Ақордадағы соңғы кадрлық ауыс-түйістерге қатысты ресми түсініктеме берілді, деп хабарлайды Ertenmedia. Президенттің көмекшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, тағайындаулар мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін күшейту мақсатында жасалған. Желдібайдың сөзінше, Мемлекет басшысы жуырдағы Жолдауында экономиканы дамыту үшін қосымша инвестиция тартуды басты міндет етіп қойған. Осы жауапты салаға дипломатиялық тәжірибесі мол Мұрат Нұртілеу бекітіліп, енді ол Президенттің көмекшісі ретінде шетелдік мемлекеттермен және ірі халықаралық корпорация басшыларымен жоғары деңгейдегі келіссөз жүргізіп, инвестициялық ынтымақтастықты ілгерілетуге тікелей атсалыспақ. Сонымен қатар, Жаслан Мәдиев Премьер-министрдің орынбасары әрі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды. Оның алдында тұрған негізгі миссия Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегі стратегиялық міндетті…
Автор: editor
Елордада жүзеге асып жатқан JOLTAP жобасы көптеген тұрғындардың кәсібін дамытуға және табысын арттыруға нақты мүмкіндік беріп отыр. Әсіресе, жаңа мамандық меңгеремін, өз ісін бастаймын дегендер үшін бұл бағдарлама үлкен мектепке айналғандай, – деп жазады Ertenmedia.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Мұның жарқын мысалы Астананың жас маманы, логопед-мұғалім Айдана Шалағай. Ол көпшілік сияқты тек өз саласында жұмыс істеп қана қоймай, жаңа мүмкіндіктерді байқап көруге тәуекел еткен. Алғашқы қадамы сәтті болып, JOLTAP жобасының арқасында кәсіби тәжірибесін заманауи онлайн-бизнеске ұштастырып отыр. Айдана әуелде Instagram-нан осы жобаны көріп, бірден қызыққанын айтады. Өмірінде жаңа білім алып, басқа салада өзін сынап көру – оған…
Қазақстанда шетелден тоқпен жүретін көлік әкелуге арналған жеңілдік квотасы таусылуға жақын. Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті арнайы ескерту жасады, деп хабарлайды Ertenmedia. Комитет таратқан мәліметке сәйкес, тоқпен жүретін автокөліктерді кедендік жеңілдікпен әкелуге рұқсат берілген квота 15 мың дана. Бұл жеңілдік Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының 2009 жылы қабылдаған шешімімен бекітілген болатын. 2025 жылдың 25 қыркүйегіндегі есеп бойынша, ел аумағына 13 мыңнан астам электрмөбил әкелінген. Бұл белгіленген квотаның 87,2 пайызына жеткенін көрсетеді. Демек, кедендік жеңілдікпен әкелуге болатын көліктер саны 1900-ге де жетпейді. «Осыған орай, тоқпен жүретін автокөлік сатып алуды және шетелден әкелуді жоспарлап отырған азаматтарға жеңілдік көлемінің шектеулі екенін ескертеміз. Болашақта туындауы…
Алматыда жеке инвесторлардың қаржысына 11 қонақүй салынды деп хабарлайды Ertenmedia. Қалалық туризм басқармасының дерегінше, 2025 жылдың алғашқы жартысында Алматыда туристерді орналастыру қызметінің жалпы көлемі 50,1 млрд теңгеге жетті. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 16,6 пайызға жоғарылаған. Қазір қалада бір мезгілде 22 768 адамды қабылдауға мүмкіндік бар. Алматыдағы нөмірлік қор да артып, өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға ұлғайды. Бүгінде қалада туристер мен іссапармен келген қонақтарға 12 552 бөлме қызмет көрсетуде. Туризм басқармасы Алматының туристік әлеуеті жыл өткен сайын нығайып келе жатқанын атап өтті. «Қалаға деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. Ішкі және шетелдік туристер саны тұрақты өсуде. Туризм саласына бағытталған…
Қоғам белсендісі Ғалым Байтук өзінің Фейсбуктағы парақшасында Мұрат Нұртілеудің жаңа қызметіне қатысты ойымен бөлісіпті. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында: «Кеше ғана елдің атынан президенттермен, мемлекеттік хатшылармен сөйлескен вице-премьер мен Сыртқы істер министрі бүгін инвесторға телефон шалып, құжат рәсімдеумен айналысатын көмекшіге айналды. Бұл – үлкен кеменің капитанын моторлы қайыққа отырғызып қойып, «миссияң маңызды» дегенмен бірдей», – деп мысал келтіріпті. Ғалым Байтуктің ойынша, Мұрат Нұртілеу инвестиция саласын бұған дейін де бақылап келгенін тілге тиек етеді. Айтқандай бұған дейін де Мұрат Нұртілеудің қол астында Инвестициялар комитеті мен «Kazakh Invest» сияқты ірі квазимемлекеттік құрылымдар болғанын білеміз. Қоғам белсендісі бұл тағайындаудың себебін соңғы жылдары халықаралық алаңдардағы…
