Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс медалін иеленді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ерлер арасында 80 келі салмақта финалда жұдырықтасқан Оралбай финалда украиналық Александр Хижнякқа есе жіберді. Қазақстандық боксшы өзі қатысқан алғашқы Олимпиада ойындарында үздіктер қатарына еніп отыр.
Автор: Асылхан Бөрібай
ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Дикий Арманға қатысы болуы мүмкін адамдарды ұстады, деп хабарлайды Ertenмedia.kz. Ведомство мәліметінше, соңғы екі жылда 140-тан аса топтың қызметі тоқтатылды. Криминалитеттің 550-ден аса өкілі жауапқа тартылды. «Аса қауіпті қылмыстық топтарды, оның ішінде Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарды құрықтау бойынша белсенді кезең аяқталуда. Тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Бас прокуратурамен бірлесіп, Алматы және Шымкент қалаларында бір уақытта “Дикий Арманның” ұйымдасқан қылмыстық тобының 15 ықтимал мүшесіне қатысты ұстау және тінту шаралары жүргізілді. Топтың жетекшісі мен негізгі мүшелері қамауға алынғанымен, оның басқа мүшелері бостандықта заңсыз әрекеттерді жасауды жалғастырған. 40-тан астам тінту іс-шаралары жүргізіліп, атыс, травматикалық және суық…
Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының финалына шыққан Демеу Жадыраев шағын сұхбат беріп, жекпе-жектерін қорытындылады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Olympic.kz-ке сілтеп. Спортшы әсте босаңсымайтынын айтты. «Олимпиада ойындары болғандықтан, ешбір белдесу оңай болған жоқ. Ешкімді бөліп-жармаймын. Төрткүл дүние көз тіккен жарыс, сондықтан жауапкершілік жүгі ауыр. Әлі де босаңсуға болмайды. Ертең финалда жолығатын жапон балуанымен бұрын кездесіп, жеңілген едім. Ал жартылай финалдағы әзербайжандық спортшымен оқу-жаттығу жиындарында күресіп жүрміз. Осы белдесуде бас бапкер Юрий Мельниченконың қойған тактикасымен күрестім. Бәрі ойдағыдай шықты. Қолдауларыңызға рахмет. Енді финалды күтеміз», — деді Жадыраев.
Гендерлік тестілеуден өте алмады деп айыпталған алжирлік боксшы Иман Хелиф Париж олимпиадасының финалына шықты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz 1bol.kz-ке сілтеп. 66 келіде бокстасатын Хелиф жартылай финалда таиландтық Джанджай Суваннапхенгті ойсырата ұтты – 5:0. Енді алтын медаль үшін таласта Иман қытайлық Ян Люмен жұдырықтасады. Шешуші кездесу 10 тамыз күні өтеді, басталуы — 1:51. Олимпиада ойындарының алғашқы айналымында Хелиф италиялық Анджела Кариниді оңай ұтты. Кездесу небәрі 46 секундқа жалғасты. Бірер соққы алған италиялық бойжеткен бірінші раундтан соң кездесуді жалғастырудан бас тартты. Сонан соң алжирлік боксшы венгриялық Анна Луца Хамориге де еш мүмкіндік қалдырмады. Хелифтің күшіне қарап көпшілік оның трансгендер екенін жаза бастаған, алайда…
Бокс бапкері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Париж Олимпиадасына дайындық барысындағы ұлттық құраманың қазіргі ахуалы туралы пікір білдірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық құрамаға бұрын жетекшілік еткен білікті бапкер Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңіндегі Сәкен Бибосынов пен өзбекстандық Хасанбой Досматов жекпе-жегіне қатысты ойын ортаға салды. «Ағылшын журналисі Бибосын мен Досматов кездесуін талдап жазыпты. Ол Хасанбой жеңді деп отыр. Шынын айтсам, мен де сол пікірдемін. Төрешілер де жайдан-жай шешім шығармайды ғой», – деді бапкер журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында. Бірнеше чемпионды тәрбиелеген маман қазіргі боксқа жетіспей тұрған басты қасиет – жеңіске деген жігер мен аштық екенін алға тартты. «Бар үмітті бас бапкерге…
