Ішкі істер министрлігі «экс-министр Қуандық Бишімбаевқа арнап изоляторға есірткі өткізуге тырысқандар болған» деген ақпаратты жоққа шығарды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz Press.kz басылымына сілтеп. 7 шілдеде әйел елорданың тергеу изоляторында қамауда отырған адамға марихуана қосылған голубцы әкелгені туралы ақпарат пайда болды. Артынша бұл сотты болған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа «тосынсый» деген қауесет те тарады. № 64 мекемеде тыйым салынған затты ішке өткізу әрекетіне тосқауыл қойылған. Алайда бұл деректің Бишімбаевқа ешқандай қатысы жоқ болып шықты. Сондай-ақ, оқиғадан кейін елордалық тергеу изоляторларына тартылған етпен тамақ әкелуге тыйым салынған. Алайда ІІМ өнімдер бойынша жаңа ережелер енгізілмегенін мәлімдеді. Айта кетейік, Бишімбаев Салтанат Нүкенованың өліміне…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазақстанда Президент жанындағы кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия құрамы өзгерді. Мемлекет басшысының тиісті жарлығы нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін: Асанова Жанна Бейсентайқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша), Әубәкірова Индира Оралқызы – заң ғылымдарының докторы (келісім бойынша)», – делінген Мемлекет басшысының Жарлығында. Комиссияның құрамынан Андрей Лукин және заң ғылымдарының докторы Төлеш Қаудыров шығарылған. Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың есепсіз байлығы үшін «қиян-кескі күрес, соғыс» жүріп жатыр. Бір қызығы, мұраға таласқандар аз емес. Тізімде бірнеше әйелден туған балалары да, оған қоса кейбір әйелдері да бар. Танымал заңгер Бағдат Амандосұлы Болат Назарбаевтың мұрасы үшін таласта «сәттілік» кімнің жағында болуы мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Болат Назарбаев қайтыс болғаннан кейін нотариус мұрагерлік бойынша істі ашқан. Назарбаевтың отбасы мүшелері, соның ішінде ұлы Нұрбол, Болат Назарбаевтың жұбайы Динара және бірнеше баласы мұрагерлік құқығы туралы өтініш білдірген. Тізімді тарқатсақ: Нұрбол Болатұлы Назарбаев (1983 жылы 14 қарашада туған, мұра қалдырушының ұлы); Назарбаева Динара Кемелханова (1986 жылы 4…
Қырғызстанда президент Садыр Жапаровтың қарындасының күйеу жігіті ұсталды. Ақпаратты елдің мемлекет басшысының әкімшілігі растады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Жапаровтың баспасөз хатшысы Асхат Алагөзов Facebook парақшасында президенттің інісінің қызының күйеу жігітін құқық қорғау органдары ұстағанын растады. «Ләззат Нұрқожаеваның күйеу жігіті тікұшақпен ұсыныс жасағаннан кейін танымал болды. Бұл жігіттің негізгі мақсаты өзінің заңсыз әрекетін қорғау үшін билікте өз адамын табу болды деп айтуға толық негіз бар», — деді Асхат Алагөзов. Оның сөзінше, бұған кімның қатысы болса да Садыр Жапаров заңсыз әрекеттерді жасырмайды. Ұсталған жігіт пен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттері туралы тергеу барысында анықталатыны айтылды. Қырғызстандық БАҚ-та жақында ТЖМ тікұшағын жалға алып, үйленуге…
Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегінің жолын кесті, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Тергеу барысында күдікті «Покер» құмар ойынын өткізу үшін жергілікті мейрамханада орын жалға алғаны, арнайы ойын үстелдерін орнатқаны, ойын фишкалары мен карталарын сатып алғаны анықталды. Банк шотына түскен қаражаттардың жалпы сомасы 32 миллион теңгеден асқан. «Сот үкімімен күдікті кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасы тағайындалды», — деп жазылған хабарламада.
