Қазақстанда Президент жанындағы кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия құрамы өзгерді. Мемлекет басшысының тиісті жарлығы нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
- Асанова Жанна Бейсентайқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша),
- Әубәкірова Индира Оралқызы – заң ғылымдарының докторы (келісім бойынша)», – делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.
Комиссияның құрамынан Андрей Лукин және заң ғылымдарының докторы Төлеш Қаудыров шығарылған.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗ
Kaspi.kz қолдаған үлкен жоба: Джеки Чан Қазақстанды әлемдік экранға алып шығадыИнвестиция мен жер қойнауы: Қазақстан ресурс картасын кеңейттіҒарыштағы жаңа белес: SpaceX Еуропа спутник желісін ұшырдыЖарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!






