Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Министр спортшыларының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берді;
- лицензиялық турнирлердің қорытындысы жөнінде баяндады: төрт жылдықтың басты додасына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген;
- Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.
- ұлттық құраманың Олимпиадаға дейінгі оқу-жаттығу жиындары мен спортшыларды қолдау шаралары туралы айтты;
- спортты басқару институттарын жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың есебін берді.
Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗ
Қазақстанда жан басына 350 мың теңге табысы бар отбасы бірден ауқатты саналмайдыАстанада оқушылар мен студенттер арасында эссе байқауы өтіп жатырТакси бағасы мен қоғамдық көлік: Олжас Байділдинов мәселенің себебін атады📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







