Қазақстан қоржынына Олимпиадада қола медаль салған боксшы Назым Қызайбай журналистерге сұхбат берген сәтінде жылап жіберді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Спортшы қытайлықтан айласын асыра алмағанын айтты.
«Ойдағыдай болмады әрине. Кеш бокстастық. Ұтуға енді барымды салдым. Бірақ Қытай қызы алдап кетті. Қатты ұрамын деп арасында кішкене қатып қалдым. Қатты іштей дайындалып едім, содан да шығар. Барлық қарсылас бірдей ғой. Қатты ұтқым келді. Алдап кетіп істейін деп едім… Әттеген-ай бар. Алтын медаль алғым келген. Енді не болса да, қолаға шүкір етеміз, — деген Назым Қызайбай журналиске берген сұқбатының соңында жылап жіберді.
Айта кетейік, 50 келі салмақта ел намысын қорғаған спортшы жартылай финалда бокстан әлем және Азия ойындарының чемпионы қытайлық Ву Юге есе жіберіп алды.