Алматы қаласында оңтүстік өңірден тарту ретінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды. Шарада 500 тоннадан астам ет, көкөніс пен жеміс-жидек, бақша өнімдері, балық және жергілікті қайта өңдеу кәсіпорындарының сапалы тауарлары бар. Өнімдер нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен бағада тұтынушыларға сатылуда. Жәрмеңке Алматы қаласының тұрғындары өнімдерді базар бағасынан төмен әрі балғын ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей өндірушілерден сатып алады. Аталған шара 27-28 қыркүйек күндері сағат 9:00-19:00 аралығында Алматы қаласындағы Панфилов және Қазыбек би көшелерінің қиылысы, Қазақстан-Британ техникалық университеті жанындағы саябақтың автотұрағында өтіп жатыр. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Қазақстан атом энергетикасына қажет мамандарды дайындау ісін күшейтпек. Алдағы уақытта бұл салада кадрларға сұраныс артады, деп хабарлайды Ertenmedia. Атом энергетикасы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, атом саласы ғылым мен технологияның үздік жетістіктерін қажет ететін стратегиялық бағыт. Сондықтан елге физика, инженерия, химия, материалтану және IT бағытында мықты дайындықтан өткен мамандар керек. Қазіргі уақытта Қазақстанның жетекші университеттері Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Гумилев атындағы ЕҰУ, Дәукеев атындағы АЭжБУ, Серікбаев атындағы ШҚТУ және Шәкәрім атындағы университетте атом саласына қажет мамандарды даярлау бағдарламалары бар. Сондай-ақ, Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық физика институты осы мамандардың тәжірибеден өтіп, ғылыми зерттеулермен айналысуына жағдай жасап отыр. «Елде…
Теңгенің долларға шаққандағы бағамы жыл соңына дейін 541-547 теңге аралығында тұрақтайды деп хабарлайды Ertenmedia. ВСС Invest сараптамалық департаментінің директоры Сұлтан Жұмағали ұлттық валютаның алдағы айларда күрт құнсыздануы болмайтынын айтады. Сарапшының базалық болжамына сүйенсек, теңге бағамы желтоқсан айының соңында 547 теңге шамасында сақталады. «Қазірдің өзінде доллар бағамы 540 теңгеге жетті. Жыл соңына дейін осы деңгейде тұрақтайды. Базалық сценарий бойынша, жаңа жыл қарсаңында бағам 547 теңгеден аспайды. Доллар құнының 550-560 теңгеден жоғары көтерілуі екіталай. Әрине, нарықта теріс сценарий де бар. Ол жағдайда теңге 570-ке дейін әлсіреуі мүмкін. Бірақ мұндай жағдайдың ықтималдығы аз», – деді сарапшы. Жұмағалидың айтуынша, теңгенің күрт әлсіреуіне жыл соңында…
Қазақстан экономикасында мұнайдың дәуірі аяқталып келеді. Елдің ішкі жалпы өніміне қара алтынның қосар үлесі алдағы жылдан бастап азая түседі деп хабарлайды Ertenmedia. Қазақстан Growth Forum жиынында сөз алған вице-премьер Серік Жұманғарин осы мәселеге ерекше тоқталды. Оның айтуынша, елде мұнай өндіру ең жоғары деңгейге жеткен. Алдағы жылдан бастап одан түскен табыс экономиканың негізгі көрсеткішін айтарлықтай өсіре алмайды. «Мұны жақсы жаңалық деп қабылдауға болатын шығар. Мұнайдың көлеңкесінде қалған өңдеу өнеркәсібі өткен жылы ІЖӨ-ге 12,4 пайыз үлес қосты. Мұнай өндірісінің үлесі 12 пайызға жетті. Биыл да шамамен осы деңгейде сақталады. Бірақ алдағы уақытта мұнайдың экономикадағы рөлі әлсірей береді. Осы тұрғыдан 2025 жыл ел…
Түркістан облысында халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған ең маңызды қадамдардың бірі – табиғи газбен қамтамасыз ету ісі қарқын алып келеді. Көптен бері күткен қуанышқа Арыс қаласына қарасты Саналы елді мекенінің тұрғындары да жетті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жылдар бойы отын тасып, көмірдің түтініне тұншығып келген ауыл жұрты үшін көгілдір отынның келуі – тек тұрмыстық жеңілдік емес, өмір сапасының жаңа деңгейі. Ауылға алғаш рет газ берілген сәттің куәсі болған қала әкімі Қайсар Маңқараевтың сөзі көптің көкейіндегі ойды дөп басты: мемлекет халықтың жағдайын көтеруді басты назарда ұстап отыр, ал ауылға газ келуі – соның…