Орыстілді медиада Қайрат Нұртастың қамауға алынуы қызу талқыға түсіп, желі қолданушылары әншіні келемеждеп жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әлеуметтік желілерде әншінің ұсталуына қатысты «Қайрат енді түрмедегі корпоративтерде ән салады», «сотталғандардың көңілін көтереді» деген сыңайдағы кекесінді пікірлер көп. Оған қоса бұрын сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың Қайрат Нұртасты түрмеге шақыратын әзіл видеосы да жылдам тарап, қолданушылар арасында үлкен танымалдыққа ие болды. Әсіресе желіде Қайрат Нұртас пен бұрыннан басы дауға қалып жүрген әнші Төреғали Төреәлінің бес жыл бұрын түсірілген құшақтасқан видеосы қайта шығып, екі әншінің ұсталуы флешмоб сияқты сипат алды. Ал қазақ тілді аудитория бұл оқиғаға мүлдем басқа көзқараспен қарап отыр. Қазақ тілді орта…
Астана қалалық сотында Қайрат Нұртасқа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс апелляциялық тәртіппен қаралды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бұған дейін әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен Қайрат Айдарбеков ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған болатын. «Бірінші сатыдағы сот Қайрат Айдарбековтің ұшақтың ішінде жанжалдасу кезінде азамат Б.-ға қол жұмсап, оның денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, төбелес кезінде балағат сөздер айтқанын анықтады. Құқықбұзушының адвокаты қаулымен келіспей, 434-баптың 2-бөлігі бойынша шағымданып, соттан іс жүргізуді тоқтатуды сұрады», — деп жазылған мәліметте. Алайда Жоғары сот мәліметінше, қаулының күшін жою үшін себеп анықталмағандықтан, апелляцияның 9 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың сот актісі өзгеріссіз…
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Министр спортшыларының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берді; лицензиялық турнирлердің қорытындысы жөнінде баяндады: төрт жылдықтың басты додасына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген; Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды. ұлттық құраманың Олимпиадаға дейінгі оқу-жаттығу жиындары мен спортшыларды қолдау шаралары туралы айтты; спортты басқару институттарын жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың есебін берді. Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды.
Депутат Ермұрат Бапи денсаулығына байланысты мәлімдеме жасап, әлдекімдердің әдейі уландыру әрекетіне тап болуы мүмкін екенін жеткізді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Саясаткер бұл жайлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «Қазір денсаулығым сыр беріп тұр. Дәрігерлер әзірге нақты диагноз айта алмады. Улану немесе қасақана уландыру ықтималдығы да қарастырылып жатыр екен. Жасушалық-молекулалық деңгейде тексеріс қажет деді. Не боларын көрерміз. Аман болайық, ағайын!» – дейді депутат өз жазбасында. Ермұрат Бапи Назарбаев әулеті мен олигархиялық топтарға қатысты өткір мәлімдемелерімен танымал. Ол бұған дейінгі сұхбаттарының бірінде экс-президенттің қызы Әлия Назарбаеваны рейдерлік әрекеті үшін қатаң сынға алған. Депутаттың сөзінше, Әлия Назарбаева белгілі кәсіпкерлер Нұрлан Бимурзин мен Медғат Қалиевтің меншігіндегі…
Жуырда Грекия аралында өрт шыққан еді. «Персефон I» яхтасына қатысты оқиғадан кейін тың деректер шықты. Бұл туралы iEidiseis грек басылымы жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Басылым мәліметінше, Идра аралында өрт басталғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда жергілікті төтенше жағдайлар қызметі бірнеше қате жіберген. Соның ішінде оқиғаға қатысы болуы мүмкін қазақстандықтар Грекиядан шығып кете алды. Идра аралына жататын әкімшілік аумақ — Пирей полициясы жүргізген қосымша тергеуден кейін қателер анықталған. Бірінші қатені жағалау күзетінің өкілдері жіберді. Олардың бірінің айтуынша, «Персефон I» яхтасын ұстамау туралы бұйрық алған. Екінші қатені өртке қарсы күрес басқармасының қызметкері жіберген. «Ол яхтаның жолаушыларымен сөйлесіп, тіпті олардың өртке қатысы бар-жоғын сұрағанын…