Тарихи жүлде алған мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле мен гимнаст Құрбанов елге оралды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Оларды алматылықтар әуежайдан күтіп алды. Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық Нариман Курбанов жаттығуды ең бірінші болып орындап, 15.433 ұпай алды. Ол базалық қиындығы 6.7-ге тең жаттығуды сәтті орындап шықты. Ал 27 шілдеде Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медаль түсті. Қазақстандық мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алды. Пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында отандастарымыз Германия құрамасынан айласын асырды. Қарсыластарын 17:5 есебімен айқын жеңіп шықты. Суреттер: Өңірлік коммуникациялар қызметінен
Қазақстан қоржынына Олимпиадада қола медаль салған боксшы Назым Қызайбай журналистерге сұхбат берген сәтінде жылап жіберді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Спортшы қытайлықтан айласын асыра алмағанын айтты. «Ойдағыдай болмады әрине. Кеш бокстастық. Ұтуға енді барымды салдым. Бірақ Қытай қызы алдап кетті. Қатты ұрамын деп арасында кішкене қатып қалдым. Қатты іштей дайындалып едім, содан да шығар. Барлық қарсылас бірдей ғой. Қатты ұтқым келді. Алдап кетіп істейін деп едім… Әттеген-ай бар. Алтын медаль алғым келген. Енді не болса да, қолаға шүкір етеміз, — деген Назым Қызайбай журналиске берген сұқбатының соңында жылап жіберді. Айта кетейік, 50 келі салмақта ел намысын қорғаған спортшы жартылай финалда бокстан әлем…
Назым Қызайбай Қазақстан қоржынына қола медаль салды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 50 келі салмақта ел намысын қорғаған спортшы жартылай финалда бокстан әлем және Азия ойындарының чемпионы қытайлық Ву Юге есе жіберіп алды. Назым Қызайбай карьерасында алғашқы Олимпиада ойындарында қатысып, қола жүлдегер атанды.
Кабинетінде қыз зорлады деп айыпталған полицияның бұрынғы басшысы Марат Күштібаевқа қатысты апелляциялық сот шешімі белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Tengrinews.kz мәліметінше, Жетісу облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы бұрын қыз зорлау дерегі бойынша сотталған бұрынғы жоғары шенді полиция қызметкеріне қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Ол 17 шілдеде сотқа апелляциялық шағым түсірген болатын. Айта кетейік, бұған дейін Талдықорған полиция басқармасының бұрынғы бастығы зорлық дерегі үшін сотталды. Тағылған айыптарға сәйкес 2023 жылғы 12 қарашада К. Талдықорған қаласы полиция басқармасының бастығы бола тұра, полиция басқармасының ғимаратында, атап айтқанда өзінің қызметтік кабинетінде зорлау, яғни қызметтік міндеттерін орындау кезінде жәбірленушіге зорлық-зомбылық қолдану арқылы жыныстық қатынас жасаған. Сот…
Белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Олимпиададан жүлдемен оралған спортшыларды орынсыз мадақтап, бос мақтанға салынып кеткен жұртшылықты сынады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Нұрсиланың айтуынша, спортшылардың жеңісін халық тым әсірелеп, «әлемге танылдық» деген даурықпа сөзге айналдырып отыр. «Олимпиада чемпиондарын «көк туымызды көтерді, әлемге қазақты танытты» деп мақтанамыз. Сонда осының несі мақтан? Егер танымал болудың өзі мақтан болса, Қуандық Бишімбаев бір-ақ айдың ішінде тек Қазақстанға ғана емес, Ресейге де, Қырғызстан мен Өзбекстанға да танымал болып шыға келді. Сонда оның ата-анасы «баламыз жарты әлемге әйгілі болды» деп мақтануы керек пе?» – дейді кәсіпкер. Ол спорт пен өнердегі жетістіктерден гөрі, халықтың тұрмысын түзеуге, ел экономикасын көтеруге көңіл…










