? Қытайлықтарды Аралға кіргізуге мысалы. ҰҚК, Бас Прокуратура, құзырлы органдар, осы мәселеге мән берулеріңізге шақырамын! Менің…

Толық оқу

Әлеуметтік желіде танымал әнші Ұланғасыр Қамиевтің хиджабқа қатысты мәлімдемесі дау тудырды. Желі қолданушысы Саида Қастанеда өнер иесінің үстінен ІІМ-ге арыз түсіргенін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ол үнемі басы дауға қалып жүретін әншінің үстінен депутаттар ешқандай арыз түсірмегенін, есесіне орнына бұл арызды өзі жазғанын айтты. «Арыз тіркелді, іс қозғала ма әлде әдеттегідей бола ма? Көреміз….» — деді ол. ҚР Ішкі істер министрлігі бұл деректі растады. «Арыз тіркелді. Тексеріс жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады», — деп жазылған ведомствоның Massaget.kz-ке ресми жауабында. Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде әншінің хиджабқа қатысты пікірі тараған болатын. «Күйеуі әйелін өлтіріп қойды, анау-мынау дегеннің…

Толық оқу

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі және «Қазселденқорғау» бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаев сот залында қамауға алынды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 25 шілдеде Алматы облыстық соты ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ басшысы Кәрім Көкрекбаевқа қатысты ақтау үкімінің күшін жойды, қылмыстық іс бірінші сатыдағы соттың жаңа қарауына жолданды. Сонымен қатар, Кәрім Көкрекбаев сот залында қамауға алынды. Бұған дейін алқабилер соты бірнеше рет пара алды деп айыпталған «Қазселденқорғау» экс-басшысын ақтап шығарған болатын. Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшесінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қаралды. «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы К. мен оның орынбасары А. өздерінің қызметтік өкілеттіктеріне кіретін әрекеттері…

Толық оқу

Астаналық стендапер Александр Меркуль қамауға алынды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ол қоғамдық жерде жасалған бұзақылық әрекеті үшін 10 күнге қамауға алынды. Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұзақылық әрекеттер жасағаны үшін А.Меркульге қатысты істі қарады (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі). «А.Меркуль Instagram әлеуметтік желісінде және YouTube арнасында қоғамдық орында сөйлеген сөзінің бейнежазбасын жариялап, сол арқылы айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. Сотта құқықбұзушы кінәсін мойындап, айыппұл қолдану туралы өтініш білдірді. Жасалған құқықбұзушылықтың мән-жайы құқық бұзушының айғақтарымен, бейнежазбамен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және істің басқа да материалдарымен расталды», — деп жазылған хабарламада. ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не 5-тен…

Толық оқу

Майқайыңда соңғы құтқарушының денесі табылды. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде соңғы құтқарушы — жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі табылды. Құтқарушының денесі жоғары көтеріліп, сараптама жүргізу үшін жедел-тергеу тобына берілді», — деді өңір әкімі. 4 қаңтар күні Майқайың кенішінің жанында жұмыс істемейтін шахтаның тазарту кеңістігіне «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС құтқарушылары отырған автобус құлап кеткен болатын. «Осы қайғылы оқиғадан кейін 7 ай уақыт өтті. Осы уақыт ішінде, қаза болған жандардың туыстары сияқты, біз де жоғалған құтқарушыларды табамыз деген үмітте болдық. Айып Тілеубергеновтің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Марқұмға…

Толық оқу

Сот Жетісу прокурорларының Талдықорғандағы «Ардагерлер саябағы» жерлерін мемлекеттiк меншiкке қайтару туралы талап арызын қанағаттандырды, деп хабарлайды Ertenмedia.kz. Сот Талдықорған қаласы прокуратурасының «Ардагерлер саябағының» 74 гектар жерін жеке тұлғаға беруді заңсыз деп тану және оларды мемлекет меншігіне қайтару туралы талап арызын қанағаттандырды. Прокурорлар саябақ аумағына жататын учаскенің 2004 жылы жеке тұлғаға заңсыз иеліктен шығарылғанын анықтаған (Жер кодексінің 26-бабы бұзылған). Кейіннен жаңа жер иесі элиталық коттедж қалашық салуды көздеп, оның пайдалану мақсатын өзгерткен. Сол үшін саябақ аумағы 240 учаскеге бөлінген. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Толық оқу