Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға арнайы келуі екі елдің байланысын жаңа деңгейге көтергенін көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Астана әуежайында Си Цзиньпинді Президент Тоқаев ерекше ықыласпен қарсы алды. Кездесуде Тоқаев Қытайды Қазақстанның ең жақын әрі сенімді серіктесі екенін атап өтті. Саясаттанушы Асхат Қасенғали Қазақстанның сыртқы саясатында Ресейдің бұрынғы орнын біртіндеп Қытай басып келе жатқанын айтады. Оның пікірінше, екі елдің байланысы жылдан-жылға артып, арадағы қарым-қатынас тың деңгейге көтеріліп жатыр. «Си Цзиньпиннің Астанаға сапары Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысты шараның бір бөлігі ғана. Оның артында маңызды келіссөздер мен мемлекетаралық жобалар тұр. Қытай мен Қазақстан шекаралас мемлекет болғандықтан, экономикалық, мәдени, қорғаныс және саяси бағыттағы…
Автор: Асылхан Бөрібай
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың анасы Әлмира Нұрлыбекова бұған дейін басқа адамдардың атына рәсімделген компанияларын өзіне қайтаруды бастады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 71 жастағы кәсіпкер әйел жақында Sapa Logistics компаниясындағы құрылтайшылық үлесін қайта иеленді. Компаниялар тізіліміндегі ақпаратқа сай, қазір Sapa Logistics ЖШС-нің иелері ретінде Әлмира Нұрлыбековадан бөлек, оның туысы Қарлығаш Әділова мен 2018 жылдан бері директор қызметін атқарып жүрген Арман Досмағамбетов көрсетілген. Нұрлыбекова бұл компанияның негізін қалаушылардың бірі болғанымен, Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты дау ушыққан тұста, өз үлесін Қарлығаш Әділоваға рәсімдеп жіберген еді. Sapa Logistics Бишімбаевтар отбасына тиесілі ірі кәсіпорындардың бірі. Компания қойма логистикасы қызметін көрсетеді. Ресми деректерге сәйкес, мекеме 2015 жылдан бері…